Жаһандық ЖӘне ғарыштық Қолданбалы бағдарламаларды дамыту бағыттары қарағанды 2019 Ғарыш саласының даму тарихы



бет3/3
Дата09.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#184221
1   2   3
Байланысты:
zhaһandyқ-zhәne-ғaryshtyқ-қoldanbaly-baғdarlamalardy-damytu-baғyttary

Қорытынды
 
Брошюрада алғаш рет адамның ғарышқа ұшуынан бастап Жерді қашықтықтан зондтаудың серіктерінен заманауи компьютерлік өңдеу бағдарламаларына дейінгі ғарышкерліктің даму тарихы көрсетілген.
Қазақстан ғарыштық мемлекет деп бекер айтылмаған, өйткені біздің республикамыздың территориясында әлемдегі бірінші, ең ірі және талап етілген Байқоңыр ғарыш алаңы орналасқан. Соңғы жылдары Байқоңыр зымырандарды ұшыру саны бойынша алда келе жатыр: орташа есеппен жыл сайын 20 дейін тасығыш-зымырандар ұшырылады, ал екінші орындағы АҚШ Канаверал мүйісі ғарыш алаңынан бір жылда 10 тасығыш-зымырандар ұшырылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан ғарышкерлер саны бойынша да алда: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Аймбетов. Олар өсіп келе жатқан жасөспірімдер мен жастарға үлгі-өнеге болады. Авторлардың ойынша, олардың жаттықтырулары мен өзіндік даму жұмыстары бәріне үлгі болады, оларды мақтаныш етуіміз керек.
Жерді қашықтықтан зондтаудың және байланыс серіктері жылдан жылға мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен экономика салаларында өте маңызды орын алуда. Бүгінгі таңда Қазақстанда 2 байланыс серігі мен орбитада 2 ЖҚЗ серіктері бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет