«Жаңа туылған балаға таңертеңгі туалет жүргізу» Жаңа туылған баланың таңертеңгі туалеті мынадай манипуляциялардан тұрады



бет18/18
Дата15.06.2020
өлшемі32,5 Kb.
#73485
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
стандарт 466 (2)

Жабдықтар:

1. 3% сутегі тотығының ерітіндісі және 70 % этилды спирт.

2. Стерилденген, ұшына мақталы түйіршік оралған тампон-таяқшалар.

3. 5% калий перманганат ерітінді

4. Стерилденген сорғыш-пипетка және резеңке қолғап.

5. Нәрестені құндақтауға арналған жиынтық

6. Керексіз заттарға арналған ыдыс-лоток және залалсыздандыратын ерітінді, шүберек.

Орындауы:

1. Анасына мақсатын түсіндіріп, рұқсатын алады.

2. Жабдықтарды тексеріп, дайындайды.

3. Медбике қолын жуып, құрғатып, резеңке қолғапты киеді

4. Құндақтауға арналған үстелді залалсыздандыратын ерітіндімен әзірлеп, сүртіп, үстіне жаялықтарды жаяды.

5. Нәрестені үстелге арқасына жатқызады.

6. Медбике кіндіктің жарасының шеттерін екі саусақпен керіп, ашады.

7. Пипетка – соргышпен 3% сутегі тотығының ерітіндісін сорып алып, кіндіктің жарасына бірнеше тамшысын түсіреді.

8. Жарадағы көбікті стерилденген мақталы түйіршік-тампонмен ортасынан шетке бағытпен айналдырып сүртіп, құрғатып алады. Түйіршік –тампонды таяқшаны ыдыс-лотокқа тстайды.

9. Кіндіктің жарасын сол керген қалпында сақтап, жараны спиртпен ылғалданған түйіршік-тампонмен ортасынан шетке бағытпен сүртіп әзірлейді. Түйіршік-тампонды таяқшаны ыдыс-лотокқа тастайды.

10. Басқа, спиртпен ылғалданған стерилденген түйіршік-тампонмен жараның айналасындағы теріні сүртіп әзірлейді – ортадан шетке бағытпен.

11. Калий перманганат ерітіндімен ылғалданған мақталы түйіршік-тампонмен кіндіктің жарасын ортадан шетке бағытпен әзірлеп, сүртеді. Немесе «Бриллиантты жасыл» ерітіндімен әзірлеуге болады. Мақталы түйіршікті таяқшаны ыдыс-лотокка тастайды.

12. Нәрестені жаялықпен құндақтап, керуетке жатқызады.

13. Жаялықтарды жинап алып, қапқа салып, үстелдің үстін залалсыздандыратын ерітіндімен әзірлеп, сүртеді.



14. Медбике қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет