Сынып жетекшісі бала тәрбиесі бойынша психологиялық, әдістемелік білімдерін жетілдіреді.
|
Сынып жетекші өз жұмыс жоспарын оқушылардың өзара қарым-қатынасын диагностикалау арқылы құрады (сынып белсенділерін, көшбасшыларды, кіші топтарды және «тәуекел» тобына енетін оқушыларды психолог көмегімен анықтайды). Сыныптағы өзекті мәселелерді көре білуі қажет.
|
Сыныптағы әр оқушыға оқушы бейнесін айқындайтын нақты мінездемелер бере отырып, сыныппен алда атқарылатын тәрбие жұмыстарын мектептің оқу-тәрбие жоспарымен сәйкестендіріп жоспарлайды.
|
Халқымыздың бай әдеби мұраларын пайдаланып, ата-баба салтының ең ұтымды тұстарын бала тәрбиесінде кеңінен пайдаланады.
|
Тәрбие сағаттарын, сыныптан тыс шараларды мерзімінде жүйелі түрде өткізіп, талдап, құжаттарын жинақтайды.
|
Сынып оқушыларының тәрбие деңгейін анықтауға арналған балдық жүйені оқушыларға дұрыс, жетік түсіндіріп жұмыстанады.
|
Сынып жетекшісі өз жұмысының нәтижелігін бағалауға арналған мониторингті жүйелі түрде жүргізеді.
|
Педагогтік әдеп нормаларын сақтайды.
|
Сынып бойынша Тәуекел топты анықтап, олармен жүргізілетін профилактикалық іс-шараларды жоспарлап, мектеп психологымен, әлеуметтік педагогпен, мектептен тыс мекемелермен, ата-аналармен серіктестікті дұрыс жолға қояды.
|
Сынып жетекшісі оқушыларының сабаққа кешігуі, сабақ жіберуінің себептері жөнінде толық мағлұматқа ие болуы және себепсіз сабақ қалдырмауларын қамтамасыз етуі тиіс.
|
Сынып жетекшісі сынып оқушылары мен сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің өзара қарым-қатынасы туралы толық хабардар болып, кездескен ахуалдарды уақытылы шешіп отырады.
|
Оқушылар арасындағы қарым-қатынастардағы келіспеушіліктерді анықтайды және татуластыру жұмыстарын нақты мақсатпен ұйымдастырады.
|
Мектеп психологымен, әлеуметтік педагогпен бірігіп балалардың күйзеліске ұшырауын бодырмау мақсатында тест жұмыстарын, сауалнамаларды, баяндамаларды, тренингтерді жоспарлы жүргізеді.
|
Сынып жетекшісі өз сыныбындағы оқушылардың білім сапасын қадағалап, оқушы білімін көтеру мақсатында сыныпқа сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен жүйелі жұмыстанады.
|
Оқушылардың жеке іс-қағаздарын қажетті деңгейде жүргізеді.
|
Апта сайын сынып оқушыларының күнделіктерін тексереді. Оқушылардың оқулықтарды ұқыпты ұстауларына, күнделікті дұрыс толтыруына, барлық пәндер бойынша бағаларын қойдыруына, ата-ананың күнделік арқылы баласының үлгерімін қадағалауына көңіл бөледі.
|
Сынып жетекшісі оқушыларды, әсіресе тәртібі нашарлау оқушыларды таңдауы бойынша түрлі үйірмелерге, секцияларға, музыкалық сыныптарға тартып, қосымша білім беру педагогтарымен келісіп бос уақыттарын тиімді ұйымдастырады.
|
Сынып белсенділерінің құрамын анықтап, өзін-өзі басқару жұмыстарын ұйымдастырады.
|
Сынып жетекшісі оқушылардың денсаулығы жөніндегі мәліметпен толық танысып, анықтамаларды жинақтайды. Ата-анамен және мектеп дәрігерімен үнемі байланыста болады. Оқушы денсаулығын нығайту бағытында көптеген мәліметтер, мағлұматтар, ақпараттар беріп жүреді.
|
Оқушыларының жеке басының және бекітілген сынып бөлмесінің тазалығын, гүлдендірілуін, мектеп мүлкінің бүлінбеуін, екінші аяқ киімдерінің тазалығын үнемі қадағалайды.
|
Әлеуметтік педагогпен бірлесіп ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге мұқтаж оқушыны тегін тамақтанатын оқушылар тізіміне қосады.
|
Оқушы тұлғасының калыптасуына көмектеседі, оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасайды.
|
Сынып оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар береді, болашақ мамандығын таңдау жөнінде саналы көзқарас қалыптастырады.
|
Ашық тәрбиелік шараларды ұйымдастырады, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысады және басылымдарда мақалаларын жариялайды.
|