Жаңа үлгіде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері



бет1/5
Дата30.01.2022
өлшемі33,47 Kb.
#116193
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жаңа үлгіде сабақты



Жаңа үлгіде сабақты жоспарлаудың ерекшеліктері

Заман ағымына ілесіп жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу – барша ұстаз алдында тұрған негізгі мақсат. Жас ұрпаққа сапалы да, саналы білім беру, заман талабына сай оқыту үшін сабақта жаңа әдістерді қолданып, алған білімдерін қажеттілікке жарата білетін, өзіндік пікірі бар жас ұрпақты тәрбиелеу қазіргі мұғалімнің негізгі міндеті.

Республикамызда Кембридждік бағдарлама бойынша жүргізіліп жатқан деңгейлік курстардың негізгі мақсаттарының бірі де осы.

Ұзақ жылдар қалыптасып қалған дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытып келген мұғалімге жаңашыл идеяларды қабылдап, оқушыларға сындарлы білім беруде алдымен мұғалім ұстанымын өзгерту керек болады. Белгілі ғалым Пажарестің айтуынша мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің негізі.

Ал мақсатымызға жету үшін іс-әрекетімізді дұрыс жоспарлау керек. Екінші деңгей бағдарламасының тыңдаушыларға үйреткен бір саласы да осы – жоспар.

ҰМЖ- оқу бағдарламасы, пәннің мазмұны


ОМЖ- жұмыс сызбасы, Тізбектелген сабақтар
ҚМЖ-жеке сабақ

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау арасындағы өзара байланыс

Оқу бағдарламасын әдетте білім саласындағы саясатты қалыптастыратын адамдар мен мектеп әкімшілігі жоспарлайды. Бір топ адам оқу бағдарламасын сыныпта сабақ беру тәжірибесінде бағдарламаның барлық жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасына айналдырса, сол орта мерзімді жоспарлау болады. Өз кезегінде әрбір жеке мұғалім орта мерзімдік жоспарды әрбір жеке сынып үшін сабақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау үшін пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет