«Жаңа тарих» ұғымының қалыптасуы



бет1/3
Дата31.01.2022
өлшемі32,61 Kb.
#116660
  1   2   3
Байланысты:
Дарис 1 ЕАЖЗТ



Дәріс 1
Такырыбы: Жаңа заманның басталуы


  1. «Жаңа тарих» ұғымының қалыптасуы




  1. XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысында мануфактуралық капиталистік даму.


«Жаңа тарих» ұғымы еуропалық тарихта тіпті Қайта өркендеу дəуірінде озық ойшылдардың тарихты құрамдас бөлік ретінде ежелгі, орта жəне жаңа деп «үшмүшелікке» бөлуді ұсынуынан пайда болған. Жаңа тарихтың басталуын олар Қайта өркендеу дəуіріндегі (Ренессанс) ақсүйектік ғылым мен мəдениеттің гүлденуімен ұштастырады. Кейінгі тарихнамада қабылданған бұл ұғым тарихи ғылымда беки түсіп, бүгінгі күні де кең қолданыста. Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша жаңа тарих дəуірі 1640 жылдан бастау алады, яғни ағылшын буржуазиялық революциясының басталуы жаңа қоғамдық-экономикалық құрылыстың Англияда ғана емес, сонымен бірге басқа да елдерде дамуына түрткі болды.

Жаңа тарих екі кезеңге: 1640-1870 жылдар – индустриалды қоғамның қалыптасуы мен нығаю кезеңі жəне 1870-1918 жылдар – алпауытты капитализмнің пайда болу кезеңі деп бөлетін тұжырымдаманы оқу құралының авторлары да ұстанды. Мұндай кезеңге бөлушілікті пайдалану сонымен бірге халықаралық қатынастар жүйесінің қалыптасуымен дəйектеледі.

Ұсынылып отырған оқу құралы жаңа тарихтың бірінші кезеңін қамтығандықтан халықаралық қатынастар жүйесінің вестфальдік жəне веналық кезеңдерін қарастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет