Іс-әрекет алгоритмі:
Баланың анасына іс-әрекеттің жүргізілуі мен мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз
Масканы киіңіз.
40-60 градустағы суы бар лотокқа 36-37 градусқа дейін ана сүтін жылытыңыз.
Жөргектеу үстелін залалсыздандырушы ерітіндімен өңдеңіз, таза жаялық жайыңыз.
Баланы жөргектеу үстеліне жатқызыңыз
Қолды гигиеналық деңгейде жақсылап тазалап, қолғапты киіңіз
Мұрын жолдарын тазалаңыз.
Пинцет арқылы түтік сүңгіні қорабынан шығарыңыз.
Кеңсірік пен кіндік аралығының қашықтығын нәрестеге тигізбей мұрын сүңгі түтігімен (зонд) өлшеп, оң қолыңызға алыңыз.
Мұрынның ұшын сәл көтеріп астыңғы мұрын жолы арқылы мұрын сүңгісін белгіге дейін енгізіңіз.
Шприцке жылы сүтті құйыңыз.
Сүңгінің канюлясын ашып, босатпай тұрып оған сүтті шприцті жалғап, жаймен сүтті баланың асқазанына жіберіңіз.
Шприцті сүңгіден босатып, канюляны жабыңыз.
Тамақтандырып болған соң залалсыздандырылған дәкені алып, онымен сүңгіні мұрынға кірер жерден ұстаңыз.
Ақырын әрекетпен сүңгіні асқазаннан шығарып алыңыз.
Баланы оң жаққа қаратып жатқызыңыз (басы көтерулі)
Қолданылған шприц және сүлгі, сүңгіні тиісті өңдеуден өткізіңіз.
Қолғаптарыңызды шешіңіз
Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту: Сүңгі диаметрі баланың салмағына байланысты қойылады: 1000 гр-№4, 1000-2000 гр-№6, 2000-2500гр-№8.
Достарыңызбен бөлісу: |