10. Ұлутас (ракушки).
Ӛзен, кӛл, теңіз жағалауларынан сыртқы түрі
қызық, ӛзіндік қалпы бар ұлутас үйшіктерді кездестіруге болады. Балалармен
саяхат жасай жүріп ұлутастар жинап алынады. Ұлутастарды жинап алғаннан
кейін жуып, тізіп кептіреді. Ұлутастарды толықтыру материалдары ретінде
немесе кейбір жануарлардың бейнесін жасағанда пайдаланады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, еңбекке баулу
сабақтарындағы жабыстыру жұмыстарында ӛзіміздің тұрғылықты жеріміздің
кӛптеген табиғи материалдарын пайдалана отырып, әртүрлі жұмыстар
жасауға болады. Бұл материалдардың әрқайсысының ӛзіне тән қасиеті және
дайындап, сақтаудағы ерекшеліктері бар. Табиғи материалдарды алдын-ала
дайындап, түрлеріне қарай сұрыптап, оларды (папка) хаттамаларды немесе
қорабтарда сақтау керек. Бұл жұмыс істеу кезіндегі ізденісті жеңілдетіп
оның жақсы сақталуына септігін тигізеді.
Сәтті таңдалған табиғи материалдардан жасалған заттар балалардың
кӛңіл-күйін кӛтеріп оларды еңбектенуге құлшындырып, табиғат туралы
білімдерін байыта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: