ЖаңА Өмірге мотивация алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет23/39
Дата08.02.2022
өлшемі7,95 Mb.
#119673
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39
Байланысты:
Жаңа өмірге мотивация

ҚАРЖЫ САУАТТЫЛЫҒЫ 
Судың да сұрауы бар. 
Халық даналығы
Сауда – тіршіліктің ажырамас бөлігі. Сауда-
сыз адам баласының өмірін елестету қиын. 
Адамның жарық дүниеге шыр етіп келген 
сәтінен бастап жан тәсілім еткенге дейін-
гі аралықтағы қажеттіліктері шексіз. Бүкіл 
қажеттіліктерін өз күші мен еңбегімен табу 
оңай емес. Сондықтан қолындағы барды қо-
лында жоқ мұқтаждығына айырбастайды. 
Немесе соған тең келетін құн төлейді. Бірақ 
адам ұнатқан, қалаған нәрселерінің бәрі қа-
жеттілікке жата ма деген сұрақ туындайды. 
Сондықтан ғалымдар қажеттіліктерді үш ка-
тегорияға бөліп қарастырған. Олар:
1. Адам өмірінің жалғасуы үшін керек қажет-
тіліктер. Оған тамақ, киім-кешек және баспа-
на сияқты қажеттіліктер жатады. Ішетін су, 
жейтін азық болмаса, адам өмірі жалғаспай-
ды. Басқаша айтқанда, «ең зәру» қажеттілік-
тер.
2. Адам өмірінің жалғасуына пайдасын ти-


90
гізетін қажеттіліктер. Бұл топтағы қажет-
тіліксіз адам өмірі жалғасқанымен, оған біраз 
қиындықтар әкеледі. Мысалы, түрлі транс-
порт пен көліктер осы категорияға жатады. 
Қоғамдық немесе жеке көліктер болмаса, 
адам өмірі тоқтап қалмайды. Алайда адамды 
айтарлықтай әбігерге салады. Сондықтан бұл 
категорияны «пайдалы қажеттіліктер» немесе 
«премиум қажеттіліктер» деп атасақ қате бол-
мас деп ойлаймыз. 
3. Адам өмірін жақсартушы, ләззатқа бөле-
уші нәрселер. Осы категориядағы қажеттілік-
тер болмаса да адам өмірі жалғасады және 
қиындық туындамайды. Мысалы, қымбат 
көлік, зәулім сарай, шетелде демалу дегендер 
осы топқа кіреді. Бұл категорияны көпшілікке 
түсінікті болу үшін «люкс қажеттіліктер» деп 
атасақ болар. 
Жоғарыда көрсетілгендей, адам өмірінде қа-
жеттіліктер саны көп болғанымен, оларды 
осындай категорияларға бөліп қарастыруға 
болады. Бұл категорияларды өмірдің түрлі 
салаларында қолдануға болады. Мысалы, та-
мақтану саласын қарастырайық. Бірінші зәру 
қажеттіліктер категориясына ұн, күріш, май 
сындыларын жатқызуға болады. Ал екіншісі-
не көкеніс, жеміс-жидектерді жатқыза ала-
мыз. Ал үшіншісіне кәмпит, торт сындыла-
рын жатқызамыз. 


91
Қаржылық тұрғыдан сауаты бар адамдар, қо-
лындағы ақшасын алдымен бірінші деңгейдегі 
қажеттіліктерге, одан кейін екінші дәрежедегі 
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, бұлардан 
асса ғана үшінші деңгейдегісіне өтуге бола-
ды. Өмірге енді аяқ басқан студенттер арасын-
да бұл қажеттіліктердің орнын алмастырып, 
шатастырып алып жататын жағдайлар жиі 
болады. Мысалы, шәкіртақысы түскен кезде, 
оны лезде көңіл көтеруге, ойын-сауыққа жұм-
сап жатады. Кейін келесі шәкіртақы түскенге 
дейін қарны шұрқырап ашып, тамағына ақша 
жеткізе алмай жүреді. Немесе ата-анасы жі-
берген ақшаға қымбат смартфон алып, басты 
миссиясы болған оқуына керек құралдарға 
жарымай жүреді. Кітап-дәптер алуға, қажетті 
ақпараттарды басып шығаруға, тіпті көшірме 
жасауға қалтасы көтермейтіндер де кезде-
седі. Қаржылай сауаттылық пен оны дұрыс 
үнемдеп, дұрыс жұмсауды білмегендіктен, 
адамдар кейде осындай жағдайларға кезігіп 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет