Т.: 4. – 384 бет.
Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің бұл шығармалар жинағының 4 томына кейінгі жылдарды жазған поэма, өлеңдері мен публицистикалық мақалалары еніп отыр.
Оразалықызы Г. Шахмардан Есенов [Текст] / Г. Оразалықызы. – Алматы ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2014. – 376 б. + 32 бет фотосуреттер.
Бұл кітап еліміздің екі рет Геология министрі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болған, Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар, екі рет Ленин орденін алған, КСРО және ҚССР Жоғары Кеңестерінң депутаты болған, бірақ әділетсіздік салдарынан көп қиянат көрген, сонда да адамдық, азаматтық, ғалымдық тұлғасына дақ түсірмей өткен Шахмардан Есеновтің бейнесін ұсынады. Автор оны жасау үшін көп, ұзақ ізденіп, мол материал жинаған, оларды жүйелі, сапалы баяндай білген.
Тарақ Ә. Абылай хан. [Текст] / Ә.Тарақ. – Алматы ЖШС «Қазақстан, 2014. – 496 бет.
Монографияда Абылай хан билік құрған XVIII ғасырдағы тарихи жағдайлар сол кездегі орыс, қытай құжаттары және ақын-жыраулар поэзиясы негізінде талданады.Автор Абылайдың сол дәуірде ұстанған саясатын, қайраткерлік, қөшбасшылық, дипломатиялық талантын саралап сараптайды. Әлемдегі әйгілі тарихи тұлғалармен Абылай өмірі мен бейнесінің ұқсастық, ерекшеліктерін салыстыра бағалайды. Қазақ тарихи романдарындағы, поэзиясындағы, драмасындағы Абылай бейнесінің сомдалуын тарихи,әдеби жүйеде зерттейді. М.Әуезов, С.Мұқановтан басталған дәстүрдің І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, Қ.Жұмаділов тарихи туындыларында жалғасуы, сабақтасуы кеңінен талданады. Тарихи туындылардағы Абылай тұлғасының тәлімі, тағлымы тұжырымдалады.
Өнер. Өнер білімі
Искусство. Искусствознание
Достарыңызбен бөлісу: |