«Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» тақырыптағы



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата06.06.2020
өлшемі210,23 Kb.
#72541
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1.ТҮЙІНДЕМЕ Сауркова Ж қазақша-converted
Презентация Microsoft PowerPoint, ответы, ответы
Үшінші кезеңде (2018-2019 жж) тәжірибелік-эксперимент жұмыстары 

жалғастырылып, зерттеу нәтижелері жинақталып, ғылыми жүйеге келтірілді. 

Эксперимент  нәтижесінде  жаңартылған  білім  мазмұны  арқылы  бастауыш 

сынып  оқушыларының  пәнаралық  байланыстар  арқылы    ғылыми 

дүниетанымын  қалыптастырудың    ұтымды  әрі  тиімді  әдіс-тәсілдері 

анықталды.  Зерттеу  мәселесі  бойынша  жинақталған  материалдар  мен 

тәжірибелік 

эксперимент 

жұмысының 

нәтижелері 

сараланып, 

қорытындыланып, диссертация түрінде  рәсімделіп, өнделді. 

Ғылыми  білімдерді  беруде  білім  алушының  немесе  игерушінің  жас 

ерекшеліктері  мен  танымдық  болмысының  деңгейіне  қарай  лайықты  және 

олардың  білім  алу  деңгейлеріне  үйлесімді  түрде  берілуін  пәнаралық 

байланыстар негізінде жүзеге асатын танымдық үдеріс деп түсінуіміз керек.  

Бастауыш  сынып  оқушыларының  білімді  терең  игеруі,  әлемді  және 

қоршаған  ортаны  ғылыми  тұрғыдан  танудағы  дүниетанымдық  көзқарасын 

қалыптастыруда  жаңашылдық  әдіс-тәсілдердің  /технологиялардың/  негізі 

болып табылатын дидактика саласының заңды бірлігі ретінде білім беру мен 

оқу міндеттерін пәнаралық байланыстар негізінде жүзеге асыру, сол арқылы 

меңгерту  болып табылады.  

Пәнаралық байланыс меңгерген білімді кешенді түрде пайдалана білуге 

жол ашады. Мектептегі пәндік жүйе бір-бірінен бөлек жатқан дүниелер емес, 

сондықтан  пәндер  арасындағы  байланысты  жүйелі  сабақ  үдерістерінде  іске 

асырып отыру арқылы олар бірін-бірі толықтырып отырады. 

Жаңартылған  білім  мазмұны  жүйесімен  бастауыш  сыныптардағы 

педагогикалық  үдерістердегі  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асырудың 

педагогикалық шарттары өзіндік сипатқа ие болады. 

1-ші шарты: Oқy пәндеp apacындaғы өзapa бaйлaныcтың бoлyы – түрлі 

ғылым салаларын меңгеpy және танымдықтың /оқу-жаңа білімді алу, тәрбие, 




даму/ кешенді түріне ие болу арқылы тілдік қатынастың ерекшелігін ескеру – 

бұл:  бастауыштағы  орын  алатын  пәнаралық  байланыстарда  оқушылардың 

әртүрлі  ғылыми  ұғымдар  жүйесімен  таным-түсініктерінің  қалыптасуын 

зерделеу,  ауызша  және  жазбаша  нормаларын  меңгеруі,  сөйлеудің  мақсаты 

мен мазмұнына сәйкес қарым-қатынастың түрлі жағдайында мәнерлік тілдік 

құралдарды пайдалану білігі.  Сауатты  сөйлеу  мен  сөздік  қорының  артуына, 

алға  қойылған  мақсатты  айқындауда,  танымдық  әрекеттегі  оқыту 

технологиясының  табиғатында  жатқан  дүниетаным  логикасының  қазақ 

ұлттық  дүниетаным  жүйесінде  де  танылған  бейнесін  салыстыра  отырып, 

оқушылардға  ана  тілі  арқылы  білімді  төл  табиғатына  жақын  етіп  беруді 

басшылыққа алады. 

2-ші  шарты:  Дүниені  ақиқаттық  және  шындық  тұрғысынан  танудағы 

бiлiм мaзмұнының бapлық құpaмды бөлiктеpiн оқудағы бірізділіктің болуын 

басшылыққа  алу  –  бұл:  оқытудағы  бірізділік  –  жаңа  оқу  материалын  оқу 

бұрынғы  оқытумен  қамтамасыз  етілетін  көрсететін  білім  беру  және 

оқытудың  талабы. Білім  талаптың  орындалуы  оқыту үдерісінің  үздіксіздігін 

қамтамасыз  етеді.  Жаңа  материалды  баяндауда  мұғалімнің    үнемі 

оқушылардың  қабылдаған  білімдеріне  сүйенуді  бұл  олардың  жұмысын 

жандандырады, бұрынғы оқылған  материалдарды қалпына келтіріп,  оқушы 

санасында  берік  бекуіне  көмектеседі.  Бұл  талаптың  тәжірибеде 

пайдаланылуы  оқытудың  қарапайымынан  күрделіге,  жақыннан  алысқа, 

жеңілден  ауырға,  нақтылыдан  абстрактіліге  деген  ережелерін  орындауда 

байқалады.  Бастауыштың  оқу  жоспарлары  мен    бағдарламалары  оқытудағы 

бірізділігін  қатаң  сақтай  отырып  жасалады  және  оқудағы  бірізділік 

пәнаралық байланыстады жүзеге асыруда ерекше мәнге ие болады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет