ЖАҢа білім беру жағдайындағы химия пәнінде блум таксономиясының МҮмкіндіктері. Сақпанова бибижан



Дата25.08.2017
өлшемі1,13 Mb.
#27526
ЖАҢА БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ХИМИЯ ПӘНІНДЕ БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ.
САҚПАНОВА БИБИЖАН

Абай атындағы №15 орта мектептің жоғары санатты,химия пәні мұғалімі.

Атырау қаласы

Аннотация. Мақалада қазіргі білім беру жағдайында оқушының білімін өлшеу, игерген білімнің мөлшері, оқушының игерген білімін өмірде қолдана алу және оны ары қарай өз бетінше жетілдіре алу мөлшері мәселелері жайында сөз болады.


Қазіргі кездегі қоғамның білім ордаларының алдына қойып отырған негізгі мақсаты – жан – жақты жетілген білімді жас ұрпақты тәрбиелеу. Жан – жақты білімді жеке тұлғаның логикалық ойлау қабілеті дамыған болуы керек. Бұл мейлінше қиын да, ұзақ үрдіс, өйткені бұған жету үшін алдымен ұғымдар беріліп, ол ұғымдар санамен игеріліп, жүйеленіп қалыптасуы қажет. Оқушының білімі де осылайша қалыптасады. Ол логикалық түрде ойлап, саналы, жан – жақты қабылдайтын болуы қажет. Оқушылардың білімді қабылдауын жоғарылатуда Блум таксономия әдісін пайдалану тиімді рөл атқарады.

Сапалы оқыту – әр оқушылар-ға түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жекетұлға қалыптастыру.

Таксономия – ( taxis – деген грек сөзінен шыққан, “тәртіп, орналастыру, құру...” және homos – “заң” дегенді білдіреді). “Блум таксономиясын” 1956 жылы американдық психолог Бенджамин Блум (1913-1999) ойлап тапқан.

«Ойдың өзгеруі, сезім мен бала-шағаның әрекеттері білім берудің

мақсаты болып табылады. Өзінде дұрыс және теріс жауаптары

болмайтын жеке моральдық құндылықтар мен сенімдердің пайда

болуы тәлім-тәрбиенің ақырғы нәтижесі болып табылады».

Б.Блум


Мақсаты

Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту.Міндеті

Өмір ағымына ілесе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, өзіндік “мені” қалыптасқанбәсекеге қабілетті,білікті белсенді тұлға даярлау

Блум таксономиясынан күтілетін нәтиже

Өз оқу қажеттілігін жақсы біледіТүсінбесе, еркін сұрақ қояды

Мақсат қойып, жауапкершілігі артады. Сабаққа қатысы жақсарады.

Б. Блумның таксономиясы:

Блум таксономиясы оқу әрекеттерінің қарапайымынан бастап ең күрделісіне дейін ойлау қабілетінің классификациялау әдістерін анықтайды.



Блум мен оның тобы барлық танымдық ойдың төменгі деңгейлерін қамтитын ойлаудың неғұрлым жоғары деңгейіндегі ойлау қабілетінің иерархиясын ойлап тапты.



3 төменгі деңгейПирамидасы

Деңгей

Әрекет

Білім

Мәліметтерді қайталау немесе айырып тану

Тапсырма мысалдары: тізім құру, бөлу, айту, көрсету, атау



Түсіну

Ақпараттық мәліметтердің мағынасын түсіну

Тапсырма мысалдары: сипаттау, түсіндіру, белгілерін анықтау, басқаша құрастыру



Қолдану

Ұқсас жағдайларда қолдану

- Тапсырма мысалдары: қолдану, мысал келтіру, шешу



3 жоғарғы деңгей Пирамидасы

Деңгей

Әрекет

Талдау

Құрылымы мен бөліктерін анықтау

Тапсырмалардың түрлері: талдау, тексеру, эксперимент жүргізу, ұйымдастыру, салыстыру, айырмашылықтарын айқындау



Синтез

Бөліктерді жаңадан қосу

Тапсырмалардың түрлері: құру, дизайнын ойлап табу, жасау, жоспар құру



Баға

Критерийлер негізінде маңыздылығын бағалау -Тапсырмалардың түрлері: дәлелдерді көрсету, көзқарастарды қорғау, дәлелдеу, болжау

Блум таксономиясының құндылығы:
  • Мақсаттың нақтылануында;



  • Мақсат категорияларына сай логикалық ойдың алгоритмделуінде;

  • Білім мазмұнының мақсатқа сай жіктелуінде;

  • Оқушы іс-әрекетінің мақсатқа сай дамуында;

  • Әр мақсатқа сай тапсырмалардың саралануында;

  • Мұғалім мен оқушының бірлескен қызметіндегі нақтылық пен жариялылыққа қол жеткізуінде;

  • Қойылатын бағаның соңғы нәтижені ғана емес, бүкіл процесті қамтуында.

Маған айт, мен оны ұмытамын,Маған көрсет, мүмкін есімде

сақтармын,Мені қызықтыр, мен сонда түсінемін

Шығыс нақылы

Блум таксономиасы бойынша жүргізілген сабақтың жоспары

Сабақтың тақырыбы:

II топтың негізгі топша металдарының жалпы сипаттамасы

Магний және кальций

Білімділік мақсаты: Магний және кальцийдің ХЭПЖ орны,

атом құрылысының периодтық жүйедегі орнынына бай-

ланыстылығы,қасиеттері,қолданылуы,алынуы туралы бі-

лімді қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Дәстүрлі емес оқыту әдісін қолдана отырып, оқушылардың химияға танымдық қызығушылығын арттыру.

Дамытушылық мақсаты:Блум таксономиясы тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау,салыстыру қабілеттерін дамыту.Өзін-өзі бақылау мен талдауды іске асыру.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі:

- Оқушылармен амандасу.

- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.

- Оқушыларды топқа бөлу.

- Мақсатын айту.

ІІ. Үй тапсырмасы. Алдыңғы сабақтармен байланыс. Білім.

- « Ортадағы қаламсап » стратегиясы.

- Графикалық диктант «Натрий және калий қосылыстары».

IIІ. Жаңа сабақ. « Мағынаны тану ». Есеп шығару. Түсіну.

ІV. Қолдану. Тірек сөздер – глоссарий.

V. Талдау. « Білгенің - бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз ».

« Жиксо » стратегиясы.

VІ. Жинақтау. « Кері байланыс ».

-« Ыстық орындық » стратегиясы.Тыңда.Ойлан.Жауап бер.

-Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.

-Семантикалық карта.

Үйге тапсырма.

Рефлекция кезеңі.



VIІ.Бағалау.

Бағалау парағы


р/с

Оқушылардың

аты-жөні




Семантикалық карта

Қорытынды баға

«Ортадағы қаламсап»

«Графикалық диктант»

«Жиксо»

әдісі

«Ыстық орындық»

Деңгейлік тапсырмалар







2



4



5

Есеп







1


































2


































3


































Бағалау парағы:

Сұраққа толық өзі жауап берсе, дәлелдемелер келтірсе -«5»

Сұраққа жауап берсе - «4»

Сұраққа толық емес немесе жолдасының көмегімен жауап берсе - «3

Сұраққа ешқандай жауап бермесе - «2»

ІІ.Үй тапсырмасы. Алдыңғы сабақтармен байланыс.

« Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы ». Білім.



  1. « Ортадағы қаламсап » стратегиясы

  2. Графикалық диктант «Натрий және калий қосылыстары ».

ІІІ. Жаңа сабақ. « Мағынаны тану ». Түсіну.

  1. Есеп дұрыс шешілсе, жаңа сабақтың тақырыбы шығады. Ендеше, балалар, бәріміз бірігіп тауып көрейік.

  2. « Бірлік бар жерде, тірлік бар »

  3. Мынадай айналулардың реакция теңдеулерін жазыңдар:

  4. a)Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCI2→Ca

  5. ә)Mg→MgO→MgSO4→MgCI2→Mg

  • ІV. Қолдану. Тірек сөзIIA топшасының элементтерінің валенттілік электрондарының формуалсы ns2(n=3-7), сондықтан олар қосылстарында тұрақты II валенттілік және 0, +2 тотығу дәрежелерін көрсетеді.

  • Сілтілік металдармен салыстырғанда қайнау, балқу температуралары, иондану энергияларының мәндері жоғарылау келеді, сондықтан металдық қасиеттері (тотықсыздандырғыштық) аздап төмен болады (Mg Ra қарай химиялық белсенділіктері артады).

  • Бұл топшада берилий өзгеше болып келеді, оның оксиді мен гидроксиді екідайлы; судан сутегін ығыстырмайды; гидриді ковалентті байланысты болады.Қалған металдардың гидриттеріндегі байланыстар полюсті ковалентті байланыстан иондыққа ауысады.

  • Сілтілік - жер металдарын олардың хлоридтерінің балқындыларын электролиздеп алады.

  • Кальций қосылыстары сүйектің құрамына кіреді, сондықтан, кальций жетіспегенде сүйек сынғыш келеді.

  • Магний өсімдіктерде жүретін фотосинтез үрдісін тездететін биокатализатор – хлорофилл құрамына кіреді. 

V. Талдау. “Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз”

VІ. Жинақтау. « Кері байланыс ».

« Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер ».

« Ыстық орындық » стратегиясы. Тыңда.Ойлан.Жауап бер.

Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.



VI Жинақтау. Кері байланыс: «Ыстық орындық» стратегиясы.

  • IIнегізгі топша элементтері қасиеттерінің өзгерісінде

қандай заңдылық байқалады?

  • Магний мен кальцийдің қасиеттерін салыстырыңдар.

Олардың айырмашылықтары неде?

  • Неге жеңіл және берік кальций ұшақ және кеме жасау-да қолданылмайды?

  • Магний барлық жасыл өсімдіктер үшін, неге қажет?

  • Кальций өмірлік маңызды қандай бес функцияны

орындайды?

Үйге тапсырма: § 49,50,52 оқу, түсінік айту. «Магний және кальций » тақырыбына презентация дайындап келу. Сөзжұмбақ құрастыру. Ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін пайдалану.



Рефлекция кезеңі

  • Бүгінгі сабақтың сіз үшін маңызы қандай?

« Білім ағашы »,

« Менің көзқарасым ».

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.Коджаспирова Г.М, Коджаспирова А.Ю. Педагогический словарь, 145 бет.

2. Мирсеитова С.С. Мұғалім философияның қалыптасуы және дамуы: гумманистік парадигма-Қарағанды: ЖК «Жолдак Е.В.», 2012-260б

3.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (орта) деңгей. Бірінші басылым.



www.cpm.kz 2012 жыл.

4. http://ru.wikipedia.org/wiki/

5. http://ru.wikipedia.org/wiki/

6. http://cnit.mpei.ac.ru/textbook/01_03_01_04.htm

7. http://pedagogland.ru/bloom_taxonomy.html

8. https://sites.google.com/site/tehnolproblobuch/taksonomia-bluma

9. http://www.openclass.ru/node/42873

Резюме


В этой статье по таксономии Блума рассмотрено при получении знании учащихся достигаемые цели по 6 уровням.

Авторлар жайлы мәлімет үлгісі



Аты, тегі

Сакпанова Бибижан

Ғылыми дәрежесі

Мұғалім

Жұмыс орны

Атырау №15 Абай атындағы орта мектеп

Үй телефоны

87122214866

Ұялы телефоны

87026558329

Электрондық почта

Bibizhan-1960@mail.ru

Баяндама тақырыбы:

Жаңа білім беру жағдайындағы химия пәнінде блум таксономиясының мүмкіндіктері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет