«Мұрын жолына тамшы тамызу техникасы»
Мақсаты: дәрілік
Көрсеткіші: мұрын шырышты қабатының қабынуы, құлақтың
Әзірле: стерильді көз пипеткасы, жгут дәкелер,резинді баллон, дәрілік заттар, пинцет, лоток, қолғаптар, КБУ, дезерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
Дәрілік заттардың жарамдылық мерзімін қараңыз( атын оқыңыз, концентрациясын, жарамдылық мерзімін) және пипетканы.
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз
Қажет болған жағдайда мұрын шырышты жолын дәкелі жгут немесе резинді баллон көмегімен тазалаңыз.
Дәрілік затты пипеткаға толтырыңыз
Сол қолдың саусағымен баланың басын қозғалтпай ұстап, бас бармақпен мұрынның ұшын сәл көтеріңіз
Мұрын шырышты жолына 2-3 тамшы тамызыңыз да, мұрын үстінен басып жай айналдыра массаж жасаңыз.
1-2 минут соң тамшыны дәл сондай жолмен екінші мұрынға тамызыңыз.
Қолданылған дәкелерді КБУ-ге салыңыз, ал қолданылған пинцетті дез ерітіндіге.
Қолғаптарды шешіп КБУ-ге салыңыз
Қолыңызды жуып кептіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |