Жаңаша оқыту заман талабы
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі
Биология пәнінің оқытушысы: Асанова Н.Е.
Қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, білім бұлағына жеткізуші болуы тиіс.Жаңа білім үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Ол үшін мұғалім сабаққа жан-жақты дайындалуы қажет. Сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан сұрақтар туындауы мүмкін, мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі мүмкін. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыратын технологияларға сын тұрғысынан ойлау, жобалау, проблема туғызу ұжымдық қарым-қатынаста оқыту жатады.
Іздену-оқу-таным проблемасын шешуге бағытталған білімгерлердің іс-әрекеті, оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі. Біздің міндетіміз де білімгердің таным белсенділігін арттыра түсу, ойлау қабілетін, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.
Биология пәнінен білімгердің қызығушылығын тудыратындай қызықты сабақтарды өткізу үшін мұғалім өз пәнінің білгірі, жаңалыққа жаны құмар, технологияларды жақсы меңгерген, білімі мен білігі жоғары тұлға болуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық сауаттылықты талап етеді.
Қызығушылық деп –оқушының бір нәрсеге зейін қоюын, кейбір затар мен құбылыстарды танып білуге ұмтылуын айтамыз.
Ой елегінен өткізген материал жадыда жақсы сақталады. Ойлау басқа да танымдық іс-әрекеттерге әсерін тигізеді.
Білімгердің танымдық іс-әрекетін белсендіру дегеніміз-ол ойлау қабілетін белсендіру деп айтуға болады.
Таным үрдісі-өте күрделі үрдіс. Білім қорының молаюы да осыған байланысты. Танымдық қызығушылығын дамытпай оқу үрдісін жүзеге асыру мүмкін емес.Оқу құрылысын жүйелі талдау негізінде оқушылардың танымдық әрекетінде екі іс-әрекет бөліп шығарады.
-Оқушы-мұғалімнің бірлескен іс-әрекеті
-оқушының дербес іс-әрекеті.
Кез келген жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізеді. Нәтижесінде ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны педагог қана қалыптастыра алады.
Биология сабағында интерактивті оқыту әдістері тиімділігі жағынан жоғары.
Қазіргі уақытта жаратылыстану –ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен оқытушының, білім алушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашып отыр. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында оқытушы сабақ мазмұны білімалушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өту үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалдар іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.
Биология сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың білімалушылардың алдына қойған мақсатын жетілдірудің тиімділігі:
1. Білімалушыңың дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыруды және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану.
2. Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) ұйымдастыру.
3. Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы класссикалық жетілдіру.
Әр сабақ тақырыптан басталады, тақырыпты жай ауызша мәлімдемеу керек емес, тақырыпты айтпас бұрын қызығушылығын арттыру керек, өтетін тақырыптың маңыздылығын, бұрын өткен сабақпен байланысын көрсету маңызды.
Білімгер тақырыптың маңызын түсіну барысында игеруге талпыныс жасауы керек. Әр сабақтың басты міндеті-білім алушының танымдық құзырлылығын дамыту. Ол үшін –білімгердің материалды қабылдау еркшелігін ескеру.
-оқыту үрдісіндегі ашықтық, еркіндік.
-тұлғалық қасиетін қалыптастыру
-жеке дара оқыту үрдісін ұйымдастыру
Танымдық қабілетін арттыру жолдары.
-ақпаратты өмірмен ұштастыру, байланыстыру.
-мәселелік жағдаят туғызу
-әдеби,ғылыми-көпшілік әдебиеттерді қолдану.
-салыстыру, талдау, жинақтауды үйрету.
-сабақтағы материал аудитория шеңберінен шығып, табиғи табиғи ортамен тығыз байланысты бола келіп, одан әсер алатын күнделікті қоғамдық өмірмен астасып ұштасып жатса, теориялық білім практикамен жалғасып, білімгер ой-өрісін, сана сезімін кеңейтеді.
Іздену-оқу таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті.
Топтастыру.
1.білімді игеру
2. шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру
3. білімді іс жүзінде қолдану
4. шығармашылық қызмет
5. алған білімді бекіту, баяндау
6. білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
- «Блум токсономиясы» технологиясы бойынша өткізілген сабақтар (биология) үрдісіндегі өзгерістер және нәтижесі
«Ең жақсы тілек» топта психологияляқ ахуал тудыру.
Тілек ағашына қолдарына берілген стикерге тілектерін жазып жапсырады.
БІЛУ: Ми шабулы. « Генетика» дегеніміз не?
Топқа бөліну: Гүлдердің түсі арқылы. Сары, Қызыл, көк.
Топ ережесін бекіту
Кезекпен сөйлеу.
Белсенді болу
Сұрақ барма сұра?
Өз пікіріңді ортаға сал.
Ұсыныс, идеяңды талқыла.
Көмектес, көмек сұра.
Баға ретингі.
«5» 15-20 ұпай
«4» 14-11 ұпай
«3» 10-5 ұпай
ТҮСІНУ
1 топқа Генетиканың атасы неліктен Г. Мендель саналады?
2 топқа Мендельдің бірінші заңы неліктен біркелкілік заңы деп аталады?
3 топқа Мендельдің екінші заңы неліктен ажырау заңы деп аталады?
ЖИНАҚТАУ
«Нақты жауаптар айдары»
Доминантты, рецессивті,аллелді гендер, гетерозигота, гомозигота, фенотип, генотип, альтернативті гендер.
«Өрмекші торы» Деңгейлік тапсырмалар:
А деңгейі
Генетика ғылымы нені зерттейді?
Генетика ғылымының негізінің қалануының не себепті Мендель есімімен байланысты?
Гибридологиялық әдістің ерекшелігі неде?
4 Мендель неліктен асбұршақты зерттеу объті ектісі ретінде алды?
Генетика пәнінің негізі қай жылы қабылданды?
Б деңгейі
Моногибридті будандастыру дегеніміз
Диплоидті организмде белгілердің қанша аллельді гендері орналасқан?
1:2:1 қатынасында будандасуда генотипі мен фенотипі бойынша Ғ2- ажырайды.
Тұқымқуалаушлықтың хромосомдық теориясын кім ұсынған?
В деңгей
Буданның екінші ұрпағын алуда Г. Мендель тозаңдандырудың қандай түрін пайдаланды?
Бір хромосомада ғана шоғырланған түрлі гендердің бірігіп тұқымқуалауын қалай атайды?
Кросинговер мөлшері 17 болғанда қанықтырушы шағылыстыру кезінде өзгермеген генотиптің пайыздық қатынасы нешеге тең?
Ұқсас хромосомалардың сәйкес бөліктерінің өзара алмасуы қалай аталады?
Кері байланыс:
J- мен көп нәрсе үйрендім
K- мен аз нәрсе үйрендім
L-мен ештеңе түсінбедім
Қолданылған әдебиеттер:
Сәтімбеков Р. «Биология әдістемелік нұсқау» Алматы Мектеп 2013
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – Алматы.Өркен, 2007
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – Алматы. Білім, 2008.
Бұзаубақова Қ.Ж. «Педагогикалық тренинг жеке тұлғаны дамыту құралы ретінде» Алматы «Жазушы» 2006.
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамытудағы психологиялық алғы шарт
Оқытудың әдістері мен құралдары
Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі болып саналатын оқытудың әдістері білімді игерудің, сонымен қатар тұлғалық сапалар мен танымдық қабілеттерін дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалды дарынды оқушыларды оқытуда шығармашылық типтегі жетекші әрі негізгі әдістер - проблемалық, зерттеушілік, эвристикалық, ізденіс, жобалау әдістерін дербес және топтық жұмыс түрлерімен үйлесімде қолдану тиімді. Бұл әдістердің жоғары танымдық-ынталандырушылық әлеуеті зор және дарынды балалардың танымдық белсенділіктері мен қызығушылықтарының деңгейіне сәйкес келеді. Олар балалардың шығармашылық ойлауы мен көптеген тұлғалық сапаларын (танымдық ынтасы, эмоционалды тұрақтылығы, дербестігі, өзіне сенімділігі және ынтымақтаса жұмыс жасау қабілеті) дамытуда өте тиімді.
Дарындылықты дамыту үшін, оларды белгілі бір әрекет түріне – қабілеттілікке айналдыру тәсілдері
(А.И.Доровской бойынша)
Қызықтырушы сұрақтар қою.
Ерекше шешімдерді , іздестіру белсенділігін ынталандыру.
Базистік және вариативтік материалдарды біріктіре отырып, проблемалық тапсырмалар жүйесін құру.
Интеллектісін дамыту және шығармашылық қызметке деген құлшыныстарын мүдделендіру.
Оқу бағдарламаларын күрделендіру, мазмұнды байыту.
Арнайы сыныптарда оқыту.
Негізгі тақырыптар мен проблемаларды зерттеу үшін таңдау жасату.
Білімнің әр түрлі саласына қатысты тақырыптар мен проблемаларды интеграциялау.
Өнімді, тиімді, сыни ойлауын дамыту.
Дамудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарламаға түзету енгізу.
Пәндерді біріктіру.
Қалжың және қияли жағдайлар туғызу тәсілін қолдану.
Ақпарат берудің түрлі тәсілдерін біріктіру.
Дербес және топтық жұмыстарды үйлестіру.
Жеткілікті көлемде кешенді тапсырмалар қою.
Кеңес беру мен көмектесудің барлық түрін пайдалану.
Шығармашылық топтың барлық мүшесіне берілетін тақырыпты бір проблематика және өзара жауапкершілік төңірегіне топтау.
Бірнеше нұсқада орындалатын тапсырмаларды пайдалану.
Шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық және практикалық тапсырмаларды үйлесімді қолдану.
Тапсырманы орындауда және нәтижені тіркеуде әр түрлі жұмбақтау тілдерін (кодовые языки) пайдалану.
Жағдаятты біртіндеп күрделендіре отырып, тапсырма шарттарын алмастырып отыру.
Шығармашылық тапсырмаларды шешу тәсілдерін оқушылардың дербес құрастыруына талдау жасату және ұйымдастыру.
Берілген жағдайға сәйкес теорияны, шығармашылық тапсырманы дербес құрастыру.
Қарама-қайшылықтарға талдау жасату.
Өзіне және өзгеге сұрақ қойғызу.
Шығармаылық қызметті әрекет ету тәсіліне біртіндеп интеграциялау арқылы кезеңімен қалыптастыру.
Тапсырманы қайшылықты формада беру.
Оқу материалын арнайы құрастыру арқылы дарынды баланың меңгеруін ғана емес, қабілеттерін жылдам дамытуды ескеру.
Жаңа ассоциациялар жасау.
Салыстыру , гипербола, метафора қолдану.
Қиялына қозғау салу.
Қабылданатын ақпаратты меңгертуді ұйымдастыру стратегияларын дайындау.
Олардың арасындағы байланысты анықтау.
Ағымдағы, түзетуге арналған бақылау түрлерін қолдану.
Дербес және топтық жұмысты үйлестіре білу.
Кешенді сезіну мен қиялдауға арналған ақпараттар ұсыну.
Дифференциация негізінде мазмұнды модернизациялау.
Қабылдауды жақсарту үшін сыни сәттерді жиі пайдалану.
Оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету.
Жаңа материалды өтілген материалмен байланыстыру.
Ойша қайталауды ұйымдастыру.
Материалды басқаша сөздік немесе белгілік формаға айналдыру.
Оқылатын пәндер бойынша мазмұнды түрлендіріп беру.
Шығармашылық орта құру.
Сәйкес деңгейдегі әр түрлі типті мектептерде оқыту.
Сабақтағы жұмысты әр түрлі сыныптан тыс жұмыспен үйлестіру.
Оқытуды жеделдету.
Мектеп бағдарламасын кеңейту.
Жоғары танымдық деңгейді қажет ететін тапсырмаларды пайдалану.
Әр түрлі тапсырмаларды орындауға кететін уақытты есептеу.
Алдын ала немесе қарқынды оқыту.
Қызығушылығына қарай оқушыларды топтастыру.
Проблемалық оқытудың әр түрін пайдалану.
Таңдау еркіндігін беру.
Сюжеттік-рольдік ойындарды пайдалану.
Оқытудың бейімдік жүйесін пайдалану.
Дербес жұмыс тәсілін, өзін-өзі бақылауды, зерттеушілік қызмет тәсілдерін үйрету.
Ұйымдастыру біліктілігін қалыптастыру.
Оқыту шарттарын дифференциялау.
Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.
Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.
А.Н. Леонтьев адамның кез-келген белсенділігін іс-әрекет деп атаған жоқ, тек тұлға, қажеттілік, мотив, мақсат, міндеттермен психологиялық байланыстағы, мақсатқа бағытталған белсенділіктерді ғана іс-әрекет деді.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы
Іс-әрекет үш қырлы анықталады, яғни бір уақытта үш кеңістікте іске асырылып, көрініс береді, ол: тұлға (іс-әрекет субъекті), объект (іс-әрекет пәні) және ішкі праксис (түрліше белсенді процесстер).
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын төмендегідей бейнелеуге болады:
Бұл блоктардың сол жағында іс-әрекеттің интенционалды аспектісі, ал оң жағында амалдық аспектісі көрсетілген.
А.Н. Леонтьев өзіндік іс-әрекет құрылымын морфологиялық сипатты емес, құраушы бөліктерінің динамикасын, қатынасын, қызметін бейнелейтінін қайталайды. Қарастырылушы тұжырымдама методологиясына тағы бір ескерту енгізу қажет. Ол - іс-әрекеттің психологиялық құрылымының аддитивтілік қасиеті ескерілмеген, яғни, қарапайым құраушы бөліктерінің қосындысы күрделі жүйе блогына пара-пар емес. Мысалы, мотивтердің қосындысы өзін іске асырушы қажеттілікке тең емес. Қажеттілік субъективті күй иесі ретінде қалады, ал бұл мотивтер қосындысында жоқ.
Сонымен, қажеттілік адамды белсенді етеді. Бұл мүмкін болар іс-әрекетке деген психологиялық даярлық күйі. Адамда белсенділіктің болуы актуалданған қажеттілікті сандық, сапалық өзгертіп, болашақ іс-әрекетті түрліше деңгейде белсенді қылады.
Бұдан, қажеттілік өзінің нақтылы пәні мен мотивін табады. Ізденіс әрекеті қажеттілікті қанағаттандыратын нақты психологиялық іс-әрекетке айналады. Тәжірибеде іс-әрекет көпмотивті, кешенді болады.
Мәселен, сізде саяхатқа бару қажеттілігі актуалданды. Бұдан сіз жаңа жағдайларға даяр болып, қобалжу, қызығу күйіне енесіз (бұл сырт көзге көрінбеуі де ықтимал). Субъективті түрде бұл шаршау, қанағаттанбаушылық түрінде көрініс береді. Осы кезде сізде кеудеңізді керген психологиялық дискомфорттан «құтылу» ізденісі белсендіріліп, сана «іске қосылады». Бұл уақытта құрбыңыз телефон шалып, өзімен бірге саяхатқа баруыға шақырса, қажеттілік психологиялық тұрғыда мотивке айналады. Нәтижесінде, сіз саяхатқа аттанасыз, яғни арнаулы іс-әрекет орындайсыз. Осы кезде мотив мақсатқа жүгінуді, жағдайға қатысты реттілікті, бір сөзбен, өз қызметіне кірісуін талап етеді .
Мақсат дегеніміз, болашақ әрекет нәтижесін саналы түрде елестету. Бұл тұлғаның әрекет мәнін қабылдауы. Мысалы, саяхатқа аттану үшін билет сатып алу керек, киімдерді жинап, межелі жерге жету қажет. Осылардың барлығы мотивтер аясына қатысты болғандықтан, алға қойылған және қабылданған мақсаттарға тұлғаның қол жеткізуі қажет. Әйтпегенде, олар субъект үшін мәнсіз болар еді.
Әрекет – мақсатты бағындыруға бағытталған іс-әрекеттің бір бөлігі, бірлігі. Саналы аңғарылған мақсат - мақсатқа бағытталған әрекет болып табылады. Алайда, әрекет түрткісі мақсат емес, жалпы әрекет мотиві болады. Мақсат түрткі қызметін атқармайды, ол тек әрекетті орындайды және өзіне «бағындырады», яғни әрекетті бағыттайды, нәтижеге жетелейді. Сондықтан, мінез-құлықты талдау барысында психологтің бұл кезіктіргені іс-әрекет пе, әлде әрекет пе екендігін, және, сәйкесінше, бұл процестердің мотивке, я мақсатқа бағынатындығын анықтауы маңызды.
Емтиханға даярланған студент «Ұлағат» журналын оқып отыр делік. Оның жанына келген курстасы бұл сабақтан емтихан тапсыру үшін лекцияларды білген жеткілікті екендігін айтты. Осыдан былай, студентен екі түрлі әрекет-қылық күтуге болады: журнал оқуын доғарады, не жалғастырады. Бірінші жағдайдағы әрекет емтихан тапсыру мотивіне жүгінген іс-әрекеттің құрамдас бөлігі болды. Енді, мотивінен айырылған мақсат мәнсіз болып, әрекет тоқтатылды. Егер журнал оқу жалғасатын болса, мотивация бір басқа сипатта болады. Онда, мақала мазмұнын білу (мақсат ретінде) емтихан тапсыру шеңберінен әлдеқайда ауқымды мотивтің әрекетіне қатысты болады. Журнал оқу тұлға үшін басқа мәнге ие болып, іс-әрекет емтиханға даярлықтан кеңірек мотив құрамында жалғаса береді.
Мотив пен мақсаттың динамикалы қатынасы сана мен іс-әрекетті құрастырып, психологиялық маңыздылыққа ие. Біркелкі әрекет әр-түрлі іс-әрекеттің құрамына ене алады, ал бір мақсат – түрліше мотивтерге жауап береді. Мотив мақсатқа тұлғалық баға, мәнділік береді, сол сияқты, әрекеттердің қосындысы да толық іс-әрекетті сипаттамайды. Бір ғана мотив әр-түрлі мақсатта көрінуі ықтимал, бұдан әрекет те, іс-әрекет те, тұлға да өзгереді.
Мотив пен мақсаттың бірігуі және сәйкесуі, іс-әрекет, мотивация, тұлға динамикасының кезеңі ретінде, тек «екінші ретте» ғана мүмкін болады. Бұл мотивтің мақсатқа жылжуы атты белгілі феномен, мұнда бұрыннан белгілі мақсат өзбетті түрткі қызметін атқарады. Бұл мақсаттың психологиялық статусының өзгерісі, іс-әрекеттегі жаңа мотивтің пайда болуы, қалыптасуы.
Мысалы, мұғалім оқушылардың алдына белгілі бір кітапты оқып шығу мақсатын қояды. Мақсат оқушы үшін маңызды мотивке қатысты болғандықтан, өз міндеттерін орындау мотиві делік, қабылданады. Оқушы өзге шаруасын шегіндетіп, қажетті мөлшерде ерік-күшін жұмсай отырып, кітапты оқиды. Осыдан соң мұғалім тағы бір кітапты оқуға тапсырады, т.с.с. Нәтижесінде, оқушыға ешбір тапсырма бермей-ақ өздігінен сол саладағы кітаптарды оқу кезеңі келеді. Кітап оқу мақсаты маңызды мотивке айналды. Сәйкесінше жаңа іс-әрекет пайда болды. Оқушы қажеттілік-мотивациялық, іс-әрекеттік, тұлғалық тұрғыда өзгерді.
Іс-әрекет және тұлға «өмірінде» мақсаттың мотивке жылжуы атты кері феномен де бар. Бұл мотивті ығыстырып, жойып оның психологиялық мәнін «кішірейтіп», мақсат категориясына айналдыру. Мотив тұлғалық мәнін жойса, оған қатысты іс-әрекет тоқтайды, қажеттілік пен тұлға өзгереді, адамның мінез-құлқы алмасады.
Осыған дейін саналы қабылданбаған мотивті тұлға саналы аңғарғанда мотив пен мақсат сәйкеседі. А.Н. Леонтьев бұл процесті мотив-мақсаттың пайда болуы деп атаған, мұнда автоматты түрде орындалатын жұмыс саналы, құндылықтар мотиві сатысына өтеді, сенімді тұлғалық мәнді иеленеді. Бұл іс-әрекет пен мінез-құлықты өзбетті басқарудың жаңа белесі, саналы дүние аясының кеңеюі.
Іс-әрекет құрылымы сұлбасындағы соңғы түсінікке тоқталайық, ол – міндет. Міндет – мақсаты және әрекеттің орындалу тәсілі белгілі, яғни амалы бар нақтылы жағдай. Мысалы, қандай да бір затты қолына түсіруді мақсат еткен адамның мақсатқа қол жеткізу жағдайы (міндеті) объективті не субъективті түрде әр-түрлі болуы мүмкін: дүкеннен сатып алу, немесе досынан сұрап алу. Міндеттің қандай тәсілмен іске асырылуына байланысты нақты амалдар құрылады: көлікте жүруден бастап затты сөмкеге салуға дейін.
Мотивке қатысты мақсат қою сияқты, міндеттерді тағайындау да тұлға үшін кездейсоқ, сыртқы жағдайларға тәуелді болмайды. Міндеттер жүйесінен мотивтерді, мән-мағынаны, тұлғаны көруге болады. Іс-әрекетті психологиялық талдауда мақсат пен міндеттерді, әрекеттер мен амалдарды ажырату маңызды. Мысалы: инжинерлік психологиядан белгілі жай, адам мен машина арасында қызметтерді бөлісуде адамға мақсатқа бағынатын әрекеттер деңгейін сеніп тапсырған жөн, сонда амалдар деңгейіндегі машина жұмысы адамның орындағанынан сенімді болады.
Мақсат пен міндет, әрекет пен амал арасында белгілі қатынас, әйтпесе екіжақты алмасу бар. Мотив дұрыс сөйлеу мен тәртіпке шақыру барысында пайда болып, танылмайды, ол тұлғаның өзіндік іс-әрекеті нәтижесінде туады. Мотив бұрынғы іс-әрекет бейнесін өзгерте келе, жаңа іс-әрекетке түрткі болады. Бұлардың барлығы тұтас тұлғада бірлесіп, пайда болады және жоғалып кетеді, дамиды не деградацияланады. Іс-әрекет қажеттіліктер, мотивтер мен мағына тәрізді тұлға бағыттылығының тәжірибелік, мінез-құлықтық көрінісі ретінде қызмет атқаратын өзінің иерархиялық жүйесін құрайды.
Іс-әрекеттің психологиялық құрылымын сипаттау үшін кеңінен тараған үш түсінікті анықтау керек, ол жоғарыдағы сұлбада формальды түрде көрсетілмеген, алайда оған бітісе жүретін – дағды, білім және әдет.
Дағды – қалыптасуы барысында автоматтанатын және әлдеқайда күрделі іс-әрекетті құрастырушы амалдар жиынына айналатын әрекет. Бұл анықтамада, алғашында мақсатқа бағытталған әрекет ретінде жүретін, дағдының динамикасы, тарихы сипатталған. Әрекеттің автоматтандырылуы дегеніміз, әрекетті психологиялық тұрғыда дағдыға айналдыру, мақсаттың санадан шығарылып, келесі мақсаттарды тағайындауға санада орын босатылады.
Мәселен, малтауды үйренгісі келген адам алғашында саналы түрде, мақсатқа бағына қол-аяғын қозғалтады. Бұл «дұрыс орындау» мақсатына бағытталған әрекет. Үйрену барысында кезең-кезеңімен бұл әрекеттер қысқартылады, жалпыланады, соңында зейіннің қатысуынсыз автоматтандырылған әрекеттер орындалады. Олардың әрқайсы малтау әрекетінде іске асырылатын амалдар кешені деңгейіне өтеді. Нәтижесінде, қозғалыстарды дұрыс орындауға қатысты емес, жақсы малтауға қажетті дағдылар мен саналы мақсат қалыптасады.
Дағды неғұрлым күрделі болса, оны орандауға соғұрлым көбірек уақыт пен күш жұмсалады. Дағды – моториканың, сенсориканың, естің, ойлаудың, ерік-жігердің, бір сөзбен, тұтастай психиканың еренді еңбегінің нәтижесі. Қайсы бір дағдыны алсақ та ол адамның кез-келген әрекетін қаруландырады, негіздейді, тиімді етеді. Дағдысыз әрекеттің тиімді орындалуын былай қойғанда, тіпті іске асырылуы да мүмкін емес.
Іскерлік - тұлғаның тұрақты қасиеттері деңгейінен орын алатын амалдар мен әрекеттерді біріктіретін дағдының жоғарғы формасы. Бұл өмірлік жағдайлар өзгерісінде тұлғаның мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, дағдылар мен әрекеттерді орындауға, мінез-құлқын реттеуге мүмкіндік береді. Іскерлікті тұлға бағыттылығының қолданбалы қыры ретінде қарастыруға болады. Іскерлік туа не кездейсоқ пайда болмайды, ол адамның қажеттіліктеріне, қабілеттіліктеріне, мінезіне, кәсіби жене әлеуметтік статусына сәйкеседі. Әр индивидтің іс-әрекеттің, мінез-құлықтың, өмірдің түрліше салаларында дамып, іске асырылатын өзіндік іскерліктер жүйесі болады.
Алайда іскерлікті мінез-құлықтың қолданбалы, жобалы қырларымен ғана психологиялық тұрғыда сәйкестендіруге болмайды. Егер адам автомобиль жүргізе алмаса, бұл міндетті түрде онда қабілеттіліктің не мүмкіндігінің жоқ болуынан емес. Бәлкім ол техникамен айналысқысы келмейді, не машина жүргізіп көрмеген. Іскерліктер мен қабілеттіліктер арасындағы байланыс көпмәнділікпен, динамикалықпен сипатталады. Бұл психологиялық өзара тәуелді қатынастар. Іскерлікті бірқатар психологиялық көрсеткіштермен сипаттауға болады: бағыттылығы, кеңдігі, әрекеттілігі, икемділігі, жалпыламалығы, беріктігі, саналылығы және түсініктілігі. Іскерлік сапасы мен жүйесінде белгілі дәрежеде, психологиялық құрылым бөлшегі ретінде, тұлғалық тәжірибе көрініс береді.
Әдет – бағыттылық пен іс-әрекеттің психологиялық, тұлғалық қосындысы. Бұл тұрақты, тұлға үшін дәстүрлі ұмтылыстар, мінез-құлық пен әрекет етудің қабылданған және ыңғайлы түрі, әлеммен қарым-қатынасы және күйзеліс стильі, психологиялық бекіген, тұрақты тұлға тәжірибесі. Адам көп нәрсені «ойланбастан», әдеттегідей жасайды. Бұл оның объективті және субъективті жағдайлардағы, тұрмыс-тіршілігінің күрт өзгерісіндегі өмірін жеңілдетеді. Әдеттер өмір ағысын тұрақтайды, реттейді, жүйелейді. Бұл шектен тыс өзгермелі объективті өмір жағдайынан психологиялық қорғанудың бір түрі. Әдетсіз тұлға жоқ: қарапайым өз-өзіне қызмет көрсетуден бастап, субъективті қатынас, күйзеліс, кәсіби және отбасылық мінез-құлыққа дейін. Бірақ, әдеттердің тұрақтылығы жағдайында өзгермелі өмір мен іс-әрекет арасында қарсылықтардың болары сөзсіз. Мүлдем өзгеріссіз, әдетті мінез-құлық регидті, адекватты емес болады. Әдеттер уақыт ағымымен ауысуы, жоғалып кетуі не қайта құрылуы керек. Ал мінез-құлықтің үйреншіксіз (әдеттегідей емес), аяқ асты болуы ықтималдығы үнемі бар.
Дағды және іскерлікпен, өмір жолының барша психологиясымен біріккен, жүйеленген әдет - іс-әрекет пен мінез-құлықтың, сонымен қатар тұлғаның барлық психологиялық тәжірибесінің маңызды бөлігі болады.
Сонымен, іс-әрекет тек белсенді әрекет емес, сондықтан іс-әрекетті зерттеу сана, тұлға салаларымен бітіскен. Отандық психологияда іс-әрекет -, жалпы теоретикалық, методологиялық статусқа ие.
Бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер:
Абрамова Г.С. Возрастная психология.- М.,1997.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Петровского А.В.- М.,1979.
Возрастная и педагогическая психология./ Под ред. Гамезо М.В. и др.- М.,1984.
Зак А.К. Развитие умственных способностей младших школьников.- М.,1994.
Кле Мишель. Психология подростка: психосексуальное развитие. М.,1991.
Кон И.С. Психология ранней юности.- М.,1990.
Кон И.С. Психология старшекласников.- М., 1984.
Крайг Г. Психология развития (перевод с английского).- СПб., 2000.
Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М.,-1991.
Достарыңызбен бөлісу: |