«Жаңартылған бастауыштың білім мазмұны аясында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары» тақырыптағы


Зерттеу  нәтижелерінің    дәлелділігі  мен  негізділігі



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата06.06.2020
өлшемі210,23 Kb.
#72541
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
1.ТҮЙІНДЕМЕ Сауркова Ж қазақша-converted
Презентация Microsoft PowerPoint, ответы, ответы
Зерттеу  нәтижелерінің    дәлелділігі  мен  негізділігі  диссертациялық 

зерттеудің  теориялық  негізде  дәлелденуімен,  зерттеу  мазмұнының    ғылыми 

аппаратқа сәйкестілігімен, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес қажетті әдіс-

тәсілдерді  кешенді  пайдаланумен,  тәжірибелік-эксперимент  жұмысының 

жоспары  жүйелілігімен,  алынған  зерттеу  нәтижесінің    нақтылығымен, 

дәйектілігімен,  сенімділігімен сипатталады. 



Зерттеу  нәтижелерін  сынақтан  өткізу  мен  енгізу:  Зерттеу 

нәтижелерін    сынақтан  өткізу    педагогикалық    эксперимент    жұмысын  

жүргізу  барысында  жүзеге  асырылды.  Зерттеудің  негізгі  бағыттары  мен 

нәтижелері  Республикадағы  халықаралық  конференцияларда  –  екі  (2),  ал, 

шетелдік  халықаралық  конференцияларда  –  екі  (2),  4  (төрт)  мақала  – 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  28  қазандағы  №  1111 

қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігі  туралы  Ереженің  16  –  тармағының  121  тармақшасына  сәйкес 

уәкілетті  орган  бекітетін  ғылыми  қызметтің  негізгі  нәтижелерін  жариялау 

үшін  ұсынылатын  ғылыми  басылымдар  тізбесіне  енгізілген  ғылыми 

басылымдарда  жарық  көрсе,  екі  (2)  мақала  –  халықаралық  ақпараттық 

компаниясының  деректер  базасында  индекстелетін  Scopus  (Скопус) 

журналында жарық көрді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет