11. 5-11 сынып оқушыларымен «Алғыс жүректен шығады» тақырыбында тренинг жүргізілді.
12. 5,6,7-сынып қыздарымен «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында жиналыс өткізілді.
13. 8-10 сынып оқушылар арасында мектеп медбекесімен Есмагулова У.Т. және мектеп педагог-психологымен «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсау» тақырыбында жиналыс жүргізілді.
14. 10 «А» сынып оқушыларымен «Достық қарым-қатынас» тақырыбында психологиялық тренинг сабақтары өткізілді.
15. 5 – сынып оқушылар аралығында «мектепке бейімделу деңгейін» анықтау; «мектеп мазасыздығын анықтау»; «пәнге деген қарым-қатынасын» анықтауға арналған психологиялық әдістемелер өткізілді. Оқушылардың сенімділігін, белсенділігін арттыру, қарым-қатынас шеберлігін нығайтуға байланысты ойындар мен жаттығулар жүргізілді. Барлық оқушылар белсене қатысып өздерін жан-жақты көрсете білді.
16. 11- сынып оқушыларымен «Жеке адамның типін анықтауға байланысты» Голланд әдістемесі; «Мазасыздық деңгейін анықтау» Ю.Л.Халинің және Филипстің психологиялық тест; «Қызығушылық картасы»; «Бұлшық ет релаксациясы» жаттығуы өткізілді. Психологиялық тестің қортынды нәтижесі талданып шығарылды.
17. 9 – сынып оқушыларымен «Жеке адамның типін анықтауға байланысты» Голланд әдістемесі; «Көңіл-күйді көтерейік» жаттығу; «Өз-өзімізді сендіруді үйренеміз» жаттығуы өткізілді. Психологиялық тестің қортынды нәтижесі талданып шығарылды.
18. 5-10 сыныптарымен оқушылардың әлеуметтік ортасы. Сыныптағы, жанұядағы қарым-қатынастарын, мектепке көзқарастарын анықтауға байланысты В.Ф.Ряховскийдің «қарым-қатынас компетенттілігін анықтауға арналған» психологиялық тест әдістемесі өткізілді.
19. 5-10 сыныптар аралығында жеке диогностика «үй, адам, ағаш», «өзін сезінуі, белсенділік, көңіл-күй» әдістемесі және мектепке бейімделу қабілетін арттыруға байланысты тренингтер мен жаттығулар өткізілді.