Сабақ тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»



Дата16.10.2023
өлшемі383,5 Kb.
#185859
түріСабақ
Байланысты:
3 3 Қазақ тілі 3 сынып 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен БЖБ Дидактикалық материал АГ




2-бөлім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Сабақ тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)


Қосымша №1

- Суретті көргенде қандай сезімде болдың?


- Бұл сурет туралы не білгің келеді?
- Осы сурет саған қандай ой салды?

Қосымша №2
Жиынтық бағалау материалдары
1-тапсырма. Мәтінді оқы.

Өтірік
(Ертегі)
Ерте заманда қулығы асқан бір адам өмір сүріпті. Ол өзі адамдарға өтірік айтып, алдауға өте құштар болыпты. Бұл жағынан оған тең келетін жан болмаған. Адамдарды өз өтірігіне сендіріп, жаман әдетін қоя алмаған екен.
Бір күні ол өзенге суға түсуге келеді. Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Суға батып барамын, көмектесіңдер! Құтқарыңдар!» деп айқайлайды. Оның өтірігінен шаршаған адамдар: «Тағы да өтірік айтып жатыр» - деп ойлап, сөзіне мән бермейді.
Осылайша өтірікті ақиқаттан жоғары санаған өтірікшінің өмірі өкінішті аяқталыпты.



  • Суға батып бара жатқан адамға неліктен ешкім көмек бермеді?

А. Ол өтірік айтып жатыр деп ойлады.
Ә. Ол үнемі шындықты айтады деп ойлады.
Б. Оның сөзіне барлық адам сенеді.

  • Ертегі мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз

1.________________________________________________

  • Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?

__________________________________________________________________________________________________


2-тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, ертегіні қалай аяқтар едің?
Тірек сөздер: құтқарды, түсінді, шындық, қуанды.


Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Суға батып барамын, көмектесіңдер! Құтқарыңдар!» деп айқайлайды . ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қосымша №3
Өз-өзіңді тексер
- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?
- Мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?
- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?
- Cөздердің қатесіз жазылуын тексер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет