«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы жұмысының
жылдық есебі.
«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және Білім» кіші бағдарламасының «Туған жер» жобасы негізінде өңірлік жер-су атауларына байланысты мектеп-лицейінде 7 шаңырақ оқушылары қауымдастығы құрылды. 2018 - 2019 оқу жылында 7 шаңырақ аптаның әр күнінде «IT day», «Қазақтың 100 әні», «Дара тұлға», «Қазақтың 100 кітабы» жобасы аясында «Reading time» сияқты жобалармен жұмыс атқарды.
Шаңырақтар
|
Сыныптар
|
Қоғамдық іс – шаралар
|
«Zeren»
|
5 «Г», 10 «А», 11
|
Ұстаздар күні , Жаңа жылғы маскарад
|
«Жұмбақтас»
|
7 «А», 7 «В», 9 «А»
|
Халықаралық әйелдер күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
|
«Turan»
|
5 «А», 5 «Ә», 10 «Ә»
|
Түлектер күні
|
«Бурабай»
|
5 «Б», 6 «Б», 9 «Ә»
|
Отан қорғаушылар күні , Жеңіс күні
|
«Оқжетпес»
|
6 «В», 8 «Ә», 8 «Б»
|
1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні, Наурыз мейрамы
|
«Көкшетау»
|
7 «Ә», 7 «Б», 5 «В»
|
Қазақстан халқының бірлігі күні
|
«Жеке Батыр»
|
6 «А», 6 «Ә», 8 «А»
|
Алғыс айту күні
|
Дүйсенбі
08:55-09:00
|
Сейсенбі
15:00-15:20
|
Сәрсенбі
15:00-15:20
|
Бейсенбі
15.00-15:20
|
Жұма
15:00-15:20
|
Жалпы мектеп-лицейішілік сап түзеу
|
IT day
|
«Қазақтың 100 әні»
|
«Дара тұлға»
|
«Reading time»
|
«Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
Осындай өз-өзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында Көкшетау қаласы білім бөлімінің ІТ мектеп-лицейінде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды. «Шаңырақ» ұғымы қазақ үшін қашанда киелі. Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағынаны да білдіреді. Шаңырақ – бірліктің, ынтымақ пен берекенің символы іспеттес.
«Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы – жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық,сенім,қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Оқушылар қауымдастығының мақсаты - бірыңғай топтар құру арқылы оқушыларды ауызбірлікке, біртұтастыққа бейімдеу, жоғары сынып пен төменгі сынып оқушылары арасында бауырмалдық, қамқорлық қарым-қатынас қалыптастыру болып табылады. Мектеп-лицейінде жеті шаңырақ құрылып, әр шаңырақ үш сыныптан тұратын болды. Шаңырақтарға кураторлар жетекшілік етеді. Оқу жылының басында Шаңырақтардың презентациясы, өздерін таныстыру шарасы өтті, Онда әр шаңырақ өздерінің атауымен, эмблемасымен, ұранымен таныстырды.
«Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы әр аптаның сәрсенбі күні «Бір әннің тарихы», бейсенбі күні «Дара тұлға», жұма күні Reading time, Көп оқып, көп білуге ұмтыл жобаларын қолға алып, жүзеге асырды. Бір әннің тарихы жобасының тұсау кесерін «Көкшетау» шаңырағы Ақан серінің «Балқидаша» әнінің шығу тарихымен ашып, «Оқжетпес» шаңырағы Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Тұран» шаңырағы Шәмшінің «Ана туралы жыр», «Жеке батыр» шаңырағы Қадыр Мырзалының «Қазақтарды шет елдік қонақтарға таныстыру», 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі аясында «Бурабай» шаңырағы «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихымен таныстырып жалғастырды. Үшінші тоқсанда «Жұмбақтас» шаңырағы Нұрғиса Тілендиевтің тамаша әні «Құстар қайтып барады» әнінің, «Зерен» шаңырағы Мұқағали Мақатаевтың «Есіңе мені алғайсың» әнінің, «Көкшетау» шаңырағы Т. Рахимовтың» «Алтайдың ар жағынан келген ару» әнінің, Ұлы Отан Соғысы жеңіс Күніне орай «Жеке батыр» шаңырағы Ж.Сейловтың «Ана туралы баллада» әнінің шығу тарихымен таныстырды. Бір әннің тарихы» жобалары оқушылар мен мұғалімдердің қазақ әндерін білуін және орындалуын қарастырады.Бұл жобада оқушылар әнді орындап қана қоймай, сол әннің тарихын баяндап, қойылымдар арқылы көрсетіп те береді. «Дара тұлға» жобасында оқушылар өз жеріміздің, Көкшетау, Ақмола аумағындағы белгілі аты шыққан қоғам және өнер қайраткерлерінің өмірбаяны мен шығармашылығы және еңбек жолдары жайлы баяндап береді. Не болмаса көзі тірі тұлғаларды кездесу кештеріне қонаққа да шақырып, балалармен етене танысуға мүмкіндіктер ашады. Бұл жобада балалар енді аты шығып келе жатқан жаңа есімдермен де таныса алады. «Дара тұлға» жобасын «Жұмбақтас» шаңырағы Көкшетау қаласының құрметті азаматы, ақын, жазушы, драматург Төлеген Қыжыбаевтың шығармышылық жолымен таныстырумен бастады. «Бурабай» шаңырағы балаларға арналған ертігелер кітаптарының авторы Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызының шығармашылығына тоқталып, ертегіден үзінділер қойды. «Зерен» шаңырағы елімізге енді танылып аты шығып келе жетқан дарынды жас ақын Мерген Тоқсанбаймен кездесу кешін өткізіп, жас ақынның өлеңдері оқылып, ақынмен сұхбат жүргізілді. Мерген Тоқсанбай мектеп-лицейінің әнұранының сөзін жазып беруге балаларға уәде етті. «Дара тұлға» жобасында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай «Тұран» шаңырағы Ауған-Тәжік Соғысының ардагері, отставкадағы полиция капитаны, ерлігі үшін ордендер мен медальдардың иегері Журунтев Ербол Қайноллаұлымен кездесу кешін өткізді. Кеш барысында сол сұрапыл соғыс жылдары туралы өлеңдер оқылып, әндер орындалды және балалар ауған жерінде тұтқында болған қазақ боздақтары туралы қойылым қойды. Ербол Қайноллаұлы соғыс кезінде бастан кешкендері мен ерлік істері жайлы жайлы әңгімелеп берді. Дара тұлға аясында «Жұмбақтас» шаңырағы Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығымен балаларды таныстырды.
«Оқжетпес» шаңырағы 7 мамыр Отан қорғаушылар Күніне орай «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты Тәжік – Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Кездесуге Көкшетау қалалық Тәжік - Ауған соғысы ардагерлер Одағының төрағасы Бакиров Қайдар мен ардагер жауынгер Нуркасимов Талғат қатысты. Кеш барысында балалар театрландырылған қойылым арқылы және өлеңдер мен әндер орындау арқылы зұлмат соғыс жайлы баяндаса, кеш қонақтары соғыс ардагерлері өздерінің соғыс жылдары бастан кешкендері мен ерліктері жайлы әңгімелеп берді. Жыл бойы әр аптаның жұма күні Reading time, Көп оқып, көп білуге ұмтыл жобасы жүзеге асып келді. Жұма күні сағат 15.00-ден 15.20 аралығында мектеп-лицей оқушылары, ұстаздары мен қызметкерлері жаппай кітап оқуды қолға алды. Бұл жобада кейбірі жеке өзі кітап оқыса, көбіне шаңырақ оқушылары бір шығарманы оқып, талқылап отырды. Мысалы Мұқтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесін, Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» кітабы, Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» поэмасы, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» кітабы, Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» және де мектеп кітапханашылар тарапынан С.Д.Бойн «Мальчик в полосатой пижаме», М.Бреннан «Естественная история драконов» атты кітаптары оқырманға ұсынылды.
Сонымен қатар Еліміздің мемлекет деңгейінде аталып өтілетін мерекелік іс-шараларды өткізу жауапкершілігі де шаңырақтарға жүктеліп, «Мұғалімдер Күні» мерекесін «Зерен» шаңырағы, «Тұңғыш Президент Күні» мерекесіне арналған концертті «Оқжетпес» шаңырағы, «Тәуелсіздік Күні» мерекесіне арналған іс-шараны және «Тәуелсіздік – тірлігімнің айғағы» дөңгелек үстелді «Жұмбақтас» шаңырағы ұйымдастырып өткізді. Жаңа жылдық шырша ертеңгіліктерін «Зерен» шаңырағы өткізді. 1 наурыз алғыс айту Күніне орай «Жеке батыр» шаңырағы «Жүректен –жүрекке атты» мерекелік концерт ұйымдастырды. «Тұран» шаңырағы «ІТ аруы – 2019» атты байқауды ұйымдастырып өткізді. Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесін тойлауға барлық шаңырақтар белсенді түрде атсалысып мереке жоғары деңгейде тойланды. Көкшетау қаласы білім бөлімі мекемелері арасында Жастар жылына арналған «Ақмола жұлдыздары -2019» көркемөнерпаздар байқауына барлық шаңырақтардың балалары белсенді түрде қатысып, ІТ мектеп-лицейінің ұжымы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Шаңырақтарда «Ұлы даланың жеті қыры», «Алғыс айту – ризашылық», «Алғыста шек болмайды», «Кешегі күн – бүгінгі тарих», «Тіршілік тірегі – Ана», Әдеп әлемі»,«Әдепті бала-арлы бала» , «Жер кіндігі – Байқоңыр», «12 сәуір – Ғарышкерлер күні», «Бірлігі жарасқан – көпұлтты Қазақстан», «7 мамыр – Отан қорғаушы күн», «9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 74 жыл», «Ер есімі ел есінде» атты тәрбие сағаттары өтті. «Парктер шеруі – 2019» акциясы аясында «Көкшетау» шаңырағы «Табиғат – адамзатқа аманат» атты ашық тәрбие сағатымен қалалық байқауға қатысып, педагог ұйымдастырушы Сыздыкова Бақтыгүл Сматовна ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. «Зерен» шаңырағының оқушылары «Әулет» МТЖО өткен «Қысқы каникулды тиімді ұйымдастыру» атты іс-шараға қатысып, «Алғырлар» номинациясы бойынша бойынша «Зерен» шаңырағының оқушылары 1 орынды, «Восходящие звезды» номинациясы бойынша «Оқжетпес» шаңырағының оқушылары 1 орынды иеленді. «Көкшетау» шаңырағының оқушылары «Әулет» МТЖО өткен «Тіл парасаты» іскерлік ойынына қатысып командалық 1 орынға ие болды. «Достар» мәдениет үйінде өткен қалалық «Егіздер - 2019» сайысында «Зерен» шаңырағының оқушылары Темірлан, Алихан Смағұловтар 2 орынды иеленіп, «Жеке батыр» шаңырағының оқушылары Мағжан, Махаббат Телпекбаевтар белсенді қатысқаны үшін сертификатқа ие болды. Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық кітапханасында өткен шығармалар байқауында «Зерен» шаңырағының оқушысы Рахметтолла Аққу «Менің алғашқы кітабым» атты шығармасымен ІІІ орын алды. «Мейірімділік мекені» республикалық акциясы аясында «Мейірімділік – асыл қасиет» концерттік бағдарламамен «Жеке батыр» шаңырағы Аналар үйіне, «Оқжетпес» шаңырағы «Мейірім» орталығына, «Зерен» шаңырағы «Үміт Шаңырақ» қарттар мен мүгедектерге арналған орталыққа барып қайтты. Ақмола облыстық ішкі істер департаментінде өткен «Ашық есік» іс-шарасына «Жеке батыр» шаңырағының оқушылары қатысып, ішкі істер органдарының жұмысмен танысып қайтты. Шаңырақтардың жоғары сынып оқушылары Ш. Құсайнов атындағы қазақ драма театрында қойылған Жабал Ерғалиевтың «Жан шырылы» спектаклін, орта буын оқушылары Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филормониясының «Ұлы дала жастары» атты танымдық концерттік бағдарламасын тамашалап қайтты.
Жазғы каникул кезінде «Екі апта ауылда» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылады.
- Психологиялық қызметті талдау.
2018-2019 оқу жылының жылдық жоспарға сәйкес келесідегі іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалды:
8-10 сынып оқушылар аралығында «жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сауалнама өткізілді. Қорытынды нәтижесі талданып тәуекел қатарына енген оқушымен психологиялық жұмыстар жүргізілді.
1. «Жасөспірімдер арасында денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын-алу» бағдарламасы бойынша ата-аналар жиналысы жүргізілді. Жиналысқа барлық ата-аналар толығымен қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |