3. 2-ші ыдыстағы жануарда пайда болған өзгерістердің патогенезі қандай? Патогенездің негізгі тзбегін атаңыз. Бұл жағдайда қандай кері айналып соғу шеңбері дамуы мүмкін?
Жауап:Екінші тышқанда төмен барометрлік қысым әсер еткізгендіктен бұзылыстар пайда болған. Яғни тышқанда сезімтал қоздырғыштарын қоздырып, ауырсыну сезімі пайда болады. Осының әсерінен қан тамырлық орталықтар тежеліп, азот көпіршіктері қанға түседі. Одан эмболия дамиды. Ал эмболия пайда болуынан ағзада және тіндерде ишемия дамыды. Яғни гипокапния пайда болады. Гипокапния жануарларды динамиканы төмендетіп, құрысу, талу сезімдерін тудырады.
Патогенездің негізгі тізбегі болып төменгі барометрлік қысым табылады.
Тапсырма 2. Науқас З., 53 жаста, жалпы әлсіздікке, тәбетінің жоқтығына, ет тағамдарын жегісі келмейтініне, құсуына,кейде құсықтың "кофе тұнбасы" тәріздес болуына, эпигастрия аумағында толып кету сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бойы атрофиялық гастрит.
Объективті: бойы – 180 см, дене салмағы 50 кг. Терісі бозғылт, беті пастозды, аузынан сасық иіс келеді, аяқтары ісінген.
Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректері:
1) жалпы қан анализінде – гемоглобин 68 г/л, эритроциттер – 1,8∙1012/л;
2) плазмада жалпы нәруыз құрамы - 38 г/л, альбуминадер - 18 г/л;
3) асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, лактат мөлшері жоғарылаған;
4) асқазанды контрастпен рентгенологиялық зерттеу кезінде ісік анықталды.
1. Науқаста заттек алмасуының қандай типтік бұзылыстары дамыған? Зертханалық-аспаптық зерттеулер деректерін пайдалана отырып, дәлелді қорытынды беріңіз.
Жауап: науқаста нәруыз алмасуының бұзылысы дамыған. Себебі науқаста зертханалық зерттеулердің көрсеткіштері бойынша альбуминнің, плазма құрамындағы нәруыз мөлшерінің төмен болуымен сипатталады. Науқаста ісік және атрофиялық гастрит пайда болған. Сонымен қоса нәруыз көп ыдыраса өспе пайда болуы ықтимал.
2. Науқастың дене салмағының индексін есептеңіз және түсіндіріңіз. Науқаста азоттық баланс бұзылады ма? Жауабыңызды түсіндіріңіз. Көрсетілген клиникалық-зертханалық симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.
Жауап: ИМТ=салмақ/бой*бой=50кг/1.80*1.80=15.43 Науқастың 180см бойына 50кг салмақ аз болып есептеледі. Сондықтан науқаста жіті салмақ жетіспеушілігі.
Нәруыз ыдырауы кезінде азоттық баланс негізгі клиникалық көрінісі болып саналады. Ал науқаста пайда болған тамаққа тәбеті жоқтығы, құсу сезімдері болуы азоттық дисбаланс, яғни теріс азоттық баланс дамыған. Тәбеттің болмауы ашығу сезімін сезімін тудырады. Ал ашығу кезінде ағзадан шығарылатын азот пен ағзаға түсетін азоттың мөлшерінен артық болады. Ағзада май жиналуының себебі нәруыз қалыпты мөлшерде түспеуінен. Ал осылардың әсерінен науқаста аяқтары ісінуі, терісінің бозғылт болуы, жалпы әлсіздік дамыған.
3. Бұл жағдайда науқаста ашығу туралы айтуға бола ма? Егер жауабыңыз иә болса, онда науқаста ашығудың қандай түрі дамыған? Жауаптарды дәлелдеңіз.
Жауап: ағзаға нәруыз мөлшері қалыпты түсіп отырмағандықтан ағзада нәруыздық ашығу пайда болған деп ойлаймын. Себебі еттің құрамында нәруыз өте көп. Ал науқас ет тағамдарын тұтынбаған. Зертханалық көрсеткіштер бойынша альбумин, гемоглобинның, трансферрин мөлшері қалыптан төмендеуі нәруыз мөлшерінің адам организмінде төмендеуіне әкеледі.
Тапсырма 3. Науқас Ф., 12 жаста, өлімнен қорқыныш сезіміне байланысты, қатты үрейленіп мазасы қашады. Орта есеппен 2 сағатқа созылатын осындай үрей шабуылдары тыныс алудың айқын бұзылуымен қабаттасады. Қыз бала қосымша бұлшықеттердің қатысуымен тыныс алады, тынысы терең және жиі. Ол әр дем алу үшін осындай күш жұмсамаса, оның дем алуы тоқтап қалатындай сезінеді. Кезекті үрей шабуылы аяқталғаннан кейін артериялық қан көрсеткіштерін зерттеу кезінде келесідей өзгерістер анықталды:
рН = 7,50
PаCO2 = 20 мм сын.бағ.
SB = 20,7 ммоль/л
АВ = 17,9 ммоль/л
ВЕ = -2,3 ммоль/л
Достарыңызбен бөлісу: |