Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының тұжырымдамасы


Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (2-11 (12) сыныптардағы оқу форматына қарамастан, оқу жылы бойына)



бет10/14
Дата07.02.2022
өлшемі264,07 Kb.
#93112
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ата аналар жиналысы №1 20-21 оқу жылы

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау (2-11 (12) сыныптардағы оқу форматына қарамастан, оқу жылы бойына)

  • Аталған сайтта видео сабақтар, тапсырмалар, педагогтардың материалға қатысты сұрақтарға жауаптары бар.
  • Электрондық журналдар болмаған жағдайда, қағаз журналда жүргізіледі.
  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде 2020-2021 оқу жылындағы 2-11 сыныптарында бағалау Қағидасына өзгерістер енгізілді.
  • «Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді.
  • БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 5-15 қазан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың 28 қазаннан бастап өткізу ұсынылады.
  • БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар
  • 1-сыныпты бағалау жүргізілмейді.
  • Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс. Пікір қалдыру үшін мұғалімдер электронды журналдың айдарларын қолданады.
  • Қажет болған жағдайда Бағалау ережелерін әзірлеуші Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандарынан nao.kz сайтындағы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы толық ақпарат алуға болады.
  • Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ – 25%, ФБ - 25%, ТЖБ – 50 %.
  • «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін» оқу пәндері бойынша жиынтық бағалауды өткізбейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет