Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды. Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе». Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары: 1.дүние материалды; 2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»); 3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады; 4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa); 5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние; 6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу; 7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жанжақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен; 8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет. Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.