5. Себеп-салдар пысықтауыш іс-қимылдың болу-болмау себебін білдіреді, неліктен? не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді.
Себеп пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
А) -ған тұлғалы есімшеге -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы немесе есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауынан кейін шығыс септігінің жалғануы арқылы: Шошынғаннанайқайлап жіберді. ә) Есімшеден кейін себепті, соң, үшін шылауларының тіркесуі арқылы: Бізді тәрбиелегеніңіз үшінбірінші суретті сізге тарттым (С.Мұқанов).
Б) босқа, құр босқа, бостан-босқа, амалсыздан, шарасыздықтан, амал жоқтықтан үстеулері де себеп пысықтауыш болады: Амалым жоқтықтанөзіңе тікелей келдім . Бұл үстеулердің себептік мағынасы көбінесе контекст ыңғайында айқындалады.