«Жаңартылған мазмұндағы «Көркем еңбек» пәнін оқыту әдістемесі» пәні


Бейнелеу өнерінің жанрына жататындар



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата15.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#131825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
Жаңарт мазм Көркем еңбек лекция. docx
Арнайы сынақ жаттығулары, zoo, 1 курс практика, РФРАТ 2, 1 СӨЖ-2
Бейнелеу өнерінің жанрына жататындар: 
портрет, пейзаж, 
натюрморт, тақырыптық картиналар. «Жанр» атауы «Qenre» – француз сӛзі. 
Ол «түр», «тек» деген мағынаны білдіреді. 
 
Түстану – 
түс құбылыстарынан түсінік беретін және оның шығу тегін
сырлы дүние әлемін бақылау құбылыстарынан байқалуын оқытып үйрететін 
ғылым.
Табиғат әлемінде кездесетін барлық түс дақтары екі топқа бӛлінеді:
1. Хроматикалық түстер 
2. Ахроматикалық түстер 


Хроматикалық түстерге – қызыл, сары, кӛк, жасыл, т.б. түстер және 
олардың қоспасы жатады.
Ахроматикалық түстерге – ақтан қараға дейінгі сұр түстер жатады.
Хроматикалық түстер түс ӛңіне, жарықтығына, қанықтығына 
байланысты ажыратылады.
Ахроматикалық түстер тек жарықтың түсу деңгейімен анықталады. 
Живопись картиналары бояумен салынады. Живопись қоршаған табиғат пен 
ортадағы заттарды қағаз бетіндей жазықтыққа түсті бояулардың кӛмегімен 
бере білуде маңызды

Түс арқылы кӛркемдік пен әдемілік беріледі. Суретші 
түс арқылы салатын затының қасиеті мен формасын, сапасын бере алады. 
Түс арқылы ой, кӛңіл-күй мен сезім де беріледі. 
Түстер жайлы ғылымның суретшіге берері кӛп. Түрлі түстер
 
ерекшелігін 
жақсы білу үшін оны кескіндемеде, сәндік ӛнерде пайдаланып, суреттер салу 
қажет. Түстер мен түрлі түсті реңктердің пайда болуын ежелгі Грецияның 
оқымысты ғалымы Аристотель зерделеп, түсінугше әрекет еткен. Жарық жоқ 
жерде біз ешқандай түсті кӛре алмаймыз.
Күн сәулесінде түстердің барлық толқынының құрамы бар. Ақ түстер 
кӛп қырлы шыны призма арқылы ӛтіп, құрамды бӛліктерге жайылады, бұл 
спектр деп аталады.
Спектр түстері белгілі бір жүйелілікпен орналасады.
Бұл түстерді шеңбер ішінде осы ретпен орналастырып шықса, қызыл түс 
пен күлгін түстер бір-біріне жымдасып қабысады. Бұл –түстік шеңбер болып 
табылады.
Сурет салуға үйрену үшін бояуларды нақты түстер мен аралық түстерді, 
түс аралық реңктерді ажырата білу қажет. Спектрдің негізгі түстері: қызыл, 
сарғыш, сары, жасыл, кӛгілдір, кӛк, күлгін. 
Түстердің саны белгілі: бар болғаны жетеу-ақ. Ал, бірақ әр түсте қанша 
реңк бар, оны санап шығу еш мүмкін емес. Табиғаттың бояу байлығын 
жақсылап ұғыну үшін дүниеге дұрыстап зер сала білуге үйренуіміз керек.
Түстер жылы, суық болып екіге бӛлінеді. Сары, қызыл, қызғылт сары 
жылы түстерге жатады. Ол күзгі жапырақтың, кешкі шапақтың, піскен нарт 
алманың түстері. Кӛк, кӛгілдір, күлгін түстер суық түске жатады. Олар 
аспанның, қарлы даладағы кешкі ымырттың түсі. Жылы түске де суық түске 
жататын түстер бар. Мәселен, жасыл түс. Ол жасылға не сары, не кӛк түстің 
қосылуына байланысты. Бояуларды қосу арқылы суретші жаңа түс табады. 
Кӛк пен қызылды қосып не күлгін кӛк, не солғын қызыл түс алуға болады. 
Кӛк пен сарыдан жасыл, ал сары мен қызылдан ал қызыл түс шығады.
Айналамыздағы қоршаған заттардың, ӛсімдіктердің ӛздеріне тән түстері бар.
Бояумен жұмыс істегенде түстерді бір-бірімен үйлестіре отырып сурет 
салады. Түстердің бір-бірімен дұрыс үйлестірілген түрі түстік рең дейді.
Түстік реңдер жылылау, суықтау, қызғылттау, кӛгілдір-сарылау, тағы басқа 
түрлеріне бӛлінеді.
Түс шеңберінде бір –біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы түстер 
дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, кӛк-қоңыр, тағы басқалар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет