«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx
Арнайы сынақ жаттығулары, zoo, 1 курс практика, РФРАТ 2, 1 СӨЖ-2
Өсімдік пішіндес өрнектер
– сӛмке қаптама, тыс тәріздес тұрмыстық 
заттардағы ӛрнектерде кездеседі. 
Геометриялық өрнектер
– негізінен тоқыма бұйымдарында кӛбірек 
қолданылады.
Ботамойын, қошқар мүйіз ою үлгілері
сырмақ текемет беттерін 
безендіруде кӛп қолданылады.
Сыңар мүйіз оюы
, қармақ оюлары үй жиһаздарының сыртын, киім-
кешектерді оюлап сәндеуде қолданылады.


Ирек толқын элементтері
текемет басу, сырмақ сыру, кӛрпе қабу 
кезінде негізгі ою-ӛрнектің жиегін кӛмкеру үшін қолданылады.
Түйе мойын, қолтықша оюлары
алаша, басқұр, шашбау, кілем, түс 
киіз тоқуда ӛрнек ретінде қолданылады.
Бастауыш сыныптарда оқушылар қазақ халқының қолданбалы ӛнер 
түрлерімен танысып, ол жұмыстарды дайындау тәсілдері туралы кеңірек 
мағлұматтар алады. 
1-сыныпта 
текемет, кілем, сырмақ сияқты тӛсеніштік тұтыну 
бұйымдарымен бірге, аяққап, кесе қап, қоржын т. б. тұрмыстық тұтыну 
бұйымдары туралы. Зергерлік бұйымдардын түрлерімен құрақ құрау 
ӛнерімен таныстырылады. Олардың ою-ӛрнектерін бастырмалап орындау
текемет-сырмақтардың қағаздан дайындалған кішігірім үлгілерін дайындап, 
әшекейлеу жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстармен бірге ағаштан 
дайындалған үй жиһаздары сандық, жүкаяқ, кебеже сияқты бұйымдармен 
бірге тоқу ӛнеріне баулу, ұлттық ою-ӛрнектерді қию оларды бастырмалап 
(жапсырмалап) орындау тәсілімен танысса, 2-сыныпта қошқар мүйіз оюы 
үлгісімен орындалған композициялы жұмыс түрлерімен танысады. Мата 
бетіне ою үлгілерін кестелеп тігу, матадан тұс киіз үлгілерін, сырмақ үлгілерін 
дайындау тәсілдерімен, қамшы ӛру, шексіздікке ұластыра ою үлгілерін 
орналастыру жолыменен, құс қанаты ою элементтерінен ою-ӛрнек құрастыру 
тәсілдерін үйренеді. 
Жұмсақ сымнан ою-ӛрнек құрастыру тәсілі үйретіледі. Оқулықта 
қолданбалы қолӛнер түрлерімен гүл шоқтарын құрастыру тәсілімен (икебано) 
таспадан себет тоқу тесілімен, ши тоқу ӛнерімен тереңірек танысып, 
шексіздікке ұластырылған ою үлгілері қию жолымен үйретіледі. 
Практикалық жұмыстарда 1-сыныптан бастап ең қарапайым жұмыс түрлерінен 
дайындалатын тапсырмалар бірте-бірте күрделеніліп беріліп, оларды дайындау 
жолдары үйретіледі. Тапсырмаларды дұрыс орындап шығу үшін, оқушылар 
сабақты қызықты, түсінікті етіп сабаққа ынтасын арттыру үшін, ойын ретінде 
күйтабақ, күй таспаларды қолдану арқылы бала эмоциясын кӛтеру 
қарастырылған жӛн. Мүмкін болған жағдайда Жұмыс барысында қолӛнер 
түрлері үлгісін қолдарына ұстай отырып, күн ілгері болжау арқылы баланың 
қиялын кеңейтіп отыру керек. 
Қазақ халқының ұлттық қолӛнерінің барлығы ою-ӛрнектермен 
байланысты болып келеді. Ою-ӛрнексіз орындалған қолӛнер бұйымдарының 
онша әсем, кӛрнекті болмайтыны белгілі. 
Сол себептен оқушылар қазақ халқының ою-ӛрнектерінің түпкі тӛркіні 
қошқар мүйіз 
болса, кейін келе бұл оюдың ӛрбуі, үйлесімділігі, орналасуы мән 
мағынасы туралы мағлұматтар берілуі тиіс. 
Ою-ӛрнек жӛнінде тарихи деректерге жүгінсек ертеректе адамдар ӛз 
ойын, тасқа, сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. 
Ою 
деген сӛзбен 
өрнек 
деген сӛздің мағынасы бір. Бұл сӛздің ұғымында бір нәрсені оя кесіп алу 
немесе екі затты оя кесіп алып қиюластыра білу, және бір нерсенің бетіне 
бедер түсіру 
деген мағына береді. Әрбір оюдың мағынасы, мазмұны және 
ӛзіндік сипаты болады. Ою-ӛрнек зерттеушілердің еңбектерінен түсініктеме 


беретін болсақ ою-ӛрнек, басты белгілеріне қарай ою-ӛрнекті лента (таспа) 
гүлдік ӛрнек, торлы ӛрнек болып бӛлінеді. Бейнелеу белгілеріне қарай ою-
ӛрнектер, 
көгерістік 
ӛрнек, геометриялық пішіндік ӛрнек, зооморфтық ӛрнек, 
қиял-ғажайып 
ӛрнек деп те жіктеледі. 
Кейбір ӛнер танушылар басқаша топтарын ұсынады. Сабақтар барысында 
оқушылар композиция, колорит, ырғак, симметрия деген сӛз мағынасын айыра 
білу үшін түсініктемелер беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет