ауру – астан,
дау – қарындастан
» деген аталы сөз бекер
айтылмаған.
82
Дұрыс тамақтанбау немесе зиянды тағамдар-
ды тұтынудың адамның тәніне зиян кел-
тіретіні секілді, адамның әрбір естіген ақпа-
раты, көрген көріністері, оқыған мәліметтері
оның жан дүниесіне, рухына, ақыл-ойына өз
әсерін тигізбей қоймайды. Дәлірек айтқан-
да, күнделікті өмірде бізбен кездескен әрбір
адам, оқыған кітабымыз, газет-журнал, әлеу-
меттік желідегі толассыз ақпараттар, теледи-
дар бағдарламалары мен түрлі бейнеролик-
тер, тіпті еріксіз көзіміз шалған жарнамаға
дейін біздің санамызға өз ізін қалдырады.
Үздіксіз тама берсе тамшы да көлге айнала-
тыны секілді, күнделікті өмірден жинаған аз-
ды-көпті тәжірибелер адамның болмысына
әсер етіп, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал
етеді.
Қорыта келе, жан азығы мен тән азығы қа-
тар алынған жағдайда ғана адам шынайы
бақытқа жете алады. Екеуіне де ерекше мән
беріп, жіті бақылауға алу – нағыз ақылды
кісінің ісі. Себебі тек тән азығымен шектелу
жайында Абай былай дейді: «Қарны тоқтық,
уайымы жоқтық аздырар адам баласын». Қар-
нының ғана қамын ойлап, басқа мақсат-мұра-
ты болмаған адам рухани азғындыққа ұшы-
райды, ғылым мен білімнен алшақтай түсуі
де бек мүмкін. Уақыт өте түрлі жаман әдет-
тердің бойына жиналып, жүзінен нұр, жүрегі-
83
нен иман таю ықтималы да жоқ емес. Алайда
тек білім-ғылыммен шұғылданып, денсау-
лығынан айырылу да құп көрерлік жайт емес
екені мәлім. Сондықтан таразының басын тең
ұстаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |