Реферат Тақырыбы: Зертханалық ыдыстар Орындаған : Бердібек Сымбат Қабылдаған : Жұман Нұрбала 2020 жыл Жоспары



Дата07.02.2022
өлшемі35,89 Kb.
#86423
түріРеферат
Байланысты:
реф


Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Реферат
Тақырыбы: Зертханалық ыдыстар
Орындаған: Бердібек Сымбат
Қабылдаған: Жұман Нұрбала

2020 жыл


Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1)Зертханалық ыдыстардың түрлері
2)Арнайы және жалпы мақсатта қолданылатын зертханалық ыдыстар
3)Өлшегіш ыдыстар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Зертханалық ыдыстар деп - барлық зертханалық жұмыстарда қолданылатын ыдысты атайды. Зертханалық ыдыс қолданылу мақсатына байланысты жалпы, арнайы және өлшеуіш болып бөлінеді.
Жалпы ыдысқа зертханада үнемі болатын және онсыз ешбір жұмыс жүрмейтін ыдыстарды жатқызуға болады. Оларға пробиркалар, шұңғыма құйғыштар, химиялық стакандар, түбі тегіс колбалар, бунзен колбасы, кристализаторлар, Либихтің тік тоңазытқыштары, кері тоңазытқыштар, Сокслет тоңазытқышы, Домрат тоңазытқышы, сифондар жатады.
Пробиркалар – пішіні цилиндр тәрізді, түбі бекітілген, табаны дөңгеленіп келген, көлемі әр түрлі ыдыстар. Әдетте пробиркаларды тез балқитын жеңіл шыныдан, ал отқа төзімді болу үшін кварцтан жасайды. Пробиркалар негізінен сапалық реакциялар үшін қолданылады, сонымен қатар микробиологияда микроорганизмдерді өсіру үшін, сақтау үшін және әр түрлі серологиялық зерттеулер жүргізу үшін де пайдаланады. Қарапайым химиялық және биологиялық пробиркалардан бөлек, зертханалық практикада конус тәрізді центрифугалық пробиркалар да қолданылады.

II.Негізгі бөлім



1)Зертханалық ыдыстардың түрлері
Зертханалық арнайы үстелдерді таза ұстау қажет, артық заттарды үстелге қоймау керек!
Зертханада қолданылатын ыдыстар негізінен:
а) жалпы қолданылатын ыдыстар;
б) арнайы қолданылатын ыдыстар;
в) өлшегіш ыдыстар;
г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.
Химиялық зертханалық ыдыстар шыныдан, кварцтен, фарфордан, платинадан, пластикадан (полипропиленнен, полиэтиленнен, фторопластардан), алтын мен күмістен жасалады.
Кварцтен жасалған ыдыстар көбінесе аса таза заттармен, сонымен бірге 12000С – қа дейін қыздыру үшін, вакуум астында жұмыс орындағанда қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстар негізінен фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Платинадан жасалатын химиялық зертханалық ыдыстарды оңай тотықсызданатын заттармен жұмыстарда, мысалы PbSO4, PbO2, SnO2, Bi2O3, Sb2O3, сонымен бірге құрамында күкірт, фосфор бар заттармен, темірі көп заттарды қақтағанда, галогендер бөлінетін жағдайларда қолданбаған дұрыс. Алтын мен күмістен жасалған тигельдерді 900—1000°C температурада әр түрлі заттарды сілтілермен қақтағанда қолданады. Фарфордан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда берігірек және термотұрақты, бірақ мөлдір емес және ауыр. Пластикадан жасалған химиялық зертханалық ыдыстар көбінесе фторсутек қышқылымен (балқытқыш қышқыл) жұмыс үшін қолданылады. Пластика ыдыстар шыны ыдыстарға қарағанда арзан және ұзағырақ қолданылады. Полипропилен қышқылдарға, сілтілерге берік, тез жуылады және тез құрғайды, бірақ пластиктен жасалған ыдыстарды тек 1300С төмен температураларда ғана қолданады.
Жалпы қолданылатын ыдыстар: пробиркалар (5-25мл); воронкалар (жай, сұйықтарды құю үшін қолданылатын, фильтрлеуге және бөлуге қолданылатын); стакандар(5-1000мл); колбалар(10-1000мл) жайдақ түпті, жұмыр түпті, конус тәрізді колбалар (Эрленмейер колбасы), Бунзен колбасы; суытқыштар, реторталар, крандар, кристаллизаторлар, сифондар (сұйықтарды құю үшін), бюкстер.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияға қолданылатын колбалар; аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты(газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады). Бұл ыдыстар тек белгілі бір мақсаттар үшін ғана қолданылады.
Өлшегіш ыдыстар: цилиндрлер, мензуркалар, пипеткалар, бюреткалар және өлшегіш колбалар. Өлшегіш химиялық зертханалық ыдыстар дәл градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды. Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: пипеткалар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және дәл көлемді өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.

2)Арнайы және Жалпы қолданылатын ыдыстар

Пробиркалар – мөлшері аз заттармен химиялық тәжірибелер жасағанда қолданылады

Пробиркалар әр түрлі өлшемді, әр түрлі шынылардан жасалады, олар жай (қарапайым), градуирленген және центрифугада қолданылатын (конус тәрізді) пробиркалар болып бөлінеді. Пробиркаларды ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған штативтерде сақтайды.


Реакциялар жүргізу үшін пробирканың ¼ не 1/8 бөлігіне дейін ғана ерітінділер құю қажет.
Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды!
Пробиркадағы ерітіндіні қыздыру үшін арнайы ұстағыштар қолданылады

Тәжірибелерді жасап болған соң, пробиркаларды жақсылап ершпен жуады да, дистилденген сумен шайып, штативтерде қалдырып, кептіреді.


Құйылған заттарды пробиркаларды бірнеше рет төңкеріп, сілкілеп (аузы тығынмен жабылған болуы керек), сонымен бірге пробиркалардың төменгі жағынан саусақпен ақырындап қағып, араластырады.
Воронкалар әр түрлі пішінді және өлшемдері әр түрлі болады. Олардың қолданылуы да әр түрлі: конус тәріздес воронкалар арқылы сұйықтарды құюға, фильтрлеуге болады. Олардың жоғарғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200 және 300мм өлшемді болады. Фильтрлеуге қолданылатын воронкалар бұрышы 600 (аналитикалық воронкалар) және ұзын ұшы қиғаш кесілген болады. Фильтрлеу үшін воронкаларды арнайы штативтерге орналастырады

Сұйықтарды құйғанда мына ережелерді сақтау керек:


1. воронкаларды ернеулеріне дейін толтыруға болмайды (ерітінді 0,5мм төмен тұрады);
2. воронканы колбаларға қойғанда, колбалардың мойыны мен воронка арасы өте тығыз болмауы керек, себебі ыдысты толтырғанда одан ығыстырылған ауа шығуы қажет (воронка арқылы ерітінді құйғанда, воронканы қолмен аздап көтеріп тұру қажет).
Тамшыланатын воронкалар реактивтердің аз мөлшерлерін құйғанда қолданылады.
Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын екі сұйықтарды (сұйықтықтарды) бөлу үшін қолданылады. Олар 50 мл-ден бірнеше литрге дейінгі сыйымдылықта болады.
Қорғағыш воронкалар сұйықтарды қыздырған кезде шашырап кетпес үшін қолданылады.
Әр түрлі құралдарды, колбаларды, суытқыштарды т.б. бекіту үшін сақиналар және қысқыштар жиыны бар штативтер қолданылады

Зертханалық стакандар 2 түрлі болады: жоғарғы жағы дөңгелек және созылыңқы («мұрыны бар» және «мұрынсыз»), әр түрлі сыйымдылықты: 25мл-ден 1л-ге дейін. Оларға құйылған ерітінділерді (сұйықтықтарды) тек асбест торы арқылы не су моншасына қойып қана қыздырады.


Колбалар (8-сурет) әр түрлі пішінде және сыйымдылықтары да әр түрлі болады: түбі жазық (а), конус тәріздес (Эрленмейер колбасы(б), түбі домалақ (в), Вюрца колбасы, Бунзен колбасы, өлшегіш колбалар.
Түбі жазық және түбі домалақ колбалардағы ерітінділерді ашық жалында қыздыруға болмайды, тек асбест тор арқылы қыздырады.

Түбі жазық колбалар 50-мл-ден бірнеше литр сыйымдылықта болады, шлифпен және шлифсіз жабылады.


Конус тәрізді колбалар көбінесе титрлеуге қолданылады. Оларды тек асбест тор үстінде қыздырады.
Егер фильтрлеуді тез жүргізу қажет болса, қысым астында фильтрлейді: төменгі қысымды қабылдағышта туғызады. Қабылдағыш ретінде Бунзен колбасын қолданады. Бунзен колбасының бірнеше түрі болады және оның көлемі де әр түрлі болады. Оны қалың шыныдан жасайды, себебі атмосфералық қысым әсерінен жұмыс істеп тұрған уақытында сынып кетуі мүмкін. Жұмысты бастамай тұрып қолданылатын ыдыстарды – фарфордан жасалған Бюхнер воронкасын (1), Бунзен колбасын (2), сақтандырғыш шыныларды (суретте көрсетілмеген) және вакуум сорғышты (3) - тексеру керек, шытынаған, сынған жерлері болса, вакуум әсерінен олар жарылып кетеді.
Фарфор Бюхнер воронкасына екі дөңгелек қағаз фильтрін орналастырады (астындағы фильтр воронка диаметріне дәл келеді, үстіндегі фильтр қағаз үлкендеу болады), алдын ала фильтр қағаздарды сумен сулайды да воронкаға тығыз орналасқандықтарын тексереді. Егер фильтр қағаздар воронкаға тығыз орналасқан болса, сорғышты қосқанда бірқалыпты дыбыс шығады, ал егер фильтр қағаздар воронкада дұрыс жатпаған болса, дыбыс бірқалыпты болмайды, ысқырық (ызың) шығады. Егер фильтр қағаздар воронкада тығыз орналаспаса, саусақпен абайлап басады. Сорғышты қоспай тұрып, воронкаға ½ биіктігіне дейін фильтрленетін сұйықтықты құйып, қабылдағышта төменгі қысым туғызады, сол кезде фильтрат қабылдағышқа өтеді. Тұнба үстіндегі сұйықтықты біртіндеп воронкаға құйып отырады.
Тұнбаны фильтр бетінде алдын ала дайындаған жууға қолданатын ерітіндімен жуады. Тұнбаны жууды бірнеше рет қайталайды.
Тұнбаларды сумен не басқа еріткіштермен жуу үшін жуғыштар қолданылады. Оларды көбінесе төменгі тығыздықты полиэтилен мен полипропиленнен жасайды. Бутыльдер тар мойынды, қақпағы және сұйықтықты құятын төменгі жағы созылған трубкасы болады.

Кристаллизаторлар – сыйымдылығы мен диаметрі әр түрлі жұқа, жазық түпті шыны ыдыстар Оларды заттарды қайта кристалдау үшін, кей кезде ерітінділерді сусыздандыру үшін қолданады. Оларды тек су моншасында ғана қыздыру қажет.

Суытқыштар – суытуға және конденсациялауға қолданылады. Тура суытқыштар (Либих суытқышы) конденсат жинау үшін, кері суытқыштар конденсат қайта процеске қайтқан кезде қолданылады.
Суытқыштарға су муфтаның төменгі жағынан кіріп, жоғарғы жағынан шығып отыруы керек. Муфтада әр уақытта су толып тұруы қажет. Либих суытқышында айдалатын сұйықтың қайнау температурасы 1500-тан аспауы керек.
Кері суытқыштар көбінесе шарикті (Аллин суытқышы) және иректелген болады. Оларды вертикаль (тік) орналастырады

Арнайы қолданылатын ыдыстар: дөңгелек түпті колбалар, Кьельдаль колбасы , Вюрца колбалары, Клайзен колбасы, Арбузов колбасы, аллонждар, эксикаторлар, Кипп аппараты, Тищенко шынысы, пикнометрлер, ареометрлер


Кьельдаль колбасы алмұрт тәрізді, ұзын мойынды, оларды негізінен азотты анықтау үшін қолданады. Кьельдаль колбасын қиын балқитын, термотұрақты шыныдан (пирекс) жасайды.
Сұйықтарды айдау үшін арнайы колбалар (Вюрца колбалары, Кляйзен колбасы, Арбузов колбасы) қолданылады.
Вюрца колбасы 50мл-ден 1-2л көлемге дейін болады. Жұмыс орындағанда резеңке пробкаға термометрді отырғызып, колбаның мойын жағына (аузына) орналастырады, термометрдің ұшы бүйрегіндегі трубканың тесігіне дәл келіп тұруы керек. Бүйрегіндегі трубкаға пробканы отырғызғанда трубка ұшы суытқышқа қосылған жерінде 4-5 см шығып тұруы керек

Клайзен колбасы Вюрц колбасынан айырмашылығы оның 2 мойны болады, оны көбінесе органикалық қосылыстарды айдау үшін қолданады

Аллонждар – шыныдан жасалған иілген трубкалар, оларды айдау процесі кезінде суытқышты айдалған сұйықтықты қабылдайтын ыдыспен қосу үшін қолданады. Аллонждың кең жағына пробка арқылы суытқыш жалғағанда суытқыш ұшы (форштос) 3-4см шығып тұруы керек, яғни суытқыш аллонж ішіне 3-4см кіріп тұрады. Аллонждың жіңішке ұшын сұйықтықты қабылдайтын ыдысқа түсіреді

Эксикаторлар - ылғал тез жұтатын заттарды сақтауға және оларды кептіру үшін қолданылады. Ол үшін эксикатордың төменгі жағына су тартқыш заттарды: СаСI2 (сусыз); H2SO4 (конц), Р2О5 салады. Осы су тартқыш заттардың үстіне фарфордан жасалған арнайы тесіктері бар қондырғы салады (қояды), оның үстіне заттары бар бюкстерді, тигельдерді қояды.


Егер эксикаторға ыстық тигельдер қойылса, эксикатор ішіндегі ауа қызып, эксикатор ішінде аздаған вакуум пайда болады. Сол кезде эксикатор қақпағын жоғары көтеріп ашпайды, жанына қарай ығыстырып ашу керек.
Кипп аппараты - газдарды алуға және сақтауға арналған зертханалық құралғы.
Бұл екі бөлімнен тұратын калың кабырғалы шыныдан жасалған құрал: астыңғы бөлігі өзара байланысқан шар мен жарты шар пішінді етіп жасалған, ал үстіңгі бөлігі ұзын түтігі бар шар тәрізді үлкен құйғы. Астыңғы бөлігінің
шар және жарты шары арасында қышқылға төзімді материалдан жасалған зат түйірлерін (Me, СаСO3, FeS т. б.) ұстап тұратын сақинасы, ал астыңғы жарты шардың табанына тақау жерде шүмегі бар. Астыңғы бөлігінің шар тәріздес бөлімінде тесігі бар, оған газ шығатын түтік қойылған, онда газдың ағынын реттеп тұратын шүмегі бар
Пикнометр - грек тілінен «тығыздық, өлшеймін» деген сөз, физика-химиялық құралғы, шыны ыдыс, қатты, газтәріздес және сұйық заттардың тығыздығын өлшеуге қолданылады. 1859 жылы Дмитрий Иванович Менделеев ойлап тапқан.
Заттың тығыздығын анықтау үшін пикнометрді белгісіне дейін (негізінен сұйық заттарды) затпен толтырып, массасын анықтауға негізделген. Қатты заттың тығыздығын анықтау үшін қатты затты пикнометрдегі сұйықтыққа батырып, анықтайды. Газ тәрізді заттардың тығыздығын арнайы жасалған пикнометрлерде (шар тәріздес т.б.) анықтайды.
Тығыздықты пикнометр арқылы анықтаудың негізгі жетістіктері:
- өлшеудің жоғарғы дәлдігі (10−5 г/см³ дейін);
- заттардың аз мөлшерін қолдану мүмкіндігі (0,5 - 100 см³);
- пикнометрдегі сұйықтықтың аз көлемі оның ұшып кетпеуін және ауадан ылғал жұтпауын қамтамасыз етеді; термостатта ұстау операциясы мен өлшеу операциясының бөлек жүрілуі.
Ареометр - сұйықтықтың меншікті салмағын немесе тығыздығын тез арада анықтауға арналған құралғы. Заттың меншікті салмағы арқылы оның ерітіндідегі пайыздық мөлшері анықталады
Ареометр - шыны түтік, өзіндік ерекше пішіні бар, түбі кішкене металл кесектерімен ауырлатылған шыны құтыдан тұрады. Құтының жоғары жағы тығыздықтың градуриленген шкаласы орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке жалғасады. Ареометр сұйық ішінде тік қалқып жүзе алады.
Судан ауыр не судан жеңіл сұйықтықтардың тығыздығын өлшеуге байланысты ареометрлер және олардың шкалалары әр түрлі болады. Шкалалар ерітіндінің тығыздығын немесе градус бойынша күшін көрсетеді.
Ерітіндінің тығыздығын анықтау үшін ерітіндіні цилиндрге құйып, ареометрді ақырындап батырады, ареометр цилиндр ортасында тұруы керек, оның қабырғаларымен жанаспау керек
Ареометрлерді қолданғанда мына ережелерді сақтау керек:
- оны сұйықтыққа батырмай тұрып, жақсылап жуады да, құрғақ, таза сүлгімен сүртеді;
- тығыздығы өлшенетін сұйықтықты алдымен жақсылап араластырады;
- жұмыс біткен соң, ареометрді сумен жуып, сүртіп, футлярына (қабына) салып қою керек.
3) Өлшегіш ыдыстар. Өлшегіш ыдыстар әр түрлі дәлдіктегі сұйықтықтардың көлемін өлшеу үшін қолданылады. Дәлдігі онша жоғары емес көлемді өлшеу үшін өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер , дәл көлемді өлшеу үшін пипеткалар мен бюреткалар , өлшегіш колбалар , ал ерітінділердің (сұйықтықтардың) аз мөлшерін қосуға не алуға пипеткалар қолданылады.
Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар дәл көлем алу үшін қолданылмайды.
Мензуркалар (латын тілінен «өлшеу» деген сөзден) – конус тәрізді шкаласы бар, зертханада сұйықтықтың көлемін өлшеуге арналған.
Өлшегіш цилиндрлерді шыныдан не полиэтиленнен не полипропиленнен жасайды. Сыртқы қабырғасында шкаласы болады.
Өлшегіш цилиндрлер мен мензуркалар көлемі 1 литрге дейін болады.

Титрлеу кезінде (титриметриялық анализде) сұйық ерітінділер көлемін бюреткалар арқылы өлшейді. Жұмыс алдында бюреткаларды штативтерге орнатады.


Сілтілік ерітінділер үшін қысқыштары не шыны шаригі бар бюреткалар қолданылады, крандары бар бюреткалар қолданылмайды. Бюреткаларды
ерітінділермен толтырғанда төменгі жақтағы шыны түтікте ауа көпіршіктері
болмау керек, ол үшін төменгі жақтағы түтікті жоғары қарай бұрыштап бүктеп, қысқышты ашады, сонда ауа көпіршіктері шығады. Сосын бюретканы жоғары жағындағы белгіге дейін қайтадан толтырады.
Бюреткаға титрленген (стандартты) ерітінділерді құяды да, одан біртіндеп анықталатын заты бар ерітіндіге эквивалент нүктеге дейін тамшылатады. Бюретканы жақсылап жуады, оны кептіру керек емес, бюреткаға оған құятын титрленген ерітіндіні воронка арқылы құйып, артынан воронканы алып тастау керек. Төменгі түтікте (трубкада) ауа болмауы керек. Бюреткадағы сұйықтың беті шұңғылданып тұрады, оны мениск деп атайды. Сол мениск нольге не белгілі бір цифрға дәл келуі керек. Бюретканың дәлдігі 0,02-0,03мл, сондықтан бюреткадан құйылған көлемді былай жазу керек; мысалы, 22,25 не 22,23 деп, яғни ондық белгімен, егер былай жазылса, 22,2 не 22 деп, ол қате болады.
Титрлеу кезінде стандартты ерітіндіден 20-30 мл кететіндей болуы керек, сонда бұл әдістің қатесі аз болады.
Пипеткалар әр түрлі сыйымдылықты болады (1-100мл-ге дейін). Сұйық затты алғанда оны пипетканың белгісінен біраз жоғарырақ алу қажет, сосын сұқ саусақпен жауып, сұйықтықты баяу (ақырындап) ағызады, төменгі мениск белгіге жеткенде, саусақпен қаттырақ қайтадан жабады. Керек көлемді пипеткамен басқа ыдысқа құйғанда үрлеуге болмайды, пипеткадан сұйықтық өзі ағуы қажет.
Анықталатын зат бар ерітіндінің дәл көлемін өлшеп алу үшін пипеткалар қолданылады. Олардың көлемі 100,50,25,20,10,5 және 1мл-лік болады. Пипеткаларды жақсылап жуып, егер олар құрғақ болмаса, анықталатын заты бар ерітіндімен бір-екі рет шайқау керек. Пипеткадағы ерітінді толық ағып болған соң, пипетканың ұшын ыдыстың қабырғасына тигізіп 15 секундтай ұстау керек. Пипетканың ұшында қалған ерітіндіні үрлеуге болмайды, себебі: пипеткадан барлық ерітіндіні үрлеп түсіре алмайды, сондықтан ерітінді көлемі әртүрлі болып кетеді.
Жұмыс аяқталған соң, пипеткаларды жуып, штативтерге кептіруге қояды.

Өлшегіш колбаларды анықталатын зат бар ерітіндіні белгілі көлемге дейін сұйылтуға және титрленген ерітінділер (титрант) жасауға қолданады.


Өлшегіш колбаларды жақсылап жуады, бірақ оларды пипеткалар мен бюреткалар сияқты анықталатын зат бар ерітіндімен шайқауға болмайды. Өлшегіш колбаға алдымен ерітіндіні воронка арқылы құйып, соңынан пипетка арқылы тамшылатып құйып, белгіге дейін жеткізу керек. Ерітінді көлемі өлшегіш колбаның белгісіне жеткен соң, ерітіндіні жақсылап шайқау керек, ол үшін колбаны жауып, 4-5 рет төнкеріп, шайқайды.

III.Қорытынды



Зертханалық ыдыс — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керекті, шыны, кварц, кәрлен, платина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді. Өлшеуіш химиялық ыдысты қыздыруға болмайды, ол сыйымдылығы, диаметрі, түрі жағынан әр түрлі болады, сұйықтар (0,1 — 100 мл) мен газдарды (100 мл және одан да артық) бөлетін — тамшуыр, титрлеуде, көлемді дәл өлшеуде өлшеуір (микробюретка, көлемдік, салмақтық, поршеньді, газ бюреткалары), өлшейтін және белгілі көлемдегі сұйықтарды сақтайтын — өлшеуіш колбалар (10 — 2000 мл), өлшеуіш мензуркалар, цилиндрлер, жалпы қолданылатын химиялық ыдыс — сынауық (5 — 25 мл), стакан (5 — 1000 мл), колбалар (10 — 1000 мл), реторта (3 л-ге дейін), жай және бөлгіш құйғы, суытқыш, кристалл түзгіш шөлмектер, т.б. Жеке тәжірибелерге арнайы белгіленген химиялық ыдыс: дистилляцияға арналған — колбалар, аллонж — иілген түтікшелер, дефлегматор, эксикатор, Кипп аппараты, тамшылатқыш таяқша, Тищенко сауыты, әр түрлі түтікшелер, т.б. шыны ыдыстар қолданылады, кварцтан жасалынған ыдыс таза заттар алуда, сондай-ақ, 1200C-қа дейін қыздыруға қажет. Платина ыдысы негізінен фторлы сутек қышқылымен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Алтын мен күмістен жасалынған тигель әр түрлі заттарды сілтімен қосып 1200 — 3000C температураға дейін қыздыру үшін отқа берік материалдардан (алунд, корунд, т.б.) жасалған тигель қолданылады. Химиялық өте тұрақты полимер материалдардан полиэтилен, фторпласт, т.б. ыдыстар дайындалады. Мұндай ыдыстар химиялық активті қосылыстармен (мысалы, балқытқыш қышқыл) жұмыс жасағанда қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

  2. Қожанов К.Н., Қожанова С.К. «Зертханалық іс» - Алматы, 2010ж

  3. Садуов М.С. «Зертханалық іс» пәніне арналған дәрістік кешен.

  4. https://kk-eferrit-com.cdn.ampproject.org/v/s/kk.eferrit.com


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет