Жаңаөзен қаласы
№17 « Балауса» балабақшасы
Байденова Жанат Абылашқызы
Тақырыбы: «Буратино бізде қонақта»
Білім беру саласы: Қатынас. Таным. Әлеуметтік орта. Шығармашылық.
Оқу іс – әрекеті: Сауат ашу. Математика. Тіл дамыту. Көркем әдебиет. Экология. Қоршаған орта. Сурет.
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білім сапасына көз жеткізу.
Білімділігі: Түрлі қызықты тапсырмалар, дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, білімдерін пысықтау. Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.
Дамытушылық: Логикалық ойлау, таным процестерін дағдыландыру. Көркем сөз арқылы тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Сахналық көрініс арқылы еліміздің тарихын құрметтеуге, туған елге сүйіспеншілігін арттыру. Эстетикалық талғамын тәрбиелеу.
Билингвольды компонент: Отан – Родина, дыбыс – звук, әріп – буква, сан – число.
Көрнекті – құралдар: Суреттер, сөзжұмбақ, әріптер, магнит, тары, слайд, үлестірмелі материалдар, бояу, қылқылым, түтікше, ақ бет қағаз.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ – жауап, таңғажайып сәт, саяхатқа бару, елестету, сахналау, жұмбақ шешу, ойын, көркем сөз.
Оқу қызметінің
кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық
қорғаушы
|
Музыка әуенімен кіру.
-
Балалар, біздің іс-әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті, қане, бәріміз бірігіп сәлемдесу рәсімін «Еркем-ай» әуеніне салып айтайық.
-
Жарайсыңдар, балалар! Барлықтарыңның жүздерің күлімдеп, жайнап кеттіңдер! Бүгінгі күніміз сәтті өтсін!
-
Балалар, жақында қандай мерекені атап өттік?
9-мамырда Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. Бүлдіршіндердің Жеңіс күніне арнаған көрінісін тамашалаңыз.
Көрініс: «Жеңіс күні!»
- Балалар, Отан орыс тілінде – Родина, дыбыс – звук, әріп – буква, сан – число.
|
-
Сәлем деймін күнге мен! Сәлем деймін мен саған! Сәлем деймін апайға, Қонақтарға , құстарға Еркем, еркем, еркем-ай Жақсы көрем өмірді, Жақсы көрем мен сені!
-
9-мамырда Ұлы Жеңіс мерекесін атап өттік.
Нұрбол:
Адал еңбек әркімді сүйікті еткен Ар-намысын елінің биіктеткен Қамын ойлап, соғыстағы ағаның Ұлы-кіші еңбек еткен, тер төккен
|
Ұйымдас-
тырушылық-
ізденістік
| -
Жарайсыңдар, балалар, орындарыңызға жайғасыңдар.
-
Бүгінгі іс-әрекетімізде жыл бойы үйренгенімізді, мектепке дайындығымызды көрсетеміз.
-
Сендер осындай сынаққа дайынсыңдар ма?
Музыка әуенімен Буратино кіреді.
-
Ой, достарым, мен де дайынмын! Мен де мектепке барамын! Әлеппе кітабым да бар!
-
Ал, сендерде әліппе бар ма?
-
Буратино, біріншіден сәлеметсіз бе? Екіншіден мақтанған жақсы емес. Ал, үшіншіден біз сізді көргенімізге қуаныштымыз!
-
Буратино:
-
Оған дайындықтың не керегі бар? Алты жасқа толған соң бара бермейсің бе? Қолыңа порт -фельді алып, мектепке қарай жүгіресің ха-ха-ха!
-
Тоқта, тоқта бәрі сен ойлағандай емес. Балалар мектепке бару үшін күнде қызықты сабақтар өтті, дайындалды солай емеспе, балалар?
Буратино:
-
Ал, қандай сабақтар? Ой, ой болды. Мен санап білемін. Қолыңда бес алтын жалатқан ақша болады. Көрдіңдер ме? Енді көрмейсің-
-
дер. Әріптерді де білемін А,В,Г, Д,З айта берсем көп
-
Буратино, сіз А,В,Г,Д,З деп айта шықтыңыз. Ал біздің балалар оны қалай айтады тыңдаңыз.
-
Буратино:
-
Мәссаған, мен білмеппін олай екенін. Айтпақшы, «Ғажайыптар алқабынан» бір тауып алдым. Оқып беріңші.
-
Қане, оқып көреліе.
«Көмектесің! Көмектесің! Менің геометриялық патшалығымда Күлдірген серуендеп жүргенде, жел досымның шарларын әлемнің түпкір–түпкір жерлеріне ұшырып жіберді. Күлдірген көңілсіз болып жүр. Көмекте -
сіңізші досыма!»
-
Мына бейнетаспаға қараймыз. Күлдіргенде неше шар болған?
-
Нешеуі ұшып кеткен?
-
Көмектесу үшін саяхатқа баруымыз керек.
Буратино:
-
Алақай! «Ұшақ - кілемшемен»
барайықшы.
-
Ұшақ-кілемше ұшуы үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.
-
Ал мен қалай көмектесемін? Ештеңе білмеймін ғой!
-
Алақай! Рахмет балалар!
-
Жұмбақ шешуіміз керек:
Көрінбейді аяғы,
Аузы да жоқ, білдің бе?
Салып кетіп барады
Баяғы ызың гу-гулеп.
-
Судың ішіне саусағыңды салғаныңда қандай жағдайда кесіп алуың мүмкін?
-
Біздің Республикамыз қалай аталады?
-
Қазақстан Республикасының Елбасы кім?
-
Қазақстан қандай мемлекет?
-
Қазақстанның тұрақты халқы кімдер?
-
Біздің облысымыз қалай аталады?
-
Қаламыз қалай аталады?
-
Маңғытау туралы тақпақ білеміз бе? (Әуенмен)
-
Біздер орманға келіп жеттік. Орманда қандай жануарлар өмір сүреді? (Әуен)
-
Орманда көбелектер, шыбындар, масаларды бір сөзбен қалай атаймыз?
-
Біздерді қандай аңдар қарсы алып жатыр?
-
Сендер Күлдіргеннің шарын көрдіңдер ме?
Жануарлар:
-
Бізге тапсырмаларды орындауға көмектессеңдер, шарларды қайтарып береміз.
-
Дастарханда 7 кесе құлпынайымен тұр екен. 2 кесені Мақта қыз жеп қойыпты. Дастарханда неше кесе қалды?
-
Бір – бірімен жарысқан, Екі аю, бір арыстан, Төрт қоян, үш түлкі. Бәрі нешеу, ойлан сен
-
Сөзжұмбақ шешу.
-
Барлық жемін бітеудеу асайды. Әйтсе де ұзақ жасайды.
-
Қыста әйнекке біреу
Өрнек салып жүрер.
-
Қанатсыз құс маңып барады, Көзінен жас тамып барады.
-
Күміс кетпен шаңыраққа ілінген Жарқырайды төбемізде түнімен.
-
Қар кетіп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді
-
Жерге диқын дән сеуіп,
Қорадан жас төл келеді.
-
Күн ысып, су жылынып
Егін басын тұр иіп.
Жеміс терік бақшадан,
Жеңімізді түріп.
-
Жарқ етті де жоғары.
Он бөлінді от қылыш.
4 Біздің орманда жидектер, саңырауқұлақтар, гүдер көп. Көмектесіңші қайсылары көп. Оларды қалай салыстыру керек?
(Үлестірмелі материалдар мен жұмыс. Қоян, қасқыр тапсырмаларды таратады)
-Мінекей, үш шарды тауып алдық! Бірақ, «Ұшақ-кілемше» ұшып кетуі үшін сұрақтарға жауап беріміз керек?
1 Бір жылда неше мезгіл бар?
Бір жылда неше ай бар?
2 Есеп неше бөлімген тұрады?
3 Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4 Сөйлем деген не?
Ұшақ-кілемше ұшып барады. (Әуенмен)
-
Біздер ертегілер еліне келіп қалдық. Бұл жерде жан баспаған жолда, біз көрмеген жануарлардың аяқ іздері бар екен.
І – із: «Буындарды оқып сөз ойла»
Тыр, кек, үй, ғаш, рлы, кө, на, қа, рек.
-
Бұларды бір сөзбен не деп атаймыз?
ІІ – із: Сөзге сөйлем құрау. Тыныс
Белгілерін қою.
Сен мектепке барасың ба
Мектеп, мен, барамын, қош, келдіңдер.
ІІІ – із: Мына жерде біздерді
Мыстан әжей күтіп тұр.
Мыстан:
-
Иә, сұлуларым, балақайлар! Не іздеп жүрсіңдер?
-
Иә, қара жел әкелген еді.
-
Олай болса, тапсырмаларды орындап беріңдер.
-
Менің үйшігімде әрбір қабатта сөздер тұрып жатыр, бірақ әріптер жан-жаққа қашып кеткен, тауып орындарына қойыңдар.
А...МА, Ц...РК, П...РАВОЗ, ВА...О+Н, ...Ю.
-
Өгей анасы Күлше қызды кешке жібермейін деп тарыға гайкамен, шегемен, болттар- мен араластырған. Тез болуы үшін қандай затпен көмектесеміз?
-
Балалар қандай затпен тез тазалауға болады? (Жұптасып жұмыстану).
-
Мінекей, Мыстан әжей де тағы да 3 шарды берді. Сонымен қанш+а шар болды?
Қайтуымыз керек. Ұшақ-кілемшенің сиқыры жойылды. Бірақ, бізге мейірімді жел көмектеседі.
-
Сендер желді қалай елестетесіңдер?
-
Мейірімді желді қандай түспен салуға болады?
-
Қалай суретін саламыз?
Хормен:
«Мейірімді жел!
Біздерді балабақшаға алып кет!»
Буратино:
-Қандай көңілді!
Олай болса, ойын ойнайық
|
Отырады.
-
Буратино, сенде мектепке баруға дайынсың ба?
-Сауат ашу, математика, тіл дамыту, көркем әдебиет, ағылшын тілі, орыс тілі, сурет.
Ерасыл:
Әліппенің А тұрады басында, Әрқашанда Ә тұрады қасында, Байқадыңба Б тұрады үшінші Ал соның сыры неде? Түсінші.
Кәусар:
А деген ол-Аналар ғой ардақты Әдеген ол-Әкелерғой салмақты Б деген ол-балалар ғой әдемі Үшеуі де кәделі алшақ кетпей, Сондықтан да қасында тұрады Олар әліппенің басында!
-
Он шар болған.
-
Төртеуі ұшып кеткен.
-
Сұрақтарға жауап береміз!
-
Буратино, біздің қасымызда жүр, үйренесің ғой!
-жел
-
Қазақстан Республикасы деп аталады.
-
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-
Тәуелсіз, егеменді, көпұлтты, қонақжай мемлекет.
-
Қазақтар.
Дәулет:
-
Ғасырға ғасыр жалғап тарихы өткен. Су мұзға айналғанда. Ежелден ата-бабам мекен еткен Әр ақыны атына жыр тербеген Маңғыстау бұл менің -Атамекен Жабайы аңдар. Түлкі, қоян, аю, қасқыр.
-
7 кесе. Кесені жеуге болмайды.
-
Салыстыру таңбалары арқылы білеміз >; <; =.
-
4 мезгіл: Көктем, жаз, күз, қыс
-
12 ай бар.
-
Шарты, сұрағы, шешімі, жауабы.
-
Дыбыстар екіге бөлінеді: дауысты, дауыссыз.
-
Тырна, көкек, үйрек, қарлығаш.
-
Құстар, көктем мезгілінде ұшып келетін жыл құстары.
Қош келдің мектепке!
Сен мектепке барасың ба?
-
Мыстан әжей, біздер шарларымызды іздеп жүрміз.
-
Бізге берінші.
-
Алма, цирк, паравоз, вагон, аю.
-Магниттің көмегімен тез тазалап береміз
-10 шар болды.
-
Сары, ашық көк түспен салуға болады.
Ақ бетке қылқылыммен дақты жағамыз,түтікшеден үреміз.
|
Рефлексиялық-
Түзетушілік
|
Ойын: «Әріп тастамақ»
Шарты: Он шақты бала ортаға шығады. Әріптерді ортаға қойып шығып, музыка ырғағымен билейді. Музыка тоқтағанда әріптерді атап, сол әріпке сай сөз ойлап, буынға бөлу.
-
Балалар, бізде бүгін қандай іс-әрекет болды?
-
Не істедік? Қайда бардық?
Жарайсыңдар, барлықтарың іс-әрекетке белсене қатыстыңдар
|
-
Қорытынды ашық іс-әрекеті болды.
-
Тапсырмалар орындап, ойын ойнадық. Саяхатқа барып, Күлдіргеннің шарларын тауып бердік.
Қандай жақсы ашық сабақ болғаны, Білім нәрі жүрекке кеп қонғаны Біз білімді болып шықтық, мінекей!
|
Нені білуі керек: Оқуды, есеп шығаруды, сахналауды.
Нені игерді: Сөз жұмбақтан сөз шығаруды. Буындардан сөз құрауды. Тыныс белгілерін қоя білуді.
Нені білді: Сұрақтарға толық жауап бере білді. Тапсырмаларды зейінді болып орындады.
Достарыңызбен бөлісу: |