Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет30/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

Калий жоғары болу себебі:
Гиперкалиемия деп жасуша сыртылық сұйықта және қанда калий мөлшерінің 5,5 ммоль/л-ден көп болуын айтады. Ол 6,0 ммоль/л-ден асқанда организмнің тіршілігіне өте қауіпті бұзылыстар туындатады. Гиперкалиемия тез арада дамуынан, оның біртіндеп дамығанына қарағанда, жасуша сыртындағы калийдің шамалы мөлшерде көбеюінің өзінде жүрек аритмиялары пайда болады.
Гиперкалиемия калийдің организмде артықтығынан немесе оның жасушалар ішінен сыртына көптеп ауысуынан байқалады. Соңғы жағдай кейде организмде калий аз болуының өзінде гиперкалиемия дамуына әкелуі мүмкін. Мәселен, диабеттік кетоацидоз кезінде ұйқыбезде инсулин өндірілмеуінен калий жасушалардың ішіне ауыспай сыртындағы сұйықта жиналады.
● организмде калийдің артықтығы мына себептерден дамуы мүмкін:
√ калий препараттарын көк тамырға артық енгізуден немесе ұзақ сақталған қан құюдан;
√ организмнен калийдің сыртқа шығарылуы азаюынан.
● калийдің жасушалардың сыртына ауысуы:
√ тін бүліністерінде (инфаркт, некроз, күйік);
√ цитолиз, миолиз, гемолиз кездерінде;
√ жүйелі ацидоз кезінде;
√ инсулин жеткіліксіздігінде;
√ организмде ыдырау үрдістері артқанда – байқалады.


АлАт жоғары болу себеі: Аланинаминотрансфераза (АЛТ, АлАТ) – аминотрансфераза (трансаминаза) қатарындағы фермент, яғни аминқышқылдарын бір биологиялық молекуладан екіншісіне жеткізеді. Бұл фермент аланин аминқышқылын таратады. АСТ коферменты витамин В6 болып табылады. АЛТ жасушаларда синтезделеді, сондықтан қалыпты жағдайда қанда оның белсендігі жоғары емес. Бауыр жасушаларында синтезделеді, бірақ бүйрек, жүрек, бұлшықет, ұйқы безі жасушаларында болады. Жоғары болу себебі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет