Өлеңті орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Елемесова Әлия Нұрланқызының үшінші(негізгі) деңгейі бойынша өткізген
сабақтарының
қорытынды есебі
2013-2014 оқу жылы
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтылмаған.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Дүниеде қазынасы мол жол, ол-білім жолы. Білім жолындағы негізгі мақсат, тәрбиелі де тәлімді, өз – өзіне сенімді, жаңаша тәуелсіз ойлай алатын, жауапкершілігі мол тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің осындай жас тұлғасын, ұрпағын қалыптастыру бүгінгі ұстаздардың міндеті. К.Д.Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады» деп бекер айтпаған. Баланың жан дүниесіне әсер беретін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Оқушының рухани күш қуаты мен ерік жігерінің, шығармашылық қабілетінің жалпы мүмкіндігінің ашылар кезі де осы кез.Сондықтан бастауыш сыныпқа білім беру үшін, мұғалімнің өзіндік жүйеге салынған білімі блуы керек деп ойлаймын.
Ал, жаңа форматтағы үш айлық оқытудың кэмбридждік әдіс-тәсілін үйренгеннен тапқаным көп болды. Дәстүрлі сабақта оқушылар тек мұғалімнің ойымен санасатын, бір- бірімен пікір алмаспайтын, қарым- қатынасқа түспейтін.
Сабақта сыныптастарының пікірін тыңдау, онымен келісу немесе келіспеу, ойларын дәлелдеу көбінесе топтық әңгіме және зерттеушілік әңгіме түрлерінде айқын көрініп отырды. Бірақ алғашқы күндері оқушылар өз позицияларын қорғап, басқалардың пікірлерін қабылдауға, бір- бірін тыңдауға дайын болмады. Сол себепті топ ішінде келіспеушілік, тартыс, реніш те болды. Оқушыларыма әркімнің өз ойы болатынын, өз ойларын дәлелдеп айта алатындарын және бір-бірін тыңдай білуі, ешкімге дұрыс емес деп айтпайтын, ол балаға өз қатесін табуға мүмкіндік беретінін түсіндірдім. Басқалардың ойына келісуге немесе келіспеуге құқылы екендерін де білген соң,туындаған мәселелерді жан- жақты талқылап, ізденіп шешу жолдарын тапқанда жұмысымыз нәтижесін бере бастайтынын түсіндім.Ең алғашқы сабағымнан бастап, оқушылардың арасында диалогтік оқытуды қалыптастыру үшін жұптық, топтық жұмыстарды беріп отырамын.
Оқушыны қалыптастыруда 7 модульді сабақта қолдану арқылы берілген тапсырмаларды қызықты етіп құрып, оқушы ұғымын жүйелі қалыптастырыруға болады. Қазіргі сабақтарымды өту барысында заман талабына сай баланың жас ерекшелігіне лайықтап ақпараттық жүйені қолданып отырамын. Оқушылар алғашқыда көп нәрсені түсінбегенімен кейінірек өздеріңе бұл әдістің ұнайтындығын айтып отырды. Жұптық, топтық жұмыс кезінде өзіне сенімсіздеу оқушылар жұмысқа белсенді қатысқанын аңғардым, яғни осы модуль балалардың өз пікірлерін жеткізуге септігін тигізері сөзсіз. Егерде әр сабағымызды сыни тұрғыдан жоспарлап, бағдарламаның жеті модулін қарастырып, әр сабақтың кезеңдерінде тиімді қолдана білсем, сабағымнан көп нәтиже боларына сенемін және осы бағдарламаларды пайдалану мақсатында талантты, дарынды оқушылармен де жұмыс жасау және деңгейі төмен оқушылармен де жұмыс жүргізе білу керектігін түсіндім. Жұппен,топпен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың барлығының жұмыс жасай алатынына және жұмыссыз бей берекет отырған оқушылардың болмайтынын көрдім. Сабақта өзін еркін сезіне алмайтын Рүстемнің сабақта жасаған жұмыстары мені қуантты, бірақ осы оқушымен әлі де көптеген жұмыстар атқару керектігін түсіндім, бұл оқушыға аса көңіл бөліп, үнемі мадақтап, жасаған жұмысына көңіл бөліп отырсам осы оқушы да жақсы оқитын оқушылар қатарына қосылатынына сенемін.
Сондықтан осындай сабақтарды жиі жоспарлап өткізіп отырсақ,алдымыздағы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы мен ынталарының жоғары деңгейде боларына сенемін.
Мұғалім-келешек ұрпақ тағдырының жолбасшысы дей отырып, мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: оқушылар біршама ашылғанын, өз ойларын емін еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін ортаға сала отырып, талқылай алатынына көзім жетті. Топтық жұмыс кезінде оқшау қалған бірде бір оқушы болмайтынын аңғардым.Топта отырған оқушылар бір үйдің балаларындай болып кеткенін, яғни ынтымақтастық атмосфераның қалыптасқанын бір - біріне деген көзқарастарынан іс- қимылдарынан көрдім. Сынып оқушылары бір - бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз жерлерін сұраудан қорықпады. Бағдарламаның бұл әдіс- тәсілі балаларға ұнады, себебі бұл жерде сабаққа қатыспай, дараланып қалатын оқушылар болмайтынына көзім жетті және де бағдарлама арқылы мен оқушыларымды әр қырынан тани бастадым. Ел ертеңі жас ұрпақты саналы тәрбие, сапалы біліммен қаруландыру әрине, мұғалімдердің міндеті деп білемін.
Өзімнің жұмысымды қорытындылай отырып, оқу сапасының артқанын байқадым. Есіме «Маған айтып берсең- ұмытып қаламын, көрсетіп берсең – есте сақтармын, өзіме жасатсаң – үйреніп алармын» деген шығыс нақылы түсті. Сурет салудан бастаған жұмыстары біртіндеп келе қиындаса да оқушылар сол қиындықты жеңіп, өздері жасап, үйренеді. Бұл жұмыстар оқушыны өз бетінше іздендіреді, одан жинаған мәліметтерге сын тұрғысынан қарап, сол бойынша өзінің ойын, көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік туады. Басқаның пікірін тыңдай білуге, бағалай білуге, өзін де басқаларға тыңдата білуге дағдыланады. Оқушы жеке де, топпен де жұмыс істей алады. Ең бастысы шығармашылықпен жұмыс істеу білім сапасын арттыруға үлкен көмегін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |