Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма


I.1-16 жағдаяттық тапсырма



бет9/166
Дата17.09.2023
өлшемі1,01 Mb.
#181267
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   166
Байланысты:
Жағдаяттық есептер I. 1-2 жағдаяттық тапсырма-emirsaba.org

I.1-16 жағдаяттық тапсырма
Науқас, 67 жаста, ауруханада «Тоқ ішектің қатерлі өспесі» диагнозымен емделуде. Эндотрахеальді наркоз арқылы операция жасау барысында интубациялық түтік сілемеймен бітеліп қалуынан тынысы бітіп, жүрегі тоқтап қалды. Клиникалық өлімнен кейін 2 минөт өткен соң, трахеядан сілемей сорылып, жасанды тыныс және жүрекке тікелей емес массаж жасалды. Вена ішіне 1 мл адреналин егілді. Әсері болмаған соң, көкірегі кесіліп, жүрекке тікелей массаж жасалды. 1 минөт өткен соң, жүректің жиырылуы байқалды. Операциядан кейінгі кезеңде өзгерістер болмады.
1.Бірінші кезеңдегі реанимациялық шаралардың нәтижесіздігін жүрек қарыншаларының фибрилляциясымен байланыстыруға болады ма?
Реанмациялық шаралардың дұрыс жүргізілуі барлық жағдайда нәтижелі бола бермейді, оған науқастың жалпы жағдайы үлкен әсер етеді. Науқаста клиникалық өлімге дейін басқа ауруының болуы және оның операция үстінде екендігі қан айналымды қалыпқа келтіруге қолайсыз жағдай тудыруда. Сонымен қатар науқастың егде жаста болуы да процестердің жылдам қалпына келуіне әсер етеді. Жабық массаждың дұрыс орындалмауы да нәтижесіз аяқталуы мүмкін. Сол себепті ашық массажға көшу орындалды. Шаралардың нәтижесіздігі жүрек қарыншаларының фибрилляциясымен байланысты емес
2.Көкіректі ашпай ақ, жүрек қарыншаларының фибрилляциясын қалай анықтауға болады?
Науқастың наркозда жатқанын ескерсек жүрекшелер фибриляциясының естен тану, кеудедегі ауырсыну, сияқты белгілерін байқай алмаймыз.
Бірақ жүрекшелер фибриляциясы өлімалды кезең мен клиникалық өлім кезінде туындайтын негізгі өзгерістердің бірі болып табылады. Гипоксия салдарынан жүректің жұмысы бірден тоқтауы мүмкін емес, Алдымен аз уақыт ішінде гомеостаз тұрақтылығы үшін жүректің өте жылдам ырғақсыз жиырылуы пайда болады. Ондай жылдамдықта жүрек өз функциясын атқара алмайды. Сол себепті тынысы бітіп, жүрегі тоқтап қалған науқастағы клиникалық өлім жағдайында жүрекшелердің фибриляциясы болады. Сонымен қатар науқаста жүрек тоқтауы алдында судорога көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет