Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960ж.) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунердің жұмысына негізделген, спираль тәрізділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пәнді
бірнеше рет қайталап оқиды;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты және алдыңғы
алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру КЕҢ АУҚЫМДЫ ДАҒДЫЛАР Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері