Жаңа туылған баланың гемолиздік ауруы Жаңа туылған балалардың ауруларының ішінде гемолиздік ауру 0,2-0,7% жиілікпен кездеседі.Гемолиздік ауру құрсақтағы және жаңа туылған баланың қан құрамындағы эритроциттердің гемолизге ұшырауымен сипатталатын ауру.
Бұл аурудың негізгі себебі-ана мен баланың қанының резус фактор және қан топтары бойынша үйлеспеушілігі.Резус фактор бойынша үйлеспеушілік анасының қаны резус теріс,баланыкі оң болса,қан топтары бойынша үйлеспеушілік анасының қан тобы 0(1),баласынікі А(2)немесе В(3) болса байқалады.Айта кету керек,барлық резус теріс аналардан балалардың қаны резус оң болған жағдайда ауру туындай бермейді,(4%-інде ғана үйлеспеушілік байқалады).Үйлеспеушілік байқалу үшін алдында түсік болып немесе қан құйылып,ана организмі резус антигенге қарсы аллергиялық бейімделуі қажет.Яғни,гемолиздік ауру резус фактор бойынша үйлеспеушілікте 1-ші жүктілікте туылған балаларда басталмайды,кейінгі туылған балалар ауырады,әрбір келесі кейіннен туылған балалрдың жағдайы ауырлай түседі.Өйткені,әрбір қайталанған жүктіліктен кейін әйелдің қанында антиденелердің мөлшері көбейе түседі.