«Оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге (оқудағы болса да) айналады. Әңгімелесуде басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау керек.
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.