Жай сµйлемніњ ‰йірлі м‰шелері


Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері



бет65/85
Дата26.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#136885
түріЛекция
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85
Байланысты:
Лекция тезисі 2

Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері


Мезгілдес салалас сөйлем қазақ тілінде жазылған тұңғыш оқу құралынан, яғни А. Байтұрсынұлының «Тіл құралынан» бастап сөз болып келеді. Бұл еңбекте салаластың бұл түрі «қиысуы бірыңғай, біртектес жайылыңқы сөйлем» деп аталған. С. Аманжолов, Н. Сауранбаевтар авторлығымен 1939 жылы шығарылған «Қазақ тілінің грамматикасы» атты оқулықта «Тіркес салалас» деп аталып, «мұндағы ой бір-біріне тіркесе айтылады» деп анықтама берілген. Бұдан кейінгі жылдардағы зерттеулерде салаластың бұл түрі бірде «ыңғайлас», бірде «мезгілдес» деген атаумен аталып келеді. 1961 жылғы Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» оқулығынан бастап «мезгілдес салалас» деген атау тұрақталды.
Предикатив сыңарлары ыңғайлас, біртектес оқиға, құбылыстарды не бір мезгіл ішінде жүзеге асып жатқан іс-әрекеттерді бейнелейтін салалас сөйлемнің түрін мезгілдес салалас деп атаймыз. Мезгілдес салалас сөйлем құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен да, де, және, әрі жалғаулықтары арқылы да, жалғаулықсыз да құрмаласады. Мысалы: Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және түстері жүдеу, ашаң тартып сұрланған, киімдері жыртық екі-үш орта жасты адам бар (М.Әуезов). Осыдан кейін қалай қимылдайтындарын түсінісіп алды да, Байжан көк жорғамен ілгері асып кетті (Ғ.Мүсірепов). Қаңтарулы аты қасында, қамшы мен шылбыр белінде (Ғ.Мүсірепов). Әбіштің сөздерінде әрі саяси шеберлік бар, әрі Семейдің үркек, қорқақ чиновниктерін сескендіру де бар (М.Әуезов).
А. Байтұрсынұлы еңбектерінде себептес салалас деген сөйлем түрі жоқ. Салаластың осы түріне жатқызылуға тиісті сөйлем «себеп пысықтауыш бағыныңқы» деп аталған. Салаластың аталмыш түрі 1936 жылы жарияланған оқу бағдарламасында тұңғыш рет сөз болады.
Себептес салалас сөйлем деп компоненттері бір-бірімен себептестік қатынаста тұратын құрмалас сөйлемді айтады. Себептес салалас сөйлем өйткені, себебі, сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтардың дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Бұл мәжіліс жаздай асыл аға, үлкен ұстаз болған Біржан мен Тобықты жасының айрылар мәжілісі еді, сол себепті өзге әнші жастардың бәрі де өз өнерін көрсетпек керек. Екі жас жігіттің мезгілсіз, түнделетіп жүргені сезікті көрінеді, бұлар Тезектің Қарашоқысын бауырлап жазықпен тартты (М.Әуезов).
Себептес салаласты байланыстыратын жалғаулықтарды мағына жағынан 2 топқа бөлуге болады. Егер құрмаластағы екі компонент сондықтан, сол себепті жалғаулықтарымен байланысса, алғашқы компонентте іс-оқиғаның себебі, соңғысында соның салдары беріледі. Ал екі компонент өйткені, себебі жалғаулықтарымен байланысса, алғашқы компонентте іс-оқиғаның салдары баяндалып, соңғысында оның себебі баяндалады.
Компоненттеріндегі іс-оқиға бір-біріне қайшы мәнде тұратын салалас сөйлемнің түрі қазақ тілінде жарық көрген алғашқы зерттеулерден бастап сөз болып келеді. А. Байтұрсынұлы еңбегінде салаластың бұл түрі “қайырыңқы салалас” деп аталып, оған “соңғысы алдыңғы сөйлемге қарсы мағыналы болып қиысады” деген анықтама берсе, 1936 жылы жарық көрген оқу бағдарламасында салаластың бұр түрі “ереуіл салалас” деп аталған да, ол бірақ, сонда да, сөйтсе де, дегенмен, қайта деген дәнекерлер арқылы жасалады деп анықтама берілген.
Қарсылықты салалас сөйлем деп құрамындағы компоненттерінің мағыналары бір-біріне қарама-қарсы келетін салаластың түрін айтамыз. Салаластың бұл түрі бірақ, дегенмен, алайда, сонда да, солай болса да, сөйтсе де, әйткенмен, әйтпесе деген жалғаулықтардың дәнекерлігі арқылы да, жалғаулықсыз да жасалады. Мысалы: Кіршіксіз таза көңілдің бар қиялы осы ғана, бірақ екеуінің арасына өмірдің үлкен бөгеттері, қарсылығы кеп төнді. Ербол алып қашты, бұл жолы “қой” алу оңай болған жоқ (М.Әуезов).
Қарсылық мәндегі жалғаулықтардың бір-бірінен мағыналық айырмашылығы жоққа тән, олар бірінің орнына екіншісі қолданыла алады. Компоненттері жалғаулықсыз байланысқан қарсылықты салаластың көпшілігіне жалғаулықты қойып айтуға да болады. Қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында ешқандай өзгешелік жоқ, бұл екеуі қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем компоненттерінің құрмаласуындағы 2 түрлі тәсіл ғана.
Үнемі жалғаулықты қолданылатын салалас сөйлемдерге талғаулы және кезектес салаластар жатады. Компоненттеріндегі іс-әрекет, жай-күйлер таңдалып, сараланып, бірі болмаса, бірі орындалатыны сұрыпталып берілетін құрмалас сөйлемдер талғаулы салалас деп аталады. Салаластың бұл түрі А. Байтұрсынұлы еңбегінде “айырыңқы салалас” деп аталса, Қ. Жұбановтың басқаруымен 1936 жылы шығарылған мектеп бағдарламасында “талғама салалас” деп аталған. Талғаулы салаластың мағыналық жағынан да, жасалуы жағынан да бір ізге түсуі 1939 жылы шығарылған “Қазақ тілінің грамматикасы” атты оқулықтан басталады. Іс-әрекеттің бірі болмаса бірі міндетті түрде орындалатынына әр сыңар сайын қайталанатын жалғаулықтардың рөлі ерекше, егер олар болмаса сөйлем өз мәнінен айрылып, белгілі мақсатқа құрылған ой бейнеленбеген болар еді. Талғаулы салаластарды жасауға сол мәнді туғызушы жалғаулықтар тобы қатысады. Ондай жалғаулықтарға: не, немесе, не болмаса, я, яки, әйтпесе, әлде, мейлі жатады. Мысалы: Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмарлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады (М.Әуезов).
Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердің мағынасынан байқалатын іс-әрекеттің бірінен соң бірі кезектесіп болып отыратындығын білдіретін салалас құрмалас сөйлемді айтамыз. Кезектес салалас сөйлем компоненттері бір-бірімен бірде, біресе, кейде деген кезектестік мәндегі жалғаулықтар арқылы құрмаласады. Мысалы:
Кезектес мәндегі жалғаулықтардың бір-бірінен айтарлықтай мағына өзгешеліктері жоқ, сондықтан олар бірінің орнын екіншісі ауыстыра береді және ондай ауыстырудан сөйлем мағынасына ешқандай нұсқан келмейді.
Салыстырмалы салалас сөйлем құрмаластың бір түрі ретінде
Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» (1961) оқулығынан бастап қолданылып келеді. Үнемі жалғаулықсыз қолданылатын салаластың бұл түріне антитеза немесе аналогия ретінде алынған 2 түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын сөйлемдер жатады. Олар негізінен мақал-мәтелді сөйлемдерді жиі кездеседі. Мысалы: Тозар елдің жанжалы бітпес, озар елдің арманы бітпес. Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас.
Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мәнде айтылады да, кейінгі компонентте оның мәні, себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Түсіндірмелі салалас алғашында іліктес, анықтамалы болып әртүрлі аталып келді. Жасалу жолдары:

  1. Алғашқы компонентінің баяндауыштары сол, сондай, сонша есімдік, үстеу сөздерінің қатысы арқылы жасалады.

  2. Алғашқы компонентінің құрамында мынадай жалпылауыш сөзі қолданылады. Кейде ол сөз жасырын тұруы да мүмкін.

  3. Алғашқы компонентінің баяндауыштарында түсіндірмелі мәндегі есім, етістік сөздер де қолданылады.

Мысалы: Балалар ол ұяға барудың да әдісін табады: сирағын қияққа тілдірмеу үшін олар аяғына жас қоғажайдан етік өріп алады, қолына қоғажайдан қолғап өріп киеді
(Мұқанов).
Құрамындағы жай сөйлемдерінің мағыналары өзара шарттас болып келетін салалас құрмалас сөйлем шартты салалас деп аталады. Шартты салалас сөйлемдер 2-компоненттегі әрекеттің болу-болмауына 1-компоненттегі әрекет шарт болып келеді. Мысалы: Осыдан келіп көр, жазаңды менен аласың (С.Мұқанов). Бермесің бар, ол кедейді неге әуре қыласың (Б.Майлин).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет