орналасқаны ұсақ боп кӛрінеді, ал затқа қарап тұрып алыстаған сайын, ол
ұсақ боп кӛрінсе, жақындаған сайын – үлкен боп кӛрінеді.
Рельс сызығы, сымдар, т.б. кӛкжиектегі сызықта түйіседі, ал бұл нүкте
түйісу нүктесі деп аталады.
«Горизонт» сӛзі грек тілінен аударғанда шектелу, аспан мен жердің
қосылу шегі деген ұғымды береді. Математикада «горизонт» термині нақты
беріледі, бейнелеу ӛнерінде «горизонт» сӛзі бейнелеу жазықтығындағы
кӛлбеу сызық, бұл суретшіге нақты бейнелерді құруға мүмкіндік береді. Бұл
шамамен суретші назары қай деңгейде болғанын кӛрсетеді. Ол бейнелеу
және сурет жазықтығын екіге бӛледі: үстіңгі және тӛменгі. Перспектива
теориясында бақылаушының шартты кӛру сызығындағы жазықтық шегі
горизонт деп аталады. Горизонт әрқашан бақылаушының кӛз сәйкес болып
келеді.
Заттың перспективалы формалы бейнесін беруде сурет салушы адам
горизонттың орналасу сызығын анықтап алғаны жӛн. Кӛп жағдайда горизонт
сызығы мен түйісу нүктесі сәйкес келе бермейді, ол сурет жазықтығынан
тысқары үйлесіп жатады. Кӛбіне оныкӛру міндетті де емес, алайда
перспектива заңдылықтарын білу қажет.
Мысалы: перпективада квадрат салу керек болса, ең алдымен горизонт
сызығы түйісу нүктесін біліп алу қажет. Содан соң квадраттың сүйірлене
бітетін қырларын түйісу нүктесіне сәйкес орналастырамыз.
Кӛрушіге бұрыштай қойылған кубты бақылай отырып оның барлық
қырларының перспективалы түрде алыстап кӛрінетінін байқауға болады.
Оның қырлары оң және сол жақта түйісіп жатады. Суреттегі перспективалық
ӛзгерістерді түйісу нүктесінің орналасуына байланысты кӛзбен шамалауға
болады. Анықтау дәлдігі кӛз шамасының даму дәрежесіне байланысты болып
келеді. Суреттегі оң жетістіктер кӛп жағдайда перспектива ережелерін жақсы
біліп оны практикада қолдануға тікелей байланысты.
Перспективада әсіресе жұмыр қырлы заттарды натурадан салуда ерекше
мән беру керек. Кӛп жағдайда қате кетіп жатады. Перспективада дӛңгелек
заттар салуда квадрат салудағы перспективаларды басшылыққа алу керек.
Заттың формасын беретін сызықтар жарықтың шектелуі де болып саналады.
Сонымен қатар ауа перспективасы бар. Ол суретшінің түстерді
ажыратудағы ұстанымдарын білдіреді: жылы түстерге (сары, қызғылт,
қызыл, қоңыр), суық түстерге (кӛгілдір, кӛк, жасыл, күлгін) жатады.
Алыстағы заттар суық, ал жақын заттар жылы боп кӛрінеді. Бұл ауа
перспективасы әсерінен болады.
Достарыңызбен бөлісу: