Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма



бет1/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org


Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма

Жағдаяттық есептер


I.1-2 жағдаяттық тапсырма
Науқас Р, 24 жаста, жұқпалы ауруханаға диагнозын дәлелдеуге келіп түсті. 2 күн сайын қайталанатын қызба ұстамасына шағымданды. 12-14 сағатқа созылатын дене қызуының максималді /40-41С/ көтерілуінен бұрын 1,5-2 сағатқа созылатын «тоңыпқалтырау» сезімі пайда болады. Қызуы түсе бастағанда науқас терлейді және жағдайы тез жақсара бастайды. Келесі 2 күн ішінде қызба байқалмайды, науқастың көңіл-күйі жақсарып, еңбекке қабілеттілігі сақталады. Бірақ, қызуы көтерілгеннен кейінгі 4-ші күні қалтырау, дененің қызуы, терлеу ұстамасы қайтадан басталады. Аталған қызба және қызбасыз кезеңдерінің ұстамаларының қайталануы 1 айдың аралығында байқалуда. Клиникалық көрінісіне және қанда төрт күндік малярия қоздырғышы табылуына байланысты «Малярия»диагнозы қойылды.
1. Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?

2. Оларға толық анықтама беріңіз.


3. Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз.
1) Бұл жерде бізде Малярия деген диагноз койылып тұр, яғни бұл патологиялық процес қызба , терлеу,қалтырау,байқалуда. Ал Малярия жұғуы ол экзогендік биологиялық ықпалға жатады.

2) Ауру - көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етулерінен дамиды.Бұл ықпал бір-бірімен және адам тәнімен өзара әсерлерде, арақатыстарда болады.Және ағзалар мен тіндер зат алмасулық құрылымдық өзгерістерге ие.


3) Ұғымдар олар нозологияда – денсаулық , патология ,ремиссия, серпіліс және т.б.

I.1-3 жағдаяттық тапсырма


Науқас П., 48 жаста, онкология диспансерінде емделіп жатыр. Диагнозы: «терінің
қатерлі өспесі - меланома». Қатерлі өспе туа біткен қалға (меңге) ұзақ уақыт бойы және
қарқынды түрде ультракүлгін сәулелер әсер еткеннен кейін пайда болды.
1. Келтірілген мысалда жалпы нозологияның қандай негізгі ұғымдары берілген?
2. Оларға толық анықтама беріңіз.
3. Жалпы нозологияның тағы қандай ұғымдарын білесіз? Мысалдарды келтіріңіз.
1.Келтірілген мысалда дерттік жағдай, дерттік үрдіс ұғымдары кездеседі. Ағзаға ұзақ уақыт ультракүлгін сәулелердің әсер етуінен пайда болған меланома дерттік жағдайға жатқызылса, өкпенің пайда болуы дерттік үрдіске жатады.
2.Дерттік жағдай деп организмнің биологиялық қалыптан тыс тұрақты ауытқуды айтады,немесе дерттік үрдістің салдары.
Дерттік үрдіс- тіндер мен ағзалардың одан әрі зақымдану,әрі қорғану-бейімделу серпілістерінің жиынтығын айтамыз. Мысалы,тіс ұлпасының қабынуы-пульпит,сыздауық,шиқан,теріскен.
3.Дерттік серпіліс- ауру тудыратын қоздырғыштардың әсерлеріне биологиялық мәнсіз және сәйкессіз жауап қайтаруы.Мысалы,шаң-тозаңдарға түшкіріп,көзінен жас ағып жауап қайтаруы.


1.1.4-жағдаят
1. Бұл патологиялық жағдай болып табылады. Себебі, аяқ құрылымының ұзақ уақыт қалыптан тыс ауытқуының нәтижесін көріп отырмыз. Яғни, маймақтық балада туылғаннан бері бар және баланың қалыпты тіршілігіне айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет