Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Салалас құрмаластың түрлері



бет66/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Салалас құрмаластың түрлері




Салаластың түрлері

Жалғаулықтары

Жалғаулықты

Жалғаулықсыз



1.

Мезгілдес салалас

Да, де, та, те, әрі, және

Бұл топ мектеп үйін августің аяғында бітіреді де, сабақ бірінші сентябрьде басталады.

Қостың ар жағынан торы аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады.

2.

Себептес салалас

Сондықтан, сол себепті, өйткені, себебі

Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
Менің атым онша бұрмалауға келмейді, Шеген аға дерсің.

3.

Қарсылықты салалас

Бірақ, дегенмен, әйтсе де, алайда, солай болғанмен

Майдан жайындағы мате-риал салынған сумкамнан басқа жүгім жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді.

Күн жауып кетті,-оны елеген ешкім болған жоқ.

4.

Талғаулы салалас

Не, мейлі, немесе, я, яки, я болмаса, әлде, мейлі

Бұл жерде не шөп жоқ, не қамыс жоқ.




5.

Кезектес салалас

Бірде, біресе, кейде



Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады.




6

Салыстырмалы салалас

-

-

Жалғыз ағаш орман болмас, жалғыз кірпіш қорған болмас.

7.

Түсіндірмелі салалас

-

-

Тұманның қалыңдығы сонша – еш нәрсе көрінбейді.
Байжанның дағдылана алмай жүрген бір нәрсесі бар: ол – Сырдария бойының масалары.

8.

Шартты салалас

-


Бүгін өзің осында қоншы, бәрін өз көзіңмен көресің.

СӨЖ тапсырмалары: Айтылу сазына қарай сөйлемдердің бөлінуі (конспект)


Әдебиеттер:
1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы,1994
2.Қазақ грамматикасы.-Алматы, 2002
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы,1993
4.Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.-Алматы,1995
5.Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері.-Алматы,1941
6.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы,1999
7.Қордабаев Т.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.-Алматы, 1995
8.Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі.-Алматы, 1948
9.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы, 1982


22-лекция. Тақырыбы: Жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас, түрлері


Сабақтың жоспары: 1. Жалғаулықсыз салалас, түрлері.
2. Салалас құрмаластың тыныс белгілері.

Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері кейде жалғаулықсыз байланысады. Олар 5 түрге бөлінеді:


1. Ыңғайластық: Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді. Маған ойыншық берді, ағама доп берді.
2. Қарсылықты: Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болмады. Бас болу оңай, - бастамақ қиын.
3. Себеп-салдар: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
4. Шартты: Өзің келіп көр, бәрін түсінесің.
5. Түсіндірмелі: Қорыққаны сонша - орнынан тұра алмай қалды.
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі ой ыңғайлас, мезгілдес мағынада айтылған жалғаулықсыз құрмаластың түрі ыңғайлас салалас құрмалас деп аталады.
Құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің біріндегі ойға екіншісіндегі ой қарсы мағынада айтылған жай сөйлемдер тобы қарсылықты салалас құрмалас деп аталады.
Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің бірі оқиғаның себебін, екіншісі соның нәтижесін (салдарын) білдіретін салалас құрмаластың түрі себеп-салдар салалас деп аталады.
Құрмаласқа енген жай сөйлемдер арасында бір сөйлем екінші сөйлемнің шартын білдірсе, шартты салалас деп аталады.
Құрмаласқа енген жай сөйлемдердің бірі жалпы мәнде айтылып, екіншісі соны нақтылап, саралап тұратын құрмалас сөйлем түрі түсіндірмелі салалас деп аталады.
2. Салалас құрмаластың тыныс белгілері. Салалас құрмаластардың арасына үтір қойылады. Мысалы: Мұхит пен Кенбай айқайласа сөйлеседі, бірақ шамалы дауысты теңіз толқыны естіртер емес. Ал мынау өз бетімен тәрбиеленген, сондықтан ол қисық болып өскен.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлмеде «бірақ» жалғаулық шылауы түсіп калса, оның орнына сызықша қойылады. Мысалы: Бас болу оңай, - бастамақ қиын.
Себеп-салдар салаласта салдар мәндісі бірінші келгенде, одан кейін қос нүкте қойылады. Мысалы: Бұл колхоздың жүгерісі биыл бітік шықты: агротехникалық шаралар кезінде дұрыс қолданылған болатын.


4. Бақылау сұрақтары:
1. Жалғаулықсыз салалас, түрлері
2. Ыңғайлас салалас құрмалас .
3. Қарсылықты салалас құрмалас
4. Шартты салалас құрмалас
5. Түсіндірмелі салалас құрмалас
6. Себеп-салдар салалас құрмалас
7. Жалғаулықсыз салалас құрмаластардың тыныс белгілері


СӨЖ тапсырмалары: Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі (конспект)


Әдебиеттер:
1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы,1994
2.Қазақ грамматикасы.-Алматы, 2002
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы,1993
4.Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.-Алматы,1995
5.Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері.-Алматы,1941
6.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы,1999
7.Қордабаев Т.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.-Алматы, 1995
8.Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі.-Алматы, 1948
9.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы, 1982
23-лекция. Тақырыбы: Жалғаулықсыз салалас, түрлері


23-лекция. Тақырыбы:Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер
Жоспар:
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем, сыйыса айтылу жолдары
Жалғаулықсыз салалас, түрлері. құрмалас сөйлемдердің негізгі предикативтілік бөліктері тиянақсыз тұлғаға аяқталмайды әрі мұндай құрылымдағы сөйлем түрінде тек есімді баяндауыштан болатын сыңарларды жиі кездестіруге болады. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдерден басқа құрмалас түрінде сыңар баяндауыштарының тек есімді болып келуі жоқ: Теңіз көкпеңбек, құм-қайрақ жағасы алтындай сап-сары, төңірегі сыңсыған жасыл орман (Р.Тоқтаров). Әрине, жеке сыңар баяндауыштарының етістікті болып келуі де көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер үшін басы ашық жайт: Шалбары қара санына дейін су болыпты, сыртына шөп-шалам, балдыр жабысқан, аяғының басын көкшіл қоңыр лай қаптаған(М.Мағауин). Қазақ тіл білімінде көп компонентті құрмалас сөйлемдер туралы алғашқы пікір айтқан А. Байтұрсынұлы болатын. Ғалым мұндай құрылымдағы сөйлемдерді “өрнекті сөйлемдер” деп атап, оған мынадай анықтама береді: Өрнекті сөйлем деп құрмалас сөйлемнің бастары қосылып, кестелі болып құрылуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ текеметке, я кілемге салынған түр сияқты болғанмен, өрнек өрнегімен айтылады. Өрнекті сөйлемді айтқанда дауыс көтеріліп, төмендеп әнше оралып, қайырылып отырады. Сондықтан өрнекті сөйлем оралым деп аталады.
Үш немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралып, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, өзара теңдік қатынаста тұрып байланысқан көп компонентті құрмалас сөйлемнің түрін көп компонентті салалас құрмалас деп атаймыз. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемнің негізгі бөліктері өзара екі түрлі мағыналық қатынаста тұрады: 1) бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер, 2) әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер. Бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер дегеніміз - жеке сыңарларының аралығындағы мағыналық қатынастың біртектес болып келуінен түзілген сөйлем түрі. Демек, алғашқы екі сыңар аралығында болатын бір мағыналық қатынас (мезгілдік, түсіндірмелі, қарсылықты және т.б.) келесі сыңарлар аралығында да, болмаса бірінші сыңар мен соңғы сыңарларды өзара байланыстыруда да сақталады. Мысалы: Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ, айналаң тым-тырыс, тыныштық. Әрыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлем дегеніміз – жеке сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынастың әртүрлі мағыналық қатынаста келіп түзілуінен болған сөйлем түрі. Демек, алғашқы сыңар аралығында болатын мағыналық қатынасты келесі сыңарлар аралығында болатын мағыналық қатынас қайталамайды. Мысалы: Асқар бұл жөніндегі өзінің пікірін сол кездегі баспасөз бетіне жазды, оның жазған мақаласы басылды да, бірақ ол мақала арқылы шара қолданған үкімет жоқ (С.Мұқанов). Бұл сөйлемде алғашқы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас ыңғайластық та, соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас қарсылықты. Соңғы сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынас өзгеріп, басқа мінде тұруы да мүмкін. Немесе алдыңғы сыңарлар аралығындағы мағыналық қатынастың өзгеріске түсуі де қиындық тудырмайды.
Көп компонентті салалас құрмалас сөйлем құрамындағы сыңарлар тек үш жай сөйлемнің қосындысынан ғана тұрмайды. Олардың сандық дәрежесі артып отырады. Мұндай сөйлем төрт негізді, тіпті бес, алты және одан да жоғары санды болып келуі мүмкін. Сәдір өзі ат үстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт(Ғ.Мүсірепов) .


Бақылау сұрақтары:
1. Көп компонентті салалас құрмалас сөйлемдер
2.Бірыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
3. Әр ыңғай қатынастағы көп компонентті салалас құрмалас сөйлем
СӨЖ тапсырмалары:Мәтін-синтаксистің бір бөлімі (ғылыми талдау)


Әдебиеттер:
1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.-Алматы,1994
2.Қазақ грамматикасы.-Алматы, 2002
3.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы,1993
4.Есенов Қ. Құрмалас сөйлемнің синтаксисі.-Алматы,1995
5.Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері.-Алматы,1941
6.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-Алматы,1999
7.Қордабаев Т.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.-Алматы, 1995
8.Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі.-Алматы, 1948
9.Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары.-Алматы, 1982


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет