Бала натурадан сурет салу барысында сурет салуға қалай кірісетіндігін
білмейді, ӛз мүмкіндіктері мен қабілеттерін қалай қолдану ретін білмей, кӛзі
кӛріп тұрған заттар мен олардың қарым-қатынастарын сол қалпынша
бейнелей бастайды. Ол заттың сыртқы формасын тура бейнелеп, ұсақ
бӛліктеріне дейін айнытпай салуға тырысады. Салу барысында сурет салу
жүйелілігіне кӛп мән бере бермейді, күрделі бейнелерді салуға талпынып,
сәтсіз суреттер сала бастайды. Сондықтан ӛзі бақылаған кӛркем заттары мен
құбылыстарын бейнелеуде оған нақты жүйені негізге алулары қажет.
Оқушы бастапқыда натурамен танысып, біртіндеп оның негізгі белгілері
мен құрылымдық ерекшеліктеріне мән бере бастайды. Осылайша натурамен
бастапқы танысу балаға объектіні таңдап, талдауға мүмкіндік береді. Үлкен
форманың негізгі сипатын бӛліп алуға, натураның жалпы түрін табуға
мүмкіндіктер береді. Педагогтың осы кезеңдегі негізгі міндеті сурет салуға
кӛмектесу – оқушыны затты бейнелі формада, тұтас, жалпылай қабылдауға
кӛмек беру.
Педагогтың міндеті – балаға заттар тобынан негізгі затты бӛле-жарып
таңдауға ықыласы болу керек. Ұсақ реттілікпен салынатын суретті сұлба
(набросоктан) бастауға болады, оның ең соңғы реті, суреттің композициялық
негізгі идеясы орындалатындай етіп салынуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: