«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ІІ нұсқа
Оқу мақсаты:
9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу;
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу;
9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу.
Бағалау критерийі:
Білім алушы Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді.
Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды.
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады.
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану
Орындау уақыты:
15-20 минут
Оқылым
Жаһандану және ел тағдыры Жаһандану – адамзатпен бірге келе жатқан үрдіс. Жаһандану тұсында бір үлкен мәселе туады, ол – жаһандану заманында біз елдігімізді, мәдениетімізді, тілімізді сақтай аламыз ба? – деген сауал. Батыстың мәдениеті ықпалды болып тұрғаны рас. Біз батыстан ғылым мен техниканың дамуынан келіп шыққан мәдениетті алуымызға болады.
Бүгінгі технология және жаһандану заманында көптілді меңгеру жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.
Көптілділік біздің қоғам үшін 2006 жылғы Елбасының «Тілдердің үштұғырлылығы» – «Триединство языков» - «Trinity of languages» тұжырымдамасынан бастау алғаны мәлім. Қазақстанды әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек», - деген болатын.
Ендеше, жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан тілімізге қамқор болу – мәдени мұрамызды түгендеудің тағы бір жолы. Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы.
(145 сөз)
https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/60690/