Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет11/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

1.2.4-жағдаят
1. Аурудың себебі – барометрлік қысымның төмендеуі нәтижесінде болатын гипобария
Барометрлік қысымның төмендеуі

газдардың еруінің азаюы, ерімеген газ мөлшерінің артуы

Оттегі деңгейінің төмендеуі, тасымалдануының бұзылуы

газдардың организмнің жабық, жартылай жабық қуыстарына (мұрын қуысы, ортаңғы құлақ қуысы, асқазан-ішек жолдары) түсіретін қысымының артуы

Құлақтың ауырсынуы

Метоболизмдік ацидоз

Мидағы тыныстық және тамырлық орталықтардың қозуы

Тыныс алудың, жүрек соғуының жиілеуі

АҚҚ көтерілуі

Шеткері эритроциттер мөлшерінің артуы


2 .

3. Гипобария 2 сатыда өтеді: теңгерілген және теңгерілмеген. Бұл гипобарияның 1-сатысы, яғни теңгерілген. Себебі, эритроциттер мөлшерінің артуы нәтижесінде гемоглобин молекуласының оттегін байланыстыру қабілеті көбейеді. Ол оттегінің тасымалдануын жеңілдетеді. Сонымен қатар тіндерде анаэробты тыныс алу басталады. Бұл аталғандар оттегінің жетіспеушілігінің орнын толтыру үшін іске қосылған бейімделушілік механизмдері болып табылады.


I.2-6 жағдаяттық тапсырма
Гипербариялық оксигенация сеансын жүргізу барысында науқаста - ауыз қуысының ашып құрғауы, төс астында ауыру сезімі, құрғақ жөтел пайда болды. Науқас барокамерада болуын ары қарай жалғастырғанда таралған тониялық және клониялық тырыспалар пайда болған.
1.Көрсетілген бұзылыстардың даму себебі қандай?
2.Науқаста бейімделу серпілістері дамыған ба? Атап өтіңіз.
3.Жасушаға оттегінің уытты әсерін немен байланыстырасыз?
Жауабы:
  1. Гипербариялық оксигенация, жоғары қысыммен оттегімен қанықтыру әдісі болғандықтан, аталған бұзылыстардың басты себебі – жоғары қысым.


  2. Иә, бейімделу серпілістері дамыған. Жоғары барометрлік қысым әсер еткенде, еріген газдар тез қайта газ күйіне ауысып, қаннан өкпе арқылы сыртқа шығарылып үлгермейді. Сондықтан, ауыз қуысының ашып құрғауы, төс астының ауыруы, құрғақ жөтел пайда болады.


  3. Газдар организмнен шығып үлгермегендіктен, қан тамырлардың ішінде қалып қойғандықтан, газдық эмболия дамиды. Ол ішкі ағзалардың жұмысын бұзады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет