Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


Науқаста сәулелік аурудың қандай түрі дамыған?



бет14/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

1.Науқаста сәулелік аурудың қандай түрі дамыған?
Организмге сырттан 1-10 Грэй мөлшерде сәуле әсер еткенде жіті сәулелік ауру дамиды. Сәулелік аурудың сүйек-кеміктік синдромына жатады. Аурудың ауырлығы сәуле мөлшеріне байланысты болады. Бұл жағдайда 3,5 Грэй мөлшерлі сәуле аурудың орташа түрін тудырып тұр. Сүйек кемігіндегі бұзылулар салдарын лейкоцитттер мен лимфоциттердің түзілуі азайып, қан талдамасындағы мөлшері төмендігінен байқаймыз.
2.Науқаста сәуле ауруы ағымының қандай фазасы (кезеңі) байқалады? Жауабыңызды негіздеңіз.
Науқаста сәуле ауруы ағымы алғашқы серпілістер сатысында. Себебі, сәулеленген соң алғашқы белгілер бірнеше минут-сағаттар аралығында көрінуі керек. Науқаста аурудың алғашқы клиникалық белгілері 2 сағаттан кейін басының ауыруы, жалпы әлсіздік, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Нейтрофильді лейкоцитоз да алғашқы серпілістердің біріне жатады.
Бір күннен соң жағдайы жақсаруы аурудың клиникалық жалған сәттілік сатысына өткенінің дәлелі болады.
3.Сәулелік зақымданудың кеш салдары қандай?
Клиникалық жалған сәттілік сатысына өткен науқас 2-5 аптадай өзін жақсы сезінгенімен, қанның бұзылыстары күшейе береді. Лейкоциттер, ретикулоциттер, тромбоциттер одан әрі азаяды. Жыныстық бездердің атрофиясы байқалады, ішектердің шырышты қабығында және теріде өзгерістер пайда болады.
Аурудың айқындалу сатысында науқас жағдайы қайта күрт нашарлайды, әлсіреп, дене қызуы көтеріледі, ішекке, теріге, миға, жүрекке, өкпеге қан құйылады.Сүйек кемігінде аплазия үдейді. Науқаста түрлі жұқпаларға шалдығады, сонымен қатар аутоиммунды аурулар дамуы мүмкін.
2-3 аптаға дейін созылатын күрделі бұзылыстар сауығу сатысында қалпына келе бастайды. Ан кетулер тоқтап, дене температурасы және зат алмасу өзгерістері қалыпқа келеді. Сауығу 3 айдан 3 жылға дейін созылуы мүмкін.

I.2-10 жағдаяттық тапсырма
Зардап шегуші П., 72 жаста. Қыста, қар үстінде мас күйінде табылған. Объективті: сана-сезімі жойылған, терісі бозарған, пульс пен тынысы әрең анықталады. АҚ-70/40 мм.сын.бағ, t˚-33,8˚С. Жүргізілген реанимациялық шаралар нәтижесіз болып, тынысы тоқтап қалған.
1.Науқаста гипотермияның қандай сатысы дамыған?
Гипертермияның теңгерілмеген сатысы дамыған.
2.Организмнің жалпы салқындауына қандай жағдай әсер етеді? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Адамда гипотермия жылудың организмде қалыпты мөлшерде өндірілуіне қарамай оның сыртқа артық шығарылып кетуінен дамиды.Яғни зардап шегуші қыс айында қардың үстінде табылғандықтан, организмге суық температура әсер етіп жылудың өндірілуі азаюының нәтижесінде дененің салқындауы байқалады.
3.Үсіп қалудың нәтижесінде биологиялық өлім пайда болуы мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Үсіп қалудың нәтижесінде биологиялық өлім пайда болады.Себебі дененің мұздауы,сіресіп қалуы,өліктік дақтар мен жолақтардың пайда болуы биологиялық өлімнің негізгі белгілері болып табылады.
4.Гипотермия кезінде термореттеудің химиялық жолы қандай?
Суық температураның әсеріне жауап ретінде бұлшық еттердің қалтырауы,бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауы,қанда глюкозаның көбеюі,тіндермен оттегін пайдаланудың артуы,зат алмасуының күшеюі болады.Осыдан организмге жылу өндірілуі арта байқалады.Осылай суық температураның әсерінен организм жылуды сыртқа шығаруды азайтып,оның денеде өндірілуін арттырып,дене қызымын қалыпты деңгейде ұстап тұрады.Бұның барлығы теңгерілген сатыда жүзеге асады.
I.2-12 жағдаяттық тапсырма

Науқас К., 44 жаста, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Куәгерінің айтуынша,


зардап шегуші өрт сөндіруде 1,5 сағат бойы температурасы 60-70˚С және өте жоғары
ылғалдықта жұмыс істеген. Объективті: сана-сезімі тежелген, терісі айқын қызарған, әсіресе беті. ЖСЖ-125 мин-1, АҚ-145/94 мм сын.бағ. Тынысы жиі және үстіртін. Дене температурасы 40,5˚С.
1. Науқаста жылу тепе-теңдігінің қандай бұзылысы дамыған?
2. Дене температурасы жоғарылағандағы жүректің жиырылу жиілігі мен
тыныс алу қозғалысының жиілеу жолы қандай?
3. Жылдың сыртқа бөлінуінің негізгі жолдары қандай?
1.Науқасқа жылулық соққы әсер еткен.Жылулық соққы дегеніміз сыртқы ортадағы жоғары температураның ұзақ уақытты
әсерiнен дене температурасы тез арада көтерiлуiмен өтетiн организмнiң жедел
қызып кетуi.
�Яғни, науқас ұзақ уақыт жоғары температура жұмыс атқаруының салдарынан, жылулық тепе-теңдігі бұзылған.
2.Дене температурасы жоғарылағанда зат алмасу қарқыны артады,тыныс алу және қан тамырларының қимылдық орталықтарының,ОЖЖ-нің қатты қозуы байқалады.Артынан олардың қалжырауынан тыныс алудың,жүрек қызметінің бұзылыстары,артериялық қан қысымының төмендеуі болады,организмде гипоксия дамиды.
3.Организмнен тер бөліну,қимыл қозғалыс нәтижесінде жылу сыртқа беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет