7. Дарындыоқушылармен жұмыс Мақсаты: дарынды балаларды анықтау, оқушылардың ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере, олардың шығармашылық дамуына мүмкіндік жасау.
8. Ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен байланыс Мақсаты: Ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық арқылы теорияны, ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүйелеу
9. Оқу-әдістемелік қамсыздандыру, оқу кабинеттерін ақпараттандыру жұмысы Мақсаты: Оқу-әдістемелік және оқыту құралдары жиынтығы кабинеттің түріне,білім стандартының талабына, оқыту жоспарына сәйкес болуы
Қыркүйекте «Кабинеттегі оқу-әдістемелік құралдар мектеп бағдарламасындағы білімге сай болуын қадағалау» бойынша жұмыстар жасалды. Қазан айы бойынша «Техникалық құрылғылардың жағдайын бақылап отыру, жөндеу, қалпына келтіруді жүзеге асыру» айлығы өтті. Жыл бойы «Оқу кабинетінде техника қауіпсіздігі мен гигиеналық тазалық ережесін сақтау, гүлдендіру, безендіру, жабдықтау жұмыстарын жүргізу» іс-шаралары назарда ұсталды. Жәнеде «Пән кабинеттері мен басқару қызметтерін ғаламдық Интернет желісімен қосу» жұмысы күн тәртібінде болды.
10. Педагогикалық іс-әрекетті диагностикалау Мақсаты: Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі.
Қыркүйекте «Өткен оқу жылының рейтингісіне сай мұғалімдердің кәсіби өсу деңгейін бақылау зерделеу жоспарын құру» жұмысы атқарылды. Жыл бойы мектепішілік бақылау бойынша «Пән бірлестіктерінің, мұғалімдердің шығармашылық тақырыптары, жаңа технология бойынша жұмысын зерделеу» тақырыбында мұғалім сабақтарында талқыланды. Қазан айы бойынша «Педагогтардың оқыту үрдісінде АКТ қолдану деңгейін зерделеу» жұмыстары іске асты. Қараша мен желтоқсанда «Мұғалімдердің сабақтарына қатысып, әдістемелік көмек көрсету;» болды. Қаңтарда ИФМ пәндер бірлестігі мұғалімдерінің кәсіптік білім деңгейін анықтауда ашық сабақтарға қатысу болды. Әдістемелік бірлестіктің оқушы біліміндегі олқылықты жою жолындағы жұмыстарда мұғалімнің қиналатын тұстарын анықтау мақсатындағы отырыстар ПБЖ назарында боп, ДЖК талқыланды. Ақпанда « Зертханалық сара мандық жұмыстарды жүргізу әдістемесі (физика, химия, биология, география)» іс-шаралары болды. Мамырда «Шығармашылықпен еңбек ететін мұғалімдердің басылымдарда жарияланған мақалаларын талдау» «Мұғалім жетістіктері» туралы талдау ДЖК зерделенді..
Әдістемелік кеңес жыл басында мектеп директорының бекітілген жоспарына сәйкес 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізеді. Жыл басында әдістемелік кеңестің №1 кеңесі 25.тамыз күні өтті. Онда «2022-2023 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» жан-жақты талқылау өтті.. Сонымен қатар №2 әдістемелік кеңес мәжілісі 15 қыркүйек күні «Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыру жағдайында қолданылатын әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру»негізінде өткізілді. 08.11.2023 ж.күні әдістемелік кеңестің №3 жиналысы өтті. «Білім алушылардың біліміндегі оқылықтарды анықтауда және орнын толтыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру» туралы талдау жасалды.08.01.2023 күні №4 кеңес жиналыс өтті. Қаралған мәселе «Пән мұғалімдерінің оқу мен оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдануын бақылау қорытындысы» тақырыбында өтті. Сәуірде №5 әдістемелік кеңесте ЖМ мұғалімдерінің есебі. «Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру» баяндамасы тыңдалды. Әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес пән апталықтары өткізілді. Мектебімізде тәуелсіздігіміздің 31 жыл мерей тойына байланысты , қазақ тілі , орыс тілі,ағылшын тілі пән бірлестігінің «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мектеп директорымен бекітілген іс-шаралар жоспары жасақталып , 21-26 қыркүйекте аралығында апталық өткізілді .
Апталықта мерекелік лездеме ұйымдастырылып , еліміздің әнұраны тыңдалды . Пән бірлестік жетешісі Кувандыкова Г оқушыларға апталықтың іс-шаралар жоспарымен таныстырды ,одан әрі тәуелсіздікке байланысты үш тілде көркем сөз шеберлері өлең оқып , көңілді ән –шашумен жалғасты .
«Тәуелсіздік -теңдесі жоқ байлығым » тақырыбында қабырға газеттері шығарылды 5 сыныптарда ағылшын тілі пәні мұғалімі Джакова Г «Тәуелсіздік –ел тірегі » тақырыбында суреттер байқауын және 6-7 сыныптарға «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз » тақырыбында бейне ролик көрсетіп ағылшын тілінде оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
7 «а,б» сынып оқушыларымен бірлескен «His sweet gift of Independence » ашық тәрбие сағаты өте жақсы деңгейде өтті .
Пән мұғалімдері үш тілде 8-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым » тақырыбында ең үздік шығармалар жарысын ұйымдастырды .
Орыс тілі пәні мұғалімі Кувандыкова Г 5 «а», 5 «б » сыныптарына «К Дню Независимости Казахстана » тақырыбында сынып сағатын жүргізсе, 6-7 –сыныптар аралығында «Горжусь тобой , мой Казахстан » тақырыбында викториналық сұрақтар арқылы оқушылар тәуелсіз еліміз Қазақстан республикасы жайында өз ойларын ашық кеңінен ортаға салды .
Сонымен бірге орыс тілі пәні мұғалімі Орынбаев С 8-9 сыныптар аралығында « Моя Родина Казахстан » тақырыбында сынып сағатын өткізсе , 5 «а,б» сыныптар аралығында ағылшын пәні мұғалімі Нуратдинова А «Kazakstan Independent contry » тақырыбында оқушыларға ағылшын тілінде консерттік бағдарлама ұйымдастырып , белсенді тақтадағы ұяшықтарда жасырын сұрақтарды оқушылар аша отырып, ағылшын тілінде жауап берді . Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарының жоғары екендігі байқалды
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Татиева А 5 «а,б » сыныптар аралығында «Тәуелсіздік - ата –бабам аңсаған »тақырыбындағы тәрбие сағаты да тәуелсіздігіміздің қаншама қиындықтарды жеңу арқылы келгендігін көрсететін тәлімі мол шаралардың бірі болды .
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Каргаева Б 8 «а,б» сыныптар аралығында « The state symbol of Kazakstan » тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты және 5-8-9 –сыныптар аралығында белсенді тақта арқылы көрсетілген «Елімнің бақытын тербеткен –Тәуелсіздік »тақырыбындағы бейне ролик өте тағылымы жоғары өз мақсатына жеткен тәрбиелік шара деп айтуға болады .