Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
|
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
1.Білімді жаңғырту:
ЖМҚ.
Фронталды әңгімелесу:
ЖМҚ деп нені түсінесіңдер?
Полимер, мономер, олигомер,полимерлену дәрежесі деген не?
|
3-4
|
|
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1.Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақ жоспары:
v Жоғары молекулалы қосылыстар туралы түсінік.
v Макромолекула түрлері.
v ЖМҚ синтездеу әдістері.
v Полимерлердің қасиеті.
Біздің өмірімізді осы күнгі полимерлер заттарсыз елестету мүмкін емес. Олар тіршілігінің барлық салаларында тұрмыста, техникада, ауыл шаруашылығында, медецинада, т.б. көптеген жерлерде табиғи материялдарды алмастырып, өмірге қажетті заттарға айналуда.
Соңғы жылдары ғалымдар алдын ала белгіленген қасиеттеріне мәйкес, полимерлер алудың көптеген әдістерін тауып, жетілдіру жолында табысты еңбек етуде. Қысқаша жоғары молекулалы қосылыстарды ЖМҚ немесе полимерлер деп атайды.. Полимерлер –бұлар ірі молекулалар ,ондаған, жүздеген мың молекулалардан тіпті кейде миллиондаған атомдардан тұрады:
(--СН2—СН2--)п (--С6Н10О5--)п
Полиэтилен крахмал
ЖМҚ алу үшін жұмсалатын шикізат,яғни мономерлер,мұнай химиясынан алынады.Полимерлер алуға жұмсалатын қаныққан көмірсутектерді мұнай және табиғи газдан бөліп алады(қанықпаған көмірсутектер мұнай және табиғи газдар құрамында болмайды) .
Бутан----бутилен ----синтетикалық каучук
МЕТАН---------ацетилен----этилен----полиэтилен
Пропан----пропен------полипропилен
Полимер алынатын заттар-мономерлер деп аталады,ал полимер молекулалары макромолекулар деп аталады. «n» әрпі полимерлену реакциясында мономерлердің қанша молекуласының өзара әрекеттескенін көрсететін шаманы полимерлену дәрежесі деп атаймыз.Полимердің макромолекуласындағы қайталанатын атомдар тобын-құрылымдық буындар деп атайды. Полимерлену дәрежесі тұрақты шама емес.Полимерлердің екі өкілі – полиэтилен мен полипропиленді қарастырамыз.1.Олар сызықты полимерге жатады.
Н СН3 Н Н Н СН3 Н Н
-----С----С-----С-----С-----С-----С-----С----С----
Н Н Н СН3 Н Н Н Н
Полиэтилен (-СН2-СН2-)п- қатты, ақ түсті, термоплпстикалық қолға майдай сезілетін парафин тәріздес материал. Химиялық тұрақты, нашар жарық беретін көгілдір түсті жалынмен жанады. Оған қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштар әсер етеді. Суды, газды онша өткізбейді. Сондықтан азық-түлікті орайтын материялды өндіруге, жұқа қабат жылыжайларды қаптауға және үсіктен сақтау үшін жеміс-жейдектерді, көшеттерді жабуға қолданылады. Сондай-ақ полиэтилан химиялық қондырғылар үшін тетіктер, түтіктер құбырлар жасалады және ұй тұрмысына қажетті ыдыстар жасауға қолданылады. Полиэтиленнің жоғары және төменгі қысымда алынатын түрлері болады. Алғашқысынан жасалған материялдар 60-700С-қа шыдаса, соңғысынан 1000С-қа дейін шыдайтын бұйымдар жасайды.
Бұл құрылыс стереорегулярлы деп аталды,себебі радикалдар хаосты түрде –тізбектің екі жағында орналасқан.Ғалымдар полимердің құрылысы стереорегулярлы болса ,онда сапасының да жақсы болатынын дәлелдеген.
Н СН3 Н СН3 Н СН3 Н Н
-----С----С-----С-----С-----С-----С-----С----С----
Н Н Н Н Н Н Н Н
Бұл мысалдар А.М.Бутлеров қағидасы бойынша заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екенін тағы да дәләлдейді.
2.ЖМҚ құрылыстарының күрделілігіне байланысты полимерлердің массасы деген ұғымның өзіндік ерекшеліктері бар,жоғары және төменгі деген сөздер тек салыстыру үшін қолданылады. Егер салыстырмалы молекулалық массасы 500-ден төмен болса төменгі молекулалы қосылыстар, 5000-нан жоғары болса жоғары молекулалы қосылыстар деп аталады.Егер массасы 5000-нан төмен,бірақ 500-ден жоғары болса, онда олигомер деп аталады.
********** Полимер макромолекуласымынадай түрде болады:
Сызықты тармақты торлы(кеңістіктік)
Молекула түрі
Бойынша полимерлерді 2 топқа бөлеміз :
сызықты (жіп тәрізді) және тримерлі (үш өлшемді).
|
Достарыңызбен бөлісу: |