Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Сұраулы сөйлемнің түрлері



бет51/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Сұраулы сөйлемнің түрлері


Сұраулы сөйлемдер негізгі мағыналары жағынан төмендегідей топтарға бөлінеді:
а) ашық мәнді, демеу мәнді, риторикалық мәнді;
ә) қолданылуына қарай: диалогта қолданылатын, монологта қолданылатын болып бөлінеді.
1. Ашық мәнді сұраулы сөйлем мағынасы мен қолдануы кең сөйлем түріне жатады. Олар мағынасына қарай: нақты сұрақты білдіретін және альтернативті сұрақты білдіретін; қолданылуына қарай: диалог сұрақ, монолог сұрақ деп бөлінеді. Монолог сұрақ айтушының өзіне арналады. Айтушы белгілі бір оқиға жайын не біреудің іс-әрекетін өз тарапынан бағдарлай біліп, айқындай түсуді мақсат етеді. Мұндай сұраулы сөйлемдер стильдік бір амал ретінде көркем әдебиетте ғана қолданылады. Диалог сұрақ сөйлесуші жаққа арналады. Ол бірде айтушы көзқарасын айқындау үшін жұмсалса, бірде сөйлесуші жақ қатынасына қарай сұраулы сөйлемдер тіке және қарсы сұрақты болып бөлінеді.
Тіке сұрақта сөйлесушіге ақиқат сұрақ қойылып жауап алынады. Қарсы сұрақта алдыңғы кісінің сөйлемдерінде қолданған кейбір сөздерді өзі сұрап тұрған тыңдаушы тұрғысынан қайталап отырады.

  • Сонда байыған соң не қылар ең?

  • Мен бе? – деп, жігіт ойланып қалды.

2. Демеу мәнді сұраулы сөйлем. Демеу мәнді сұраулы сөйлемдер диалогта қолданылады. Олар сөйлесуші жақтың көзқарасын анықтау тұрғысынан жұмсалып, айтушының оны іске қосудағы басым не үстеме бір талап тілегін білдіреді. Жеңеше, сабыр етіңіз, Әбіштей баласы бар шеше жылай ма екен? – деді. Мұндай сөйлемдерде ІІ жақты жауап беруге ғана емес, жанама түрде іс істеуге көндіру тұрғысынан да жұмсалады.


3. Риторикалық мәнді сұраулы сөйлемдер. Ой мазмұнын эмоциялық, экспрессивтік мағынада білдірудің әдеби тілге тән негізгі бір синтаксистік-стильдік амалы. Риторикалық сұраулы сөйлемдер белгілі бір сөйлеу мазмұнына тыңдаушыны сендіру үшін не оның назарын аудару үшін айтылады: алдыңғы жағдайда хабар-лепті сөйлем ретінде жұмсалып, байымдауды білдіреді. Соңғы жағдайда оның жұмсалып, байымдауды білдіреді. Соңғы жағдайда оның мәні сұраулы сөйлем ретінде жұмсалып жеке бір іс-әрекет, болмыс туралы сұрақты білдіреді.
1) Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек?
2) Мен сіздерден не талап етемін? Алдымен, . . .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет