Дәріс 4-5. Бейнелеу өнері негіздері
1.
Бейнелеу ӛнері және оның түрлері
2.
Бейнелеу ӛнерінің жанрлары
3.
Түстану, перспектива заңдылықтары, композиция заңдылықтары.
Бейнелеу ӛнері – ақиқат кӛрінетін дүниенің бейнесін кеңістікте немесе
жазықтықта кӛрнекті суреттейтін ӛнердің түрі. Бейнелеу ӛнерінің сан
ғасырлық даму тарихында мынадай түрлері бӛлініп шықты:
кескіндеме,
графика, мүсіндеу, сәндік-қолданбалы ӛнер, сәулет ӛнері.
1. Кескіндеме (живопись) – бұл жазықтықтың бетіне жағылған әр түсті
бояу қабаттарының кӛмегімен жасалатын ӛнер шығармасы. Живописьтің
графикадан айырмашылығы осында. Қолданылатын материалдарға (бояу)
байланысты живопись техникасының түрлері мынадай болады:
майлы бояу
живописі, акварель, темпера, фреска, мозайка.
2. Графика – қағаз не қатырмақағазға қарындаш, қаламұш, кӛмір,
қылқалам кӛмегімен немесе арнайы баспа машиналарымен салынған сурет.
Бұл сӛз гректің «qrapho» – «жазамын», «суретін саламын» деген сӛзінен
шыққан.
3. Мүсіндеу (скульптура) – шындық ӛмірді ӛзінің
ерекше әдісімен
кӛркем бейнеде кӛрсететін бейнелеу ӛнерінің бір түрі. «Скульптура» атауы
латынның «sculptere» – бірдеңені «ойып алу», «қашау» деген сӛзінен
шыққан. Алғашында осы әдіспен жасалған
шығармаларды білдіреді,
кейіннен жұмсақ материалдан (сазбалшық, т.б.) сомдалған мүсіндер де осы
ұғыммен аталды.
4. Сәндік-қолданбалы ӛнер латынша «decorare» - «әшекейлеу» – ӛзіндік
эстетикалық
ерекшелігі бар, тұрмыста,
еңбекте ұдайы сарамандық
қажеттілікке ие ӛнер түрі. Сәндік-қолданбалы ӛнерде халық ӛнерінің
дәстүрлері айқын аңғарылып тұрады.
5. Сәулет (архитектура)– грек сӛзі «arckitekton» – «құрылысшы»,
«сәулетші» – адамның ӛмірі мен қызметіне қажетті материалдық орта
құрайтын үйлер мен
ғимараттар және олардың кешені, сонымен қатар, ол
кӛпшіліктің эстетикалық кӛзқарасын
қанағаттандыратын, жаңа техникалық
мүмкіндіктерге, қолданылу орнына сәйкес келетін
ғимараттар мен олардың
кешенін жобалау мен тұрғызу ӛнері.
Достарыңызбен бөлісу: