Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, зат алмасуының типтік бұзылыстарын анықтаңыз



бет150/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

1.Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, зат алмасуының типтік бұзылыстарын анықтаңыз. Бұл жағдайда қан плазмасындағы натрий құрамы өзгереді ме? Жауабыңызды дәлелдеңіз.


Жауабы:
Зертханалық зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, біз науқаста қышқылдық-сілтілік үйлесімділіткің бұзылысы екенін көріп тұрмыз.
рН = 7,58 жоғары, теңгерілмеген алкалоз;
РаСО2 = 27 мм сын.бағ. төмен, гипокапния;
НСО3 = 32,5 ммоль/л жоғары;
ВЕ = -8,8 ммоль/л, төмен
Қорытындылай келе науқаста теңгерілмеген газдық алкалоз. Метаболизмдік түрі. Газдық алкалоз өкпенің гипервентиляциясы кезінде көмірқышқылы газы организмнен артық шығарылып кетуі нәтижесінде дамиды. Гипокапния кезінде эритроциттерден хлор иондары қан сұйығына ауысады. Олар гидрокарбонаттан натрийді ығыстырып, НСОз‾ деңгейі көтерілуіне әкеледі. Гипокапния әсерінен натрий несеппен артық шығарылады, сондықтан бұл жағдайда қан плазмасында натрий құрамы өзгереді.
2. Бұл жағдайда жасушаішілік және жасушадан тыс кеңістік арасындағы су алмасуының қалай өзгеретінін түсіндіріңіз. Науқаста шөлдің болмауы және тырысудың пайда болуы неге байланысты? Осы жағдайда қышқыл-негіздік жағдай бұзылыстарының қандай компенсаторлық механизмдері іске қосылуы мүмкін, оны атаңыз және сипаттаңыз.

Жасушалардың іші мен сыртындағы сұйықтықтың аралығында катиондардың алмасуын қадағалайтын NHE-нәруыз немесе натрий-сутектік қарсы тасымалшы нәруызы болады. жасуша ішілік рН деңгейін қадағалайды.




3. Ерте жастағы балаларда зат алмасудың осы түрлерінің бұзылуының ерекшелігі неде?
Көбінесе балаларда метаболикалық алкалоздың гиповентиляция, жалпыланған құрысулар және жүрек дизаритмиясы сияқты асқынулары байқалады. Соңғы екі асқыну алкалоз фонында иондалған кальцийдің төмендеуімен түсіндіріледі.

Тапсырма 1. Науқас Г., 42 жаста, травматологиялық бөлімшеге жеткізілген. Диагнозы: «Ашық бас сүйек-ми жарақаты: мидың ауырлығы орташа дәрежелі соққысы».
Объективті: бірнеше рет құсу, кезеңдік құрысулар байқалады. Тері қабаттары мен сілемейлі қабықтары құрғақ, тері тургоры және көз алмасының тонусы төмендеген. Шөлдемейді. ТАЖ - 32-34 мин-1.АҚ - 90/40 мм сын.бағ., пульсіминутына - 110соққы,әлсіз.
Зертханалық зерттеулер деректері: қанның осмоляльдығы = 270 мОсм/кг Н2О; рН = 7,58; РаС02 = 27 мм сын.бағ.; НС03- = 32,5 ммоль/л, BE = - 8,8 ммоль/л.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет