Кәмелетке толмағандарды аутодеструктивті мінез-құлық бойынша «Тәуекел топқа» іріктеп алу өлшемдері
«Тәуекел топтағы» оқушылар – бұл педагогтар тарапынан ерекше көңіл бөлуді талап ететін санаттағы балалар тобы. Оларға әр түрлі өлшемдер (критерий) арқылы 4 топқа бөлінетін барлық оқушыларды жатқызуға болады.
Бірінші топ – ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР
1. Ішкі ағзаларының созылмалы ауруы бар; -
2. Есту, көру, сөйлеу мүшелерінің мәселелері бар;
3. Жиі және ұзақ ауыра береді;
4. Психоневропотологта есепте тұрады;
5. Ауыр дәрігерлік отаны басынан өткізген;
6. Стресс алған.
Екінші топ – ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕМДЕР
1.Асоциалды отбасында тұрады (балаға дұрыс көңіл бөлмеу немесе агрессиялық қатынас);
2. Отбасы құрылымының бұзылуы (толық емес, тек формалды түрде толық, яғни бала тәрбиесімен ата-анасының біреуі ғана айналысады, өгей әке, өгей ананың пайда болуы және т.б.);
3. Аз қамтылған отбасында тұрады;
4. Ата-анасы ішімдік ішеді немесе есірткі қолданады;
5. Босқындар, оралмандар отбасынан (бейімделу және тіл меңгеру мәселелері);
6. Тұрғылықты жерін, мектепті, сыныбын ауыстырудағы бейімделу мәселелері;
7. Өз бетімен үйден кету.
Үшінші топ – ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР
1. Оқу үлгерімі нашар;
2. Сабақты себепсіз көп босатады;
3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады;
4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.
Төртінші топ – МІНЕЗ - ҚЫЛЫҚТЫҚ КРИТЕРИЯЛЫ ӨЛШЕМДЕР
1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар (өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік, өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, адуындық, қорқақтық, ызақор, шектен шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету);
2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау (материалдық пайда табу үшін жасалған ұсақ құқықбұзушылықтар, істер (ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету)
3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері (жағдайсыз, формалды емес, референттік топ, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-керістер, төбелестер, анти- және асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу);
4.Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар (отбасылық тәрбиелеудің жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету, ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.);
5. Психобелсенді заттарды қолдану (токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік, соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау);
6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады).
Достарыңызбен бөлісу: |