«Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшеліктері»


Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері



бет6/8
Дата06.11.2023
өлшемі35,71 Kb.
#189968
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
тапсырма 1

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы бағалау түрлері мен әдістері
«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»
А.Байтұрсынов

Қазіргі таңда білім саласының басты мақсаты құзіретті, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастырып, дамыту болып табылады.


Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев : «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде?
1. Ен бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді.
2. Оқу мақсатарына жету.
3 Ортақ тақырыптардың берілуі.
4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді , орта мерзімді, ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді.
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады.
1. Қалыртастырушы бағалау.
2. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр.
Қалыптастырушы бағалаудың шарттары :

  1. Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі;

  2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы ;

  3. Оқушылардыңөзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы;

  4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі;

  5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі;

Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады:
1. Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды;
2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін. Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі.
Дескриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
-Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
-Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді;
-Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі;
Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары,рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жекежұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет