Оқушының аты-жөні: __________________________________
Сыныбы: _______________
Орындаған уақыты: _______________
«Толқындық оптика» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары 11.6.1.1 - жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және
астрономиялық әдістерін түсіндіру;
11.6.1.4 - жұқа пленкаға түскен және шағылған жарықтардан пайда
болған интерференциялық максимумдар мен минимумдарды
бақылау шарттарын анықтау
11.6.1.6 - жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тордың
көмегімен эксперимент арқылы анықтау;
11.6.1.7 - жарықтың интерференция, дифракция және поляризация
құбылысын талдай отырып, эксперимент арқылы жарықтың
электромагниттік табиғатын дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
жарық жылдамдығын анықтаудың зертханалық және астрономиялық әдістерін біледі;
Берілген эксперимент нәтижелерін пайдалана отырып, дифракциялық тордың периодын және спектрдің ең үлкен ретін анықтайды
интерференция шарттарын талдай отырып, мысал келтіреді
Жарықтың қасиеттерін бір-бірінен ажыратады;
Жарық поляризациясының қолданылу шегін біледі
Ойлау дағдыларының деңгейлері Білу, түсіну, қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырмалар:
Күн мен Жердің белгілі арақашықтығын қолданып, жарық жылдамдығын есептеген: [1]
А) И.Ньютон
В) Х.Гюйгенс
С) О.Ремер
D) И.Физо
Е) Майкельсон
1мм-де 500 штрих сәйкес келетін дифракциялық торды толқын ұзындығы 400нм жарықпен жарықтандырылғанда экранда жарық дифракциясының көрінісі байқалды.
А) дифракциялық тордың периодын анықтаңыз [2]
Б) спектрдің қандай ең үлкен ретін көруге болады? [2]
В) үшінші спектрге сәйкес келетін жарықтың толқын ұзындығы қандай болады? [2]
Жарықтың интерференциясын бақылау.
А) қандай жағдайда жарықтың максимум шарты бақыланады? [1]
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Б) Жарық интерференциясына 2 мысал келтіріңдер [2]
1._______________________________________________________________________________
2._______________________________________________________________________________
Жарықтың толқындық қасиеттерін анықтамасымен сәйкестендіріңдер. [4]
Жарық қасиеттері
|
Анықтамасы
|
1
|
Жарықтың дисперсиясы
|
А
|
кернеулік векторы тек бір жазықтықта тербелетін электромагниттік толқын
|
2
|
Жарықтың дифракциясы
|
В
|
жарық сәулесі энергиясының екі немесе бірнеше жарық толқынының қабаттасуы нәтижесінде кеңістікте тарала орналасуы;
|
3
|
Жарықтың интерференциясы
|
С
|
заттың сыну көрсеткішінің (n) жарық толқынының жиілігіне () не ұзындығына () тәуелділігі
|
4
|
Жарықтың поляризациясы
|
Д
|
жарықтың түзу сызық бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады.
|
Жауабы___________________________________________________
a) Жарықтың поляризациясына мысал келтіріңдер. [1]
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
b) Толығымен немесе жартылай поляризацияланған жарық алуға арналған құрылғы [1]
A) поляройд
В) поляризатор
С) анализатор
D) көзілдірік
Е) кристалдар жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |