«Жаңа тарих» ұғымының қалыптасуы


XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысында мануфактуралық капиталистік даму



бет3/3
Дата31.01.2022
өлшемі32,61 Kb.
#116660
1   2   3
Байланысты:
Дарис 1 ЕАЖЗТ

XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысында мануфактуралық капиталистік даму.

XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысында мануфактуралық капитализмге тəн сауданың өндірістен, сауда капиталының өнеркəсіптен басым болуы сақталды, алайда өндіріс, ең алдымен өнеркəсіп қоғамдық өрлеудің негізін қалады: «... шындығында мануфактуралық кезеңде сауда үстемдігі өнеркəсіптік басымдылықты қамтамасыз етті». Сауда капиталының басымдылығы ұсақ пайдакүнемдік (меркантилизм) ілімі мен тəжірибесінде көрініс табады. XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысындағы капитализмнің даму үдерісі жағдайында терең əлеуметтік өзгерістер орын алды.

Бұл кезеңдегі негізгі қаналушы тапты феодалдық-тəуелді шарулар, оның ішінде басыбайлы шаруалары құрады. Жаңа Əлемдегі отарлық плантациялық шаруашылық жүйесінде құлдардың саны ұдайы өсуде болды. Дегенмен өнеркəсіптегі жəне ауыл шаруашылығындағы капиталистік құрылыстың бекуімен қатар жалдамалы еңбек жүйесі де кеңи түсіп, жұмысшы табының қалыптасу үдерісі жеделдетілді. XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысындағы кең өріс ала бастаған капиталистік қатынастарда жəне «алғашқы қорлану» жағдайында сандық басымдылықта болған ұсақ тауар өндірушілер мен жеке меншік иелері əлеуметтік-экономикалық құрылымның төменгі қатарындағы жұмысшы табынан бір саты жоғары тұрды. Бірте-бірте жəне баяу болса да жіктелу үрдісі тоқтамады.

Жұмысшы табының қалыптасуымен қатар жаңа қоғаммен пайда болған келесі негізгі тап – буржуазия да қалыптасты. Өнеркəсіптегі буржуазия – мануфактура мен тікелей өндіріспен айналысатын басқа да кəсіпорындардың иелері, экономикалық тұрғыдан əлдеқайда болашағы зор жəне алдыңғы қатарында тұрды. Экономикалық байланыстың əрі қарай дамуы барысында, ішкі нарықтың пайда болуына орай бірқатар елдерде XVII-XVIII ғасырдың екінші жартысында да ұлттың қалыптасу үдерісі жалғаса түсті.

Батыс Еуропа елдері үшін біртекті мемлекеттердің (Англия, Франция жəне т.б.) болуы тəн еді. Саяси бытыраңқылықтағы Германия мен Италиядағы мемлекеттік бірліктің болмауы ұлттың қалыптасуын біршама баяулатты.

XVIII ғасырдағы Еуропаның экономикалық дамуының ерекшелігі оның екі жақ полюсінде өнеркəсіптің əлдеқайда жедел дамуында байқалды - қиыр Батыстағы, ертебуржуазиялық Англия мен Голландия мемлекеттерінде, сонымен бірге буржуазиялық құрылысы дамып қойған Францияда, екінші жағынан – қиыр Шығыста, Ресейде, онда феодалдық құрылыстың үстемдігіне қарамастан басыбайлы мануфактура жедел даму үстінде болды.

Англия өнеркəсіптік қатынаста əлдеқайда дамыған Еуропалық ел еді. Голландиямен экономикалық жарысындағы Англияның жеңісі ағылшындық өнеркəсіптік капитализмнің голландық сауда капитализмінен, капиталистік үй өнеркəібінің - оның бəсекелесі қалалық мануфактурадан басым болғандығының айғағы. Арзанқол жұмысшы күшін пайдаланатын Англиядағы ауылдық шашыраңқы мануфактура əлдеқайда бəсекелестікке қабілетті болды.

Отын-энергетикалық базасының қажетті деңгейде дамымауының нəтижесінде Голландия металлургия бойынша Англиядан артта қалды. XVIII ғасырдың ортасында Англия мануфактураның шоғырлану жəне мамандандырылу үдерісі бойынша ерекше даму үстінде болды. Еуропаның бірде бір елі онымен өнеркəсіптік өндіріс саласының əртүрлілігіне қатысты бəсекелесе алмайтын. Пруссия, Саксония, Төменгі Рейін аудандары мен Чехияны есептемегенде, жалпы Орталық Еуропада баяу даму екпіні сақталынды. Осман империясының құрамына кірген Оңтүстік Шығыс Еуропада, сонымен бірге Польшада жалпы экономикалық тоқырау жағдайында өрлеудің кейбір қырларын айқындау өте əлсіз еді.

XVIII ғасырдың басында Еуропадағы мануфактуралық өндіріс өз дамуының соңғы сатысына, тікелей өнеркəсіптік төңкеріспен аяқталатын кезеңге өтті. Бұл жағдай ең алдымен Англия мен Францияға қатысты болған. XVIII ғасыр бойы жаппай мануфактуралық пролетариаттың қалыптасу үдерісі жүрді. Əр елде бұл үдеріс əрқилы сатыда өткен еді. Шаруаның ауылдық мануфактура жұмысшысына айналуы жалпы еуропалық құрылықтың дамуының маңызды қадамын білдірді. XVIII ғасырдың ортасында мануфактура Англияда ғана ұлттық көлемде кемеліне жетіп, осы орайда оның техникалық базисі өзі құрған өндірістік мүмкіндіктер мен ішкі жəне сыртқы нарықтың қажеттілігімен қарама-қайшылыққа келді. Сол ретте тек Англияда ғана өнеркəсіптік төңкерістің басталуы үшін экономикалық жəне əлеуметтік алғышарттар пайда болды. Өнеркəсіптік төңкеріс – қол еңбекті мануфактураның машиналарды пайдалануға негізделген фабрика мен зауыттарға өтуі. Бұл жалпыəлемдік құбылыс, тек ол əр елде əртүрлі уақытта өтті. Англия оның отанына айналды.

Мануфактураның жетілуі өздігінен өнеркəсіптік төңкеріске əкеле

алмайды. Өнеркəсіптік төңкерістің басталуы үшін қажетті жағдайдың пісіп жетілуі мануфактураның басым болуымен айқындалмайды, ол оның ішкі жəне сыртқы ортасының сипатымен, яғни мануфактура капиталистік экономиканың бір бөлігі болып табыла ма немесе феодалдық елдің шеңберіндегі капиталистік құрылыстың тек бөлігі ме, сонымен айқындалады. Буржуазиялық ел көлемінде белгілі бір сатыдағы дамуда мануфактураның техникалық тұғырының тарлығы сезілсе, ал феодалдық елде – феодалдық қатынастарды сақтау мақсатындағы капиталистік кəсіпкерліктегі əртүрлі шектеуліктердің нəтижесінде ішкі нарықтың

тарлығы байқала басталды.

Онсегізінші ғасыр сауда ғасыры болған еді. Басында ішкі нарыққа бағытталған мануфактураға қарағанда XVIII ғасырдың алғашқы үштен екісінде сыртқы сауда əлдеқайда тез дамыды.

Капиталдың саудада шоғырлануы, əдеттегідей өнеркəсіптегі шоғырланудан асып түсетін. Еуропалықтардың Азия елдерімен саудасы кірістен шығыстың басымдылығына əкелетін. Ұзақ уақыт бойы онда шығыстық қолөнерінің бұйымдары, темекі, шəй, кофе, татымдылықтар басым болды. Америкамен болған саудада оларға ең алдымен құлдыққа айналған африкалықтарды тасымалдау кең етек алды.

Бəсекелес елдер арасындағы күрестің негізгі түрі – сауда соғыстары, əрине олар тек саудадағы мүдделер үшін ғана болған жоқ, сондай-ақ көп жағдайда оның дамуы мен саудадан түсетін табыс есебінен қаржыландырылуын дамытуға мүмкіндік туғызды.

XVIII ғасырда Еуропа əлі де басым деңгейде аграрлы құрлық болып қала берді. Ауылшаруашылығының дамуы, тиімділігінң артуы, бұрынғыша қоғамның қалыпты өмір сүруі үшін қажеттілік еді. Еуропаның əртүрлі аймағы тарихи тұрғыдан қалыптасқан ауылшаруашылығының əрқилылығымен бір-біріне ұқсамайтын. Батыс Еуропаның көптеген елдері үшін XVIII ғасыр ауылшаруашылығындағы мүлдем жаңа құбылыстарға толы ғасыр болды.

Еуропалық елдер үшін капиталды қорландыруда олардың отарлық иеліктері үлкен мəнге ие болды. XVI-XVII ғасырлардағы дəуір Еуропа үшін ғана емес, Ресей үшін де түбірлі өзгерістер əкелді.

Мұнда бірыңғай мемлекеттің қалыптасу үдерісі аяқталып, көпұлтты орталықтандырылған мемлекет ретіндегі оның жаңа түрі белгіленді. Мемлекеттік басыбайлы құқық жүйесі құрылды. Сонымен бірге Ресейде шаруашылықтың заттай түрінің ыдырау үрдісі күшейіп, бірыңғай бүкілресейлік нарықтың қалыптасуы басталады.

Мемлекет өз аумағын кеңейтіп, жағрапиялық ашуларға белсенді араласуының нəтижесінде енді жалпыеуропалық саясат пен сауда кеңістігіне кеңінен тартыла түседі. XVII ғасырда Ресейдің өндіргіш күштері жалпы толығымен бірте-бірте даму үстінде болды. Ресейде өнеркəсіптік кəсіпорындарын құру үшін жеңілдік жағдайында шетелдік капитал тартылады. Біртіндеп қоғамдық еңбек бөлісі үдерісі кең етек алады. Ресейде капиталдың алғашқы қорлануы басталады, алайда оның Англиядан айырмашылығы феодалдық түрде өтуінде, яғни байлық ірі жериеленушілердің қолына шоғырланады. Ресейлік нарық əлемдік нарық жүйесіне, əлемдік экономикалық байланысқа қосылады. Дегенмен өнеркəсіптік төңкеріс техникалық-экономикалық мəнімен қатар кең көлемдегі əлеуметтік мəнге де ие болды. Өнеркəсіптік төңкеріс барысында фабрикалар əртүрлі еңбекші халықты – жалдамалы жұмысшыларды, қаналған жəне күйзелген дербес еңбекшілерді өзіне жұмылдырды. Мұнда, фабрикаларда, олар орталықтандырылған өндірістің негізінде бірікті жəне бірдей жағдайға тап болды: басқадай барлық жан бағу құралынан айырылды (кезінде мануфактуралық жұмысшылардың көбінде болған жер телімінен,

еңбек құралынан, қосымша шаруашылығынан), олар енді өзінің жұмыс күшін сатумен күнелтті. Фабрикалық жүйе жағдайында жұмысшылар алғаш рет барлығы тұрақты тап құрды.

Капиталистік өндірістік қатынастардың өзі төңкеріс барысында қарама- қайшылыққа тірелді: өндіріс үдерісі кезінде машиналар қатынасты еңбек пен капитал арасындағы ашық қарама-қайшылыққа жеткізді. Бұл мануфактура кезінде болмаған еді.

Еңбек пен капитал арасындағы алшақтық ұлғайғаны соншалықты, бір жағында – қожайын, капиталист, екінші жағында жүздеген жəне мыңдаған жұмысшылар қалды. Өнеркəсіптік төңкеріс əлеуметтік негізде жұмысшы табының ғана емес, сондай-ақ өнеркəсіптік буржуазияның да қалыптасуын білдірді. Мануфактура иесінің, алып-сатардың, үйінде істеушіні қанаушының орнын фабрикант басты. Өнеркəсіптік буржуазия саны жағынан өсе түсіп, төңкеріс барысында алғаш рет ел тарихында тап ретінде əйгілі болды.

Өнеркəсіптік төңкеріс қол еңбегіне негізделіп, тамырын кеңінен жайған ескі қоғамдық қатынасты түбірімен өзгертуді білдірді. Өнеркəсіптік төңкеріс барысында елдің бүкіл əлеуметтік-экономикалық келбеті ауысты. Ірі орталықтар жəне тұтастай фабрикалық өндіріс аудандары пайда болды.

Өнеркəсіптік төңкеріс өнеркəсіпті ауылшаруашылығынан түбегейлі бөліп, сол негізде ішкі нарықтың қалыптасуын аяқтады. Байланыс құралдары жетілдірілді. Өнеркəсіптік төңкерістің маңызды нəтижелерінің бірі фабрика- зауыттық жұмысшылардың таптық күресінің негізінде пролетарлық бұқара қозғалысының шығуы.

Өнеркəсіптік төңкеріс, бұл ғасырға таяу уақытқа созылған ауқымды қоғамдық-техникалық үдеріс, еуропалық елдердің дамыған, фабрикалық капитализм сатысына енгендігін білдірді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР:
1.История Европы. Т. 4. – М., 1994

2.Конституции и законодательные акты буржуазных государств XVII-XIX вв. Англ ия, США, Франция, Италия, Германия. Сборник документов / Под ред. П.Н. Галанзы. - Москва, 1957.



3.Сборник документов по истории нового времени стран Европы и Америки (1640-1870)/ Составитель Е.Е.Юровская. – Москва, 1990.

4.Сборник документов по истории нового времени. Экономическое развитие и внутренняя политика стран Европы и Америки 1870-1914 гг. /Сост. П.И.Остриков, П.П.Вандель. - Москва,1989.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет