Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


-лекция. Тақырыбы:Пысықтауыш



бет32/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

14-лекция. Тақырыбы:Пысықтауыш
Жоспар:

  1. Пысықтауыш. Пысықтауыш болатын сөз таптары

  2. Пысықтауыштың мағынасына қарай бөлінуі

  3. Дара, күрделі, үйірлі пысықтауыштар

Тұрлаусыз мүшенің бірі болып табылатын пысықтауыш сөйлемде, негізінен, етістіктен болған мүшеге қатысты болып, сол мүшені мекен, мезгіл, мақсаты, орындалу амалы жағынан нақтылап, анықтап тұрады. Нақтырақ айтқанда, «анықтауыш зат есімнен болған мүшені, пысықтауыш етістіктен болған мүшені айқындайды». Дүкеннен жылы киім сатып алдық. Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады (Мақал). Осы сөйлемдердегі сын есім сөз табына жататын екі сөздің бірі анықтауыш, бірі пысықтауыш болып тұр. Олардың бұл қызметтері өздері қатысты болған сөздердің киім, сөйлесең мағыналарына байланысты екені айқын.


Пысықтауыштар, әдетте, етістік баяндауыштарға қатысты болғанымен, кейде есім баяндауыштарға да қатысты болуы мүмкін. Кеше урядник осы хабарды әкелген екен, бүгін ел іші шапқын (Мұқанов).
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер-үстеулер, үстеу мәндес сөздер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес) зат есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты райлы түрлері. Сондай-ақ, еліктеу сөздер мен көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыш қызметінде қолданылады.
Пысықтауыштар мағыналық ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, амал пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, мөлшер пысықтауыш.
1.Мезгіл пысықтауыш. Қимыл-әрекеттің шақтық мағынасын мезгілдік жағынан дәлдеп, нақтылап тұратын пысықтауыш түрін мезгіл пысықтауыш деп атайды. Мезгіл пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
а) Мезгіл үстеулерден жасалады: Мен қазір бұл өмірді жасаушылардың қатарындамын (Ғ.Мұстафин).
ә) Мезгіл мәнді зат есімдерден жаз, қыс, көктем т.б. және олардың жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктерінде келуі арқылы жасалады: Көктемде күн ұзара түседі.
Кейбір заттық ұғымдағы сын есімдер жатыс, кейде көмектес септігінде келіп, пысықтауыш болады: Қараңғыда қорқытқан күшті дүрсілді жарықта бір көргісі келіп артына қарады (Ғ.Мұстафин).
Б) Жатыс септігіндегі -ған, -ар тұлғалы есімшелер және -ғалы, -а, -е, -й тұлғалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш болады: Туғанда дүние есігін ашады өлең (Абай). Қорықтан күн шыға атқа міндік (М.Әуезов).
В) Көмекші сөзді кейбір сөз таптары да күрделі мезгіл пысықтауыш жасайды: Сол кезде жартыланған ай туған еді (Мұқанов). Олжабек көпке дейін жауап қайтара алмады (С.Мұқанов). Осының арасынша Тілеу мен Төлеуіш те келіп қалып еді (Ғ.Сланов).
2. Мекен пысықтауыштар іс-әрекеттің, қимылдың болу орнын, бет алысын, қайдан шығып, қайда тірелер жерін білдіреді. Жасалу жолдары мынадай:
а) Мекен үстеулері жоғары, төмен, ілгері, кейін, әрі, әрмен т.б. барыс, жатыс, шығыс жалғаулы және -рақ, -рек тұлғалы түрлерінде мекен пысықтауыштар болады: Алысқа кетсе, су жоқ, жақында от жоқ (Ғ.Мұстафин). Жоғары, төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай).
ә) Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулы есім сөздер қайда?, қайдан? сұрақтарына жауап беріп мекен пысықтауыш болады: Оқуды бітіріп, Қарағандыға жұмысқа бара жатырмын (Ғ.Мұстафин).
Б) Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп, кейде соңғы сөздерінің бірсыпырасының алдынан бір, оң, сол сөздері тіркесіп мекен пысықтауыш жасалады: Мына жақта Жанас пен Арыстан ғана өздерінің күйлерін шертуде (Ғ.Сланов). Оның ұзын қара шудасын бір оң жағынан, бір сол жағынан шұбатып, үзбей будақтады (Мүсірепов).
В) Көмекші есімдермен тіркескен зат есімдер барыс, жатыс, шығыс септіктерінде келіп мекен пысықтауыш болады: Түнге қарай жауынгерлерімізді көпірдің алдына қойсам, күндіз жол бойын өрлей, әр сайдың қабағына қоям (Мүсірепов).
Г) Қарай, таман, шейін шылаулары тіркескен барыс, жатыс, шығыс жалғаулы сөздер тұтасымен мекен пысықтауыш болады: Екі дос жаңа құрылысқа қарай бет алды (М.Иманжанов).
3. Амал пысықтауыштар деп іс-әрекеттің, қимыл-қозғалыстың жүзеге асу амалы мен тәсілін, сапасы мен сындық белгісін білдіретін пысықтауыш түрі аталады. Мағыналық жағынан бұл пысықтауыштар екіге бөлінеді: тәсілдік амал пысықтауыш және сапалық амал пысықтауыш.
Амал пысықтауыштардың бұл түрлерінің өздерін мағыналық жағынан іштей саралауға болады. Тәсілдік амал пысықтауыштар үстеу, еліктеу сөздер, көсемше тұлғалы етістіктер болып келеді де, олардың етістіктермен мағыналық қатынасы қарқындық, қимылдық, бейнелеуіштік болып келеді. Жасалу жолдары:
А) бірден, көзбе-көз, зорға, әрең, тез, дереу, жылдам, шапшаң, шұғыл сияқты үстеулер және оларға -рақ,-рек шырай жұрнақтары жалғану арқылы да іс-әрекеттің түрлі қарқынын білдіретін тәсілдік амал пысықтауыш жасалады: Мен тез барып, тез қайттым (Мұқанов). Ол үйге бірден кіріп келді.
ә) қылт, кілт, тарс, тарс-тұрс, жалт, бұрқ-бұрқ,маң-маң, талтаң-талтаң тәрізді еліктеуіш және бейнелеуіш сөздерден жасалады: Жантық осыны айтты да, қалт тоқтай қалды (Ғ.Мұстафин).
Б) көсемшелерден жасалады: Олар бір-біріне күле қарады (Ғ.Сланов). Жарқырап, міне, жаз келді (Жамбыл).
В) бейнелік үстеулерден шалқасынан, жүресінен, етпетінен, бүге түсіп т.б. жасалады: Ол жүресінен отыра кетті (С.Мұқанов).
Сапалық амалды білдіретін пысықтауыштар қимылды сапалық жағынан анықтайтын сөздер болғандықтан, мағыналық жағынан анықтауышқа жақын сөз таптары көбіне осы қызметте қолданылады. Бұл сөздер етістіктермен қабыса байланысып, қалай? деген сұраққа жауап береді.
А) негізгі сын есімдер, оның ішінде лексикалық мағыналары етістіктермен үйлесімді болатын түрлері, сапалық амалды білдіреді: Әрине, баланың бәрі де осылай әдемі ұйықтайды (Ғ.Мұстафин).
ә) сапалық амал пысықтауыш қызметін атқаруға көбінесе туынды сын есімдер бейім болады: Алтын бидай дариядай шалқиды (Ә.Сәрсенбаев). Көкшіл түсті үлкен көздері сыр берместей сабырлы қарайды (М.Әуезов).
Б) –ша,-ше жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеулер сапалық амалды білдіреді: Бөрененің бір басын нар тартса, екінші басы нарды тартып, таспаша созылады жануар (Ғ.Мұстафин).
В) жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулы есім сөздер, әсіресе, дерексіз зат атаулары дара немесе күрделі анықтауыштармен, көмекші сөздерімен күрделенген күйде амал пысықтауыш қызметін атқарады: Үй маңындағы гүл, ағаштар өзгеше шеберлікпен егіліпті (Ғ.Мұстафин). Мен бұл жігітті Ырымбек арқылы білемін (Ғ.Мүсірепов).
4. Мақсат пысықтауыш іс-әрекет,қимыл-қозғалыстың белгілі бір мақсатқа, талапқа лайық орындалу не орындалмауын білдіреді де, көбінесе кім үшін? не үшін? неге? не мақсатпен? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Жасалу жолдары:
а) Мақсат пысықтауыштар әдейі, жорта, қасақана, бекер, босқа, арнайы тәрізді үстеулерден жасалады. Олардың мақсат пысықтауыштық мағынасы контексте айқындалады. Абай үншіл домбыраны әдейі Әйгерім үшін тартатын (М.Әуезов).
ә) –у тұлғалы қимыл есімдері барыс жалғаулы болып, кел, кет, әкел, шақыр, бер тәрізді етістік баяндауыштармен тіркесіп келгенде мақсаттық мәнді білдіреді: Сырбай буыршынды шалуға әкелген.
Мақсат пысықтауыштық қызметті айқын атқаратын сөздер көбіне күрделі болып келеді:
А) Зат есімдерге -ғалы,-гелі,-қалы,-келі тұлғалы көсемшелердің тіркесуі арқылы: Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы кетіп барады (М.Әуезов).
Ә) Барыс жалғаулы есім сөздерге бола көмекшісінің тіркесуі арқылы: Бұл бала сізге бола келіпті.
Б) Есімдерге үшін шылауының және көмектес септікті мақсат, ниет сөздерінің тіркесуі арқылы: Мұны сол мінезі үшін қадірлейтін (М.Әуезов). Бекіністі қайтадан алу мақсатымен немістер екі рет шабуыл жасады (Мүсірепов).
В) Қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін деп көмекші етістігі тіркесу арқылы, -а, -е, -й, -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер кейде жеке тұрып, кейде басқа сөздермен тіркесе топтасып мақсат пысықтауыш болады: Сен әдейі біздің қаланың жағдайын білейін деп келдің (Сейфуллин).
Г) Болымсыз есімшеге барыс жалғауы жалғанып та мақсат пысықтауыш жасалады: Қылмыс заңын атамасқа, адам зарын елемеске келіп пе едік осында! (Мүсірепов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет